КМ10 Тартқыш жылжымалы құрамды пайдаланудың экономикалық көрсеткіштерін талдау
Мақсаты және міндеті Аталған модуль білім алушыларға тартқыш жылжымалы құрамды пайдаланудың экономикалық көрсеткіштерін талдау және орындау туралы түсінік береді.
Модульге кіріспе Осы модуль білім алушыларға вагон шаруашылығындағы ұйымдастырулар мен жоспарлаулар, еңбек пен еңбек ақыны ұйымдастыру, өндіріс экономикасы, депоның өндірістік-қаржылық қызметін ұйымдастыру және жоспарлау, шаруашылық есеп, депоның өндірістік-қаржылық қызметіндегі есеп және талдау, вагондарды пайдалануды және оған техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, басқару қызметінің негіздері, басқару принципі мен әдістерінің негіздері, еңбек ұжымының жетекшісі, тұлға психологиясы, жетекшiнiң дербес жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру.
Оқыту нәтижелері Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1. Локомотивтерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді пайдалануды ұйымдастыру мәселелерін экономикалық тұрғыдан негізді шешу.
2. Локомотив депосы жұмысының көлемдік және сапалық көрсеткіштерін анықтау бойынша қарапайым техникалық-экономикалық есептерді орындау.
3. Өндірістік жұмыстардың экономикалық тиімділігін есептеу.
Модуль мазмұны
1.Өндірістік жұмыстардың экономикалық тиімділігін есептеу Өндірістік жұмыстардың экономикалық тиімділігін есептеу.Экономика және өндірісті басқару түсінігі. Көлік экономикасының мәні және міндеттері
Көлік экономикасының ролін бағалау.Көлік өнімдері және олардың ерекшеліктері. Көлік түрлерінің салыстырмалы сипаттамасы факторлары. Нарықтық экономика мақсаттары
2.Локомотивтерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді пайдалануды ұйымдастыру мәселелерін экономикалық тұрғыдан негізді шешу Еңбек пен еңбек ақыны ұйымдастыру. Теміржол инфрақұрлымын дамытудың ролі. Вагон шаруашылығының міндеті, вагон шаруашылығын басқару құрылымы. Еңбек өнімділігінің сапалы және мөлшерлік көрсеткіштері бойынша қарапайым технико-экономикалық есебін шығару. Локомотивтерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсету. Пайдалануды ұйымдастыру мәселелері және оларды экономикалық тұрғыдан негізді шешу.