Білім беру бағдарламасы күндізгі Қызылорда 2022


Тақырып 8: Кәсіпкерлік қызметтің қаржылық ортасы



бет62/72
Дата12.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#67179
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72
Байланысты:
umk kasipkerlik 2022 2

Тақырып 8: Кәсіпкерлік қызметтің қаржылық ортасы

Сабақтың мақсаты – білім алушыларға кәсіпкерлік қызметке қаржы тартудың көздері, қаржыны бөлу, тарату, қаржылық көрсеткіштердің тиіміділігі, несие тарту, несиені есептеу, қайтару әдістерін үйрету.




Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,9,10,12,13,15,16
8 Тапсырма (БАОӨЖ)

А. Кәсіпкерлік қызметке қаржы тартудың экономикалық мәні және маңызын ашып сипаттаңыз.


В. Қаржы тарту түрлері және бағалау әдістемелеріне экономикалық сараптама жасаңыз.
С. Шағын кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселесіне экономикалық талдау арқылы нақты ұсыныстар жасаңыз.
D. Шағын бизнеске инвестиция тарту ерекшеліктері деген тақырыпта пікірталас өткізу.
Е. Топ студенттері бірнеше топқа бөлініп «Бизнестің инвестициялық тартымдылығын арттыру» деген тақырыпта презентация жасауы тиіс.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары.


№ 8 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.


Бағалау критериі: максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, мысаладармен және өз уақытында орындалуы тиіс.


Бақылау нысаны: Сұрау, талқылау, презентация


Максималды балл 100.


№ 8 тақырып бойынша дәрістерде ұсынылған әдебиеттерді және өзге де дереккөздерді (интернет, мерзімді басылымдар, статистикалық жинақ) пайдаланыңыз.


Тақырып 9: Кәсіпкерлік қызметте шығындар сметасын есептеу тәртібі




Сабақтың мақсаты – кәсіпкерлік қызметтегі шығындарды есептеу, өнімнің өзіндік құны, ақшалай бюджетті қалыптастыру, шығындар сметасын жасау әдістерін үйрету.


Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,9,10,12,13,15,16

9 Тапсырма (БАОӨЖ)


А. Шығын түсінігін, экономикалық мәнін және түрлерін сараптаңыз.


В. Шағын және орта бизнесте шығындар сметасын құрудың ерекшеліктерін
қарастырыңыз.
С. Шығындарды төмендету тетіктерін экономикалық тұрғыда негіздеңіз.
D. Топ студенттері бірнеше топқа бөлініп «Шығындарды төмендету және басқару жолдарын анықтау» деген тақырыпта презентация жасауы тиіс.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары.


№ 9 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.


Бағалау критериі: максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, мысаладармен және өз уақытында орындалуы тиіс.


Бақылау нысаны: Сараптау, талқылау, презентация


Максималды балл 100.


№ 9 тақырып бойынша дәрістерде ұсынылған әдебиеттерді және өзге де дереккөздерді (интернет, мерзімді басылымдар, статистикалық жинақ) пайдаланыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет