Білім беру бағдарламасы «Консерві және тағамдық концентраттар технологиясы»


Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы



бет7/9
Дата10.11.2022
өлшемі341,61 Kb.
#49080
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Аружан курстық жұмыс

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
Еңбекті қорғау– бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын қамтамасыз ету.
Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi мемлекеттік нормативтiк талаптар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгіленедi және олар қызметкерлердiң еңбек қызметi процесінде өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған қауiпсiздiк талаптарынан, ережелерден, рәсiмдерден тұруға тиіс.
Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарға қабылдау кезiнде жұмыс беруші қызметкердi кәсiби аурудың туындау мүмкiндігі туралы ескертуге мiндеттi.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі принциптер мыналар болып табылады:
1)өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
2)қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;
3)қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік беруі;
4)нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;
5)еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;
6)уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген iс-қимылдарды қамтамасыз ету;
7)еңбек қауіпсiздiгiнің және еңбекті қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;
8)мемлекеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлеуге, еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргiзуге мемлекеттiң қатысуы;
9)қызметкерлер өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөніндегi мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыруға, еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау нормаларынан тұратын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуы.
Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық - жұмыс берушінің өндірістік орындарда, кәсіпорын аумағында, құрылыс алаңдарында, көлік құралдарында және ұйымның осы жұмыстар жүргізілетін немесе қызмет міндеттері орындалатын өзге де орындарында жұмыстар атқару кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында заңдардың қолданылуын нақтылайтын актісі.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеуді жұмыс беруші учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы әрбір кәсіп үшін тұтастай сияқты, жұмыстың жекелеген түрлері (биіктіктегі жұмыс, сынақтар мен т.б.) мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі үшін немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман (бұдан әрі - жауапты тұлға) жасайтын тізбеге сәйкес жұмыс орындарына арнап ұйымның мүдделі құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады.
Жеке гигиена
Тамақ өнімдерін олармен жұмыс істейтін персоналдың ластауына немесе ластануына жол бермеу үшін персонал келесі мәселелер бойынша нұсқауларды қатаң сақтауы керек:
-денсаулық жағдайы;
-ауру және жарақат;
-гигиена қызметкерлері;
-персоналдың мінез-құлқы;
-қол гигиенасы;
-зергерлік бұйымдардың жетіспеуі;
-оқшауланған шаш пен сақал;
-таза жұмыс киімдері;
-өндірістен оқшауланған бөлмелерде киім мен жеке заттарды сақтау.
Қызметкерлер келесі жағдайларда жұмыс істеуге рұқсат етілмейді:
-диарея;
-температура, вирустық аурулар (ЖРВИ, коронавирус және т.б.);
-жүрек айнуы;
-терінің ашық зақымдануы.
Жұмыс орындарының қауiпсiздiк талаптары:
1.Жұмыс орындары орналастырылған ғимараттар (құрылыстар) өзiнiң құрылысы бойынша функционалдық мақсатына және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2.Жұмыс жабдығы оның осы түрiне белгiленген қауiпсiздiк нормаларына сәйкес келуге, оның тиiстi сақтандыру белгiлерi болуға және жұмыс орындарында қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қоршаулармен немесе қорғаушы құрылғылармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
3.Авариялық жолдар мен қызметкерлердiң үй-жайдан шығу жолдары бос болуға және қауiпсiз аймаққа шығаруға тиiс.
4.Жұмыс сипатына қарай қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн жұмыс орындары тәуекел дәрежесi ескерiле отырып, дәлме-дәл белгiленуге және оларға бөгде адамдардың кiруiн болғызбайтын (шектейтiн) құрылғылармен жарақтандырылуға тиiс.
Ұйым аумағында жаяу жүргiншiлер мен технологиялық көлiк құралдары қауiпсiз жағдайларда қозғалуға тиiс.
5.Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде (учаскелерде), оның iшiнде биiктiкте, жерасты жағдайларында, ашық камераларда, теңiз қайраңдарында және iшкi су тоғандарында жұмыстар жүргiзуi үшiн қызметкерлердiң жеке қорғану құралдары болуға тиiс.
6.Жұмыс уақытында жұмыс орындары орналасқан үй-жайдағы температура, табиғи және жасанды жарық беру, сондай-ақ желдету қауiпсiз еңбек жағдайларына сәйкес болуға тиiс.
7.Жұмыскерлер зиянды еңбек жағдайлары бар (шаң-тозаңдалған, газдалған және басқа да факторлар) жұмысқа жұмыс берушi қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз еткеннен кейiн жiберiледi.
8.Жұмыс орындарындағы шу және тербелiс деңгейi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сәйкес болуға тиiс.
9. Егер еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес еңбек қауiпсiздiгi мен еңбек гигиенасының шарттары талап етсе, жұмыскерлерге демалыс бөлмесi немесе тиiстi демалу аймағы берiлуге тиiс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет