Тақырып 4: Нарықтық мүмкіндіктерді талдау
Сабақтың мақсаты – білім алушыларға нарық туралы ақпарат беру, бәсекелестер, нарықтық орта, тұтынушылар жайлық ақпарат алудың әдістерін үйрету.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,9,10,12,13,15,16
№ 4 Тапсырма (БАОӨЖ)
А. Шағын және орта бизнестің инфрақұрылымының экономикалық мәні мен соңғы нәтижеге әсерін сипаттаңыз.
В. Шағын және орта бизнесті қолдау орталықтары және олардың қызмет ету механизмін түсіндіріңіз.
С. Бизнес-инкубаторлар және олардың мақсаты мен міндеттерін ашып көрсетіңіз.
D. Лизингтік және факторингтік операцияларды қолдану ерекшеліктері деген тақырыпта пікірталас өткізу.
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары.
№ 4 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.
Бағалау критериі: максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, мысаладармен және өз уақытында орындалуы тиіс.
Бақылау нысаны: Сұрау, талқылау, пікірсайыс.
Максималды балл 100.
№ 4 тақырып бойынша дәрістерде ұсынылған әдебиеттерді және өзге де дереккөздерді (интернет, мерзімді басылымдар, статистикалық жинақ) пайдаланыңыз.
Тақырып 5: Кәсіпкерлік қызметтегі маркетингтік кешен
Сабақтың мақсаты – білім алушыларға кәсіпкерлік қызметтегі маркетингтік кешен, маркетингтік зерттеу, талдау, тауар, баға, жарнама, тұтынушылар туралы білім беріп, PEST сараптама, SWOT талдауды үйрету.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,9,10,12,13,15,16
№ 5 Тапсырма (БАОӨЖ)
А. Сіз айына тауар немесе қызметтің қанша көлемін сатуды жоспарлап отырсыз?
Өзіңіз таңдаған нарықтың қандай үлесін алмақсыз?
В. Клиенттеріңіз неге Сізді таңдайды және неліктен?
С. Кәсіпкер PEST сараптамасы барысында нені ескеруі қажет?
D. Өз бизнесіңіз үшін SWOT талдау жасаңыз?
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары.
№ 5 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.
Бағалау критериі: максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, мысаладармен және өз уақытында орындалуы тиіс.
Бақылау нысаны: Сұрау, есептер шығару, презентация
Максималды балл 100.
№ 5 тақырып бойынша дәрістерде ұсынылған әдебиеттерді және өзге де дереккөздерді (интернет, мерзімді басылымдар, статистикалық жинақ) пайдаланыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |