Білім беру бағдарламасы «Консерві және тағамдық концентраттар технологиясы»



бет8/9
Дата10.11.2022
өлшемі341,61 Kb.
#49080
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Аружан курстық жұмыс

Қорытынды
Жаңа піскен жемістер мен көкөністер және оларды өңдеу өнімдері адам тамақтануында кең орын алады. Жемістер мен көкөністердің пайдалы қасиеттері оның химиялық қасиетіне негізделген.
Жаңа піскен жемістер мен көкөністердің тағамдық құндылығы онда көмірсулар, органикалық қышқылдар, илекті заттар, азотты заттар және минералды заттар, сонымен қатар витаминдердің болуына негізделген. Жемістер мен көкөністер тәбетті арттырады, басқа тамақ өнімдерінің сіңімділігін жоғарылатады. Кейбір жемістер мен көкөністер емдік қасиетке ие (таңқурай, қара қарақат, жүзім, қаражидек, бүлдірген, анар, сәбіз және т.б.), бұл оның құрамында адам организмінде белгілі бір физиологиялық роль ойнайтын илек заттар, бояғыш және пектин заттары, витаминдер, фитонцидтер және басқа қосылыстар болуымен түсіндіріледі. Көптеген жемістерде организмнен радиоактивті элементтерді байланыстырып шығаратын антибиотиктер мен сәуле қорғағыш заттар (антирадианттар) болады. Белгілі бір заттардың жемістер мен көкөністерде болуы оның соортына, жетілу дәрежесіне, өсу жағдайына және басқа факторларға байланысты .
Консерві өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің артуы өндірісті ұйымдастырудың, жекелеген операцияларды механикаландырудың жоғары деңгейінің және осы негізде автоматтандырылған желілерді құру есебінен болады. Консерві өндірісінің одан әрі өсуі тек егістік жерлердің көбеюімен ғана емес, сонымен қатар оның өнімділігінің артуымен де болады. Тәтті жеміс консерві шаруашылығы одан әрі дамиды, өнеркәсіптік негізде консерві өндірісі кеңейеді. Консерві кешендерін салу бойынша шаралар қабылдануда.
Жеміс-көкөніс консервілерін өндіру және тұтыну нарығына жеткізу халық үшін үлкен маңызға ие, өйткені олар еңбек шығындары мен оларды үйде дайындауға кететін уақытты едәуір азайтады. Сонымен қатар, консервілеу өнеркәсібінде заманауи технологияларды қолдану жоғары сапалы өнімдерді кең ассортиментте өндіруге және халықтың өсіп келе жатқан әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі жас маман ел болашағы. Қазіргі күнделікті өмірде адам көп тұтынатын тағамның бір түрі тәтті жеміс консервілері. Менің алға қойған мақсатым осы салада биік жетістіктерге жетіп Қазақстанның өркендеуіне үлес қосам дегенім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет