Білім беру бағдарламасы мамандық: 07160500 Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету


Бақылау әдістерін белгілеу арқылы тәуекелдерді бағалай білу



бет22/56
Дата28.11.2023
өлшемі488,19 Kb.
#130674
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56
3. Бақылау әдістерін белгілеу арқылы тәуекелдерді бағалай білу
Тәуекелді бағалау: бағаланатын нысандар/салалар, мысалы, машина жұмысы, жұмыс аймағы; бес қадам (негізгі қауіптер, шығын көретін/зардап шегетін кім, тәуекелді бағалау және сақтық тиімділігін анықтау, деректерді тіркеу, бағалауды талдау).
Бақылау шараларын қолдану: қажеттіліктен бас тарту (жобадан алып тастау), танылған үдерістерді пайдалану, заттарды қадағалау, қоршау құрылғысы, көтеру үдерісін бағалау және қолмен өңдеуді бағалау, тұрақты тексеру, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (ЖҚҚ), қызметкерлерді оқыту, денсаулыққа және қауіпсіздікке қатысты жеке үдерістер.


4. Жазатайым жағдайда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсете білу
Өндірістік жарақат, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар: тексеру, жазатайым жағдайларды есепке алу және талдау; жарақат, химиялық күйік, электрлік жарақат жағдайында алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету.


Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері

Осы модульді табысты аяқтағаннан кейінгі білім алушының оқыту нәтижелері

Бағалау критерийі
Білім алушы міндеттері

ОН1Денсаулық және еңбекті қорғау бойынша негізгі заңдар мен нормаларды түсінеді.



1.1 Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық талаптарын сақтау: Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесі (ЕҚСЖ); еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру.
1.2 Кәсіби қызметте еңбекті қорғау бойынша білімді қолдану

ОН2 Жұмыс орындағы қауіпті жағдайды қалай анықтау және бақылау қажет екенін біледі.

2.1 Технологиялық процестер мен жабдықтардың қауіпсіздік параметрлері мен ауытқуын анықтай білу;
2.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың адамға зиянды әсері мүмкіндігін бағалау

ОН3 Бақылау әдістерін белгілеу арқылы тәуекелдерді бағалай біледі

3.1 Қол құралдарын, электрлік құралдарды, пневмоқұралдарды таңдау және пайдалану;
3.2 Қол құралдарымен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау;
3.3 Жеке қорғаныс құралдарын қолдану;
3.4 Электрден қорғау құралдары мен сақтандыру құрылғыларын пайдалану;

ОН4 Жазатайым жағдайда алғашқы көмек көрсете білу

    1. Алынған жарақатқа тәуелді алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін таңдау.

    2. Электр тоғымен жарақаттанған жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсету;

    3. Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін меңгеру: қан тоқтату, жарақатты өңдеу, күйік және сынықта көмек көрсету, зардап шегушіні тасымалдау

ОН5 Байланыс желісіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету



3.1 Темір жолдарды техникалық пайдалану ережелерін, темір жолдардағы сигнал беру жөніндегі нұсқаулықтарды меңгеру.
3.2 Орталықтандыру және блоктау құрылғыларын техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды үйреу.
3.3 Қазақстан Республикасының сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтарды сақтау

ОН6 Өз міндеттерінің шеңберінде электрленген темір жолда түйіспелі желіні техникалық пайдалану мен құрылғы ережелерінің талаптарын орындау



4.1 Темір жол көлігі қызметкерлерінің жалпы міндеттерін, салалық және лауазымдық нұсқаулықтарды, еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен экологияны орындау
4.2 Темір жолдарды техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін нұсқаулықтар
4.3 Нормативтік құжаттардың талаптарын қолдану

ОН7 Электр қондырғыларын пайдалану қағидаларын және электр қондырғыларын орнату қағидаларын орындау

5. Электр қондырғыларын орнатуды монтаждауды үйрету және монтаждауды практикалық сабақтармен бекіту

ОН8 Өрт және электр қауіпсіздігін, қызметкерлердің қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғауды және өндірістік санитарияны сақтау

6. Еңбекті қорғауды және өндірістік санитарияны сақтауды меңгерту



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет