Білім беру бағдарламасы мамандық: 07160500 Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету


Локомотив шанақтарының жіктелуі. Шанақтар құрылысының принциптері



бет40/56
Дата28.11.2023
өлшемі488,19 Kb.
#130674
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56
Байланысты:
Білім беру ба дарламасы маманды 07160500 Темір жолды жылжымал (1)

6. Локомотив шанақтарының жіктелуі. Шанақтар құрылысының принциптері
Локомотив шанақтарының жіктелуі. Шанақтар құрылысының принциптері. Жолаушы локомотивтерінің шанақтары құрылысының принциптері. Локомотив шанағынан арбаша рамасына жүктемелер берілуі мүмкін: оның бүйір рамалармен мықты байланған орталық көлденең рамалары арқылы. Бұл әдіс буксалық рессорлы аспасы бар арбашаларда қолданылады; арбашада орналасқан, рессорларға еркін тіреліп тұрған арқалық арқылы. Мұндай әдіс ең бастысы локомотивтерде орталықтандырылған рессорлық аспасы бар арбашаларда қолданылады; арбаша рамасына шарнирлі ілініп , бойлай орналасқан табақ рессорларға тіреліп тұрған арқалық арқылы. Бұл іліну әдісі кеңінен таралмаған, себебі табақ рессорлар горизантал жүктемелерді серпімді қабылдай алмайды; бесікшеде орналасқан рессорларға тірелетін арқалық арқылы. Мұндай аспа барлық белгілі серпімді элементтерді қолдануға мүмкіндік береді және жолаушылар локомотивтерінің арбашаларында кеңінен қолданылады. Шанақтан рессор үстілік арқалығына жүктеме орталықтан берілуі мүмкін (шанақ өкшелігінен арбаша өкшелік астына) немесе бүйір тіреулері арқылы (сырғымалар). Өкшелік асты арқылы жүктеме берілгенде шанақ астында арбашаның еркін бұрылуы қамтамасыз етіледі. Бұл жолдың қисық бөлігін жүріп өтуді жеңілдетеді. Бүйір тіреулер арқылы жүктемелер берілгенде, шанақ рамасының сырғымалары мен арбаша рессор үстілік арқалығының арасында пайда болатын үйкеліс күштері арбашаның ирелең қозғалысын өшіруге мүмкіндік береді.


Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері

Осы модульді табысты аяқтағаннан кейінгі білім алушының оқыту нәтижелері

Бағалау критерийі
Білім алушы міндеттері

ОН1 Локомотив құрылысын, олардың тораптарының мақсатын, жұмыс істеу шарттары мен принциптерін сипаттау

1.1. Локомотив құрылымының түрін және үлгісін айқындайды.
1.2. Локомотив негізгі жүйесінің түрлері мен үлгілерін айқындайды.
1.3. Әр түрлі маркалы локомотив құрылымының ерекшелігін айқындайды

ОН2 Локомотивтердің техникалық-экономикалық сипаттамаларын салыстыру және талдау

2.1 Локомотивтердің жіктелуін сипаттайды.
2.2 Жүк локомотивтерінің жіктелуін сипаттайды.
2.3. Жолаушы локомотивтерінің жіктелуін сипаттайды

ОН3 Локомотивтердің құрылымдық, ерекшеліктерін үнемділік және сенімділік позициясынан анықтау

3.1 Локомотивтердің құрылымдық ерекшеліктері бойынша білімі бар.
3.2. Локомотивтердің габариттері бойынша білімі бар.
3.3. Локомотивтерге әсер етуші күштер бойынша білімі бар

ОН4 Тораптар материалдары мен тораптар бөлшектерінің сапасын анықтау

4.1. Өстер, ва локомотив типтерінің өстері құрылғысын сипаттайды.
4.2. Локомотивтердің рессорлы аспасы құрылғысын сипаттайды.
4.3. Серіппелер және табақ рессорлар құрылысы сипаттайды.
4.4. Доңғалақтар құрылысын сипаттайды

 ОН5 Техникалық және механикалық тұрғыдан әртүрлі мақсаттағы қондырғылар үшін материалды таңдау, оңтайлы шешімдерді табу

5.1. Соққылы – тарту құралдары сипаттайды.
5.2. Жұту аппараттары сипаттайды.
5.3. Арбашалардың қызметі және жіктелуін сипаттайды

ОН6 Бөлшектің мақсатына байланысты металдарды өңдеудің қажетті түрлерін анықтау

6. 1. Шанақ құрылғысын сипаттайды Шанақ құрылғысын сипаттайды сипаттайды.
6.2. Локомотивтердің шанақтарының жіктелуі. Шанақтар құрылысының принциптерін сипаттайды.

ОН 7 Тежеу негіздерін, тежегіштердің жіктелуін, вагондар мен локомотивтердің тежегіш жабдығының құрылысы мен жұмыс принципін, тежеу процестерін орындау

7.1. Тежегіштердің тағайындалуын айқындайды.
7.2. тежегіштердің арналымы түрлерін үлгілерін айқындайды.
7.3. Тежегіш маркаларын айқындайды

ОН 8 Локомотивтердегі бөлшектер мен тораптардың механикалық, электрлік және пневматикалық қарапайым және күрделілігі орташа тежегіш жабдықтарын жөндеу, тексеру және техникалық жай-күйін тексеру

8.1 Басқару құралдарын сипаттайды
8.2 Тежегішті басқару кұралдарының құрылысын сипаттайды
8.3. Пневматикалық және электропневматикалық тежегіштерді сипаттайды

ОН 9 Тежегіш жабдықтарын реттеу және сынау



9.1 Тежегіш жабдықтарын сынау бойынша білімі бар.
9.2. Жабдықтарды толық сынау жұмыстары.
9.3. Жабдықтарды қысқартылған сынау жұмыстарын білу

ОН 10 Нормативтік-техникалық құжаттаманы ресімдеу

10.1. Локомотивтерді қараушы слесарь ЛУ-45 формалы анықтаманы толтыру.
10.2. Нормативтік-техникалық құжаттаманы ресімдеу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет