Білім беру бағдарламасы мамандығЫ: 1302000 автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) Біліктіліктер



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата06.03.2017
өлшемі2,39 Mb.
#8383
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Оқыту нәтижелері
Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:

36
1.  Метрологиялық  зертхананы  ұйымдастыру  және  жабдықтары  туралы 
түсінігінің болуы.
2. Құралдарды тексеру, калибрлеу мен аттестаттау тәртібі және автоматика 
жүйесі туралы түсініктің болуы
3. Құралдар мен автоматтандыру құрылғыларының пайдалану-техникалық 
қызмет көрсетуді орындай алу.
Модуль мазмұны
1. Метрологиялық зертхананы ұйымдастыру және жабдықтары тура-
лы түсінігінің болуы
Зертханалар жеке ғимараттарда немесе оқшауланған бөлмелерде орналасуы 
керек. Зертхана бөлмелеріне қойылатын негізгі талаптар: а) тербелістердің, 
электрлік  кедергілердің  болмауы;  б)  жұмыс  орындарының  150  төмен  емес 
люксте жарықтандырылуы; в) ғимараттағы бөлмелердің температура 20±5
0
С 
және  салыстырмалы  ылғалдылық  50-80%  болуы  керек;  айнымалы  тоқ  көзі 
220±2В, барометрлік қысым 750±30 мм.сын.бағ.; г) зертханаларда резервтік 
құралдарды және қосалқы бөлшектерді сақтауға арналған қойма бөлемелері 
болуы қажет. Зертханада мемлекеттік метрологиялық қызмет органдарында 
тексерілген  өлшеудің  барлық  түрлері  бойынша  үлгілік  құралдарының  то-
лық кешені болуы керек. Зертханада нормативті-техникалық құжаттамалар, 
тексеру әдістері мен құралдары, техникалық шарттар, өлшеу құралдарының 
МЕМСТ мен техникалық құжаттамасы болуы қажет. Өлшеу құралдарын жөн-
деуге арналған қосалқы бөлшектер, сонымен қатар, өлшеудің тексерілген, үл-
гілік және жұмыс құралдарын ауыстыру үшін резервтік аспаптар болуы керек.
2. Құралдарды тексеру, калибрлеу мен аттестаттау тәртібі және автома-
тика жүйесі туралы түсініктің болуы
Өлшеу құралдарын тексеру – өлшеу құралдарының (ӨҚ) белгіленген тех-
никалық талаптарға сәйкестігін анықтау мен растау мақсатында мемлекеттік 
метрологиялық қызмет органы орындайтын операциялардың жиынтығы. 
Өлшеу құралдарын келесі тексеру түрлеріне түсіреді: 
а) алғашқы тексеріс – өндірістен ӨҚ шығару кезіндегі тексеріс; 
б)  мерзімді  тексеріс  –  мемлекеттік  метрологиялық  қызметпен  келісілген 
кесте бойынша уақыт аралығында пайдалану және сақтау кезіндегі тексеріс; 
в)  кезектен  тыс  тексеріс  –  құралды  ұзақ  сақтағаннан,  жөндегеннен  және 
баптағаннан кейін тексеру туралы куәлік жоғалғанда, тексеру белгісі, бітеуіші 
зақымдалған кездегі жүргізілетін тексеріс; 
г) инспекциялық – метрологиялық қадағалау органдары жүргізетін тексеріс.
Өлшеу  құралдарын  калибрлеу  –  өлшенетін  параметрдің  нақты  мәнін 
анықтау  мақсатында  мемлекеттік  метрологиялық  бақылау  мен  қадағалауға 
жататын ӨҚ калибрлеуші орындайтын операциялардың жиынтығы.
ӨҚ тексеру мен калибрлеу нормативті құжаттар талаптарына сәйкес жүр-
гізіледі (тексеру әдістері мен құралдары, бекітілген тексеріс сұлбалары, нұсқа-
улықтары мен тексеру әдістемесі).
3. Құралдар мен автоматтандыру құрылғыларының пайдалану-техни-
калық қызмет көрсетуді орындай алу

37
Метрология мен автоматика қызметі жүргізетін техникалық жұмыстар жоспар-
дан тыс және алдын ала жоспарлы болып бөлінеді. Жоспардан тыс жұмыстар өл-
шеу мен автоматтандырудың істен шыққан құралдарын ауыстыруға бағытталған. 
Алдын ала жоспарлы жұмыстарына: а) техникалық тексеру; б) ағымдағы және 
күрделі жөндеу; в) өлшеу құралдарын тексеру мен калибрлеу кіреді.
Пайдалану-техникалық қызмет көрсету екі жоспарлы жөндеу арасындағы 
жұмыстардың  барлық  кезеңі  бойында  жүргізіледі  және  оған  кіретіндер:  а) 
өлшеу құралдары мен автоматика жүйесінің жағдайын тексеру мақсатында 
тұрақты жүргізілетін техникалық қадағалау; б) профилактикалық жұмыстар 
зауыт нұсқаулығының талаптарына сәйкес жүргізіледі; в) ағымдағы қызмет 
көрсету кезекті жоспарлы жөндеуге дейінгі автоматтандыру аспаптары мен 
құралдарын  қалыпты  пайдалануды  қамтамасыз  ететін  минималды  жұмыс 
көлемін береді.
Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері
Осы модульді табысты аяқтаған-
нан  кейінгі  білім  алушының 
оқыту нәтижелері
Бағалау критерийі
Білім алушы міндеттері
ОН1 . Метрологиялық зертхана ұй-
ымы мен құрылғысы туралы түсіні-
гі болады.
1.1 Метрологиялық зертхана тағайын-
далуын түсіну
1.2  Зертхана  ғимараттарына  қойыла-
тын негізгі талаптарды білу
1.3  Метрологиялық  зертхана  жаб-
дықтарының  құрамы  мен  тағайында-
луын білу
ОН2  Құралдарды тексеру, калибр-
леу  мен  аттестаттау  тәртібі  және 
автоматика жүйесі туралы түсінік-
тің болуы. 
2.1  Тексеру  әдістері  мен  құралдарына 
нормативті-техникалық  құжаттаманы 
қолдана білу
2.2 Аспаптарды тексеру мен калибрле-
уді жүргізу дағдыларының болуы
2.3 Аспаптарды тексеру мен калибрлеу 
қорытындысы  бойынша  техникалық 
құжаттаманы құрастыру білу

38
ОН3 Құралдар мен автоматтандыру 
құрылғыларының  пайдалану-тех-
никалық қызметін орындай алуы.
3.1  Құралдар  мен  автоматтандыру 
құрылғыларының пайдалану-техникалық 
қызмет  көрсетуі  бойынша  жұмыстарды 
орындау үшін жұмыс орнын ұйымдасты-
ру білу
3.2 Өлшеу құралдары мен автоматтанды-
ру  жүйесінің  жағдайын  тексеру  мақса-
тында техникалық қадағалау жүргізу
3.3Зауыттық нұсқаулықтары талаптарына 
сәйкес алдын алу жұмыстарды орындау
3.4  Кезекті  жоспарлы  жөндеуге  дейін 
құралдар  мен  автоматтандыру  құрылғы-
ларын қалыпты пайдалануды қамтамасыз 
ету мақсатында ағымдағы қызмет көрсе-
туді жүзеге асыру
КМ.03 «Бақылау-өлшеу аспаптарын жөндеу»
Мақсаты және міндеті
Аталмыш  модуль  білім  алушыларға  жөндеу  қызметінің  ұйымдастыру 
құрылымы және құралдар мен автоматтандыру құрылғыларының жөндеу жұ-
мыстарының құрамы түсінігін береді.
Модульге кіріспе
Жөндеу  қызметінің  негізгі  міндеті:  аспаптар  мен  автоматиканың  барлық 
паркін жұмысқа қабілетті  жағдайда ұстау, жөндеудің жоғары сапасын қамта-
масыз ету және аспаптар мен автоматтандыру құрылғыларына ағымды қыз-
мет көрсетуге кететін уақыт шығынын азайту.
Өлшеу құралдарын жөндеудің үш деңгейлі жүйесі бар: 
1. Жөндеу-тексеру зертханалары көмегімен пайдалану орнында; 
2. Жөндеу учаскелерінде; 
3. Өлшеу құралдарының жөндеу зауыттарында немесе өндіруші зауыттарда.
Істен  шығу  сипатына,  қалпына  келтіру  еңбек  сыйымдылығы  мен  ресур-
старды өңдеу дәрежесіне
 
байланысты: ағымдағы, орташа және күрделі жөн-
деу түрлері болып бөлінеді. 
1.  Ағымдағы  жөндеуге  жататындар:  жабдыққа  күрделі  диагноз  қоймай 
жиынтығын ауыстыру жолымен жеке ақаулықтарды жою  жұмыстары. Бұл 
нормаланған мәнге дейін сипаттарын жеткізу үшін ӨҚ реттеу бойынша күр-
делі емес операцияларды орындау. 
2. Орташа жөндеу – ағымдағы жөндеудің жұмыстары, сонымен қатар, ақау-
лықтар мен баптауларды жоюмен құралдардың барлық құрамдас бөліктерінің 
техникалық жағдайын кейін тексерумен ӨҚ ресурсын біртіндеп қалпына кел-
тіру үшін элементтерін алмастыру немесе қалпына келтіру бойынша көп ең-
бекті қажет ететін операциялар кіреді.
3.  Күрделі  жөндеу  –  аспапты  толықтай  бөлшектейді,  әрбір  тетіктің,  эле-
менттің, құрылымның техникалық жағдайын анықтайды. Күрделі диагности-

39
калық жабдықтарды талап ететін қатты бүлінулер мен істен шығуларды жо-
яды, істен шыққан элементтер мен құрамдас бөліктерді қалпына келтіру мен 
ауыстыруды, баптау және реттеу және кейінгі сынақтар өткізу. 
Жөндеуді орындау әдісі бойынша ажыратады: 
1. Жете жөндеу әдісі – жиынтық элементтерді ӨҚ ауыстыру жолымен қал-
пына  келтіру.  Әдістің  кемшілігі  жөндеудің  ұзақ  уақыты,  диагностикалық 
құрылғының  күрделілігі,  жұмыскерлер  біліктілігіне  қойылатын  жоғары  та-
лаптар, іздеу әдісі мен ақаулықтарды жою сипаты бар жөндеу құжаттамасы-
ның қажеттілігі болып табылады; 
2. Агрегаттық – істен шыққан агрегаттарды (тораптарды, тақталарды, блок-
тарды) жаңа немесе жөнделгендермен ауыстыру. Артықшылықтары: жөнде-
удің  минималды  уақыты,  технологиялық  құрылғының  қарапайымдылығы, 
жөндейтін  қызметкердің  біліктілігіне  қойылатын  жоғары  емес  талаптар. 
Кемшіліктері: қосалқы бөлшектердің (тораптар, блоктар) жоғары құны.
Жөндеу аяқталған соң формулярға және басқа да нормативті құжаттамаға 
белгі қойып аспапты тексеруге жібереді.
Оқыту нәтижелері
Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1. Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы білу.
2. Жөндеуші-слесарлардың жұмыс орындарын жабдықтау туралы білу.
3. Құралдарды жөндеуге техникалық құжаттаманы ресімдеуді білу.
4. Құралдар мен автоматтандыру құралдары бойынша жөндеу жұмыстары-
ның жекелеген түрлерін орындай білу.
Модуль мазмұны
1. Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы білу
Өлшеу құралдарын жөндеу бойынша (ӨҚ) қызметті жүзеге асыру барысын-
дағы лицензиялық талаптар: а) сәйкес құрылғылардың болуы және белгілен-
ген техникалық талаптар мен стандарттарға сәйкес ӨҚ жөндеуді қамтамасыз 
ететін өндірістік технологияны сақтау; б) тексеруге жатпайтын жөнделген ӨҚ 
мемлекеттік  метрологиялық  бақылау,  қадағалау  және  алғашқы  калибрлеуді 
орындау саласында қолданылатын, жөнделген  ӨҚ алғашқы тексеруді орын-
дау  үшін  ұйымдастыру  мен  техникалық  мүмкіндіктердің  болуы;  в)  норма-
тивті-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес өндірісте жөндеу жұмыста-
рын жасау үшін бөлме қажеттіліктердің болуы; д) жеке кәсіпкерлердің және 
заңды тұлғадағы жұмыскерлердің мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе 
кәсіпорында мемлекеттік метрологиялық қызмет өкілінің қатысуымен білік-
тілікті көтерудің арнайы курстарында жөндеу мен дайындау бойынша өткен 
немесе қайта даярлау жағдайы кезінде жоғары немесе орта кәсіби-техника-
лық білімінің, не жоғары немесе орта кәсіби білімінің болуы.
2. Жөндеуші-слесарлардың жұмыс орындарын жабдықтау туралы білу
Слесарь-жөндеушілердің жұмыс орны келесілермен жабдықталуы қажет: 
1. Арнайы сұлбамен; 2. Электрондық пневматикалық тораптардың ақаулықта-
рын іздеуге арналған құрылғылармен; 3. Орамдардың қысқа тұйықталуын та-

40
буға арналған құрылғылармен; 4. Ауа, су және электрлік қуат көзі жүргізілген; 
5.  Созатын  құрылғылар  орнатылған.  6.  Жұмыс  орнының  жеткілікті  табиғи 
және жасанды жарықтануының болуы; 7. Бөлме ауданы бір адамға 5м

 кем 
емес; 8. Арнайы талаптарға сәйкес келетін сынап құралдарын жөндеу үшін 
жеке бөлме.
3. Құралдарды жөндеуге техникалық құжаттаманы ресімдей білу
Жөндеуге  қабылданған  құрылғы  түбіртегі  тапсырыс  берушіге  берілетін 
жөндеуден кейін беру күнін көрсетумен жөндеу картасы жазылады. Қабылдау 
тобы  ақаулық  актісін  құрастырады,  содан  кейін  жабдықты  тазалайды  және 
бояйды. Жөнделетін құралдарды қажетті қосалқы бөлшектер мен материал-
дармен жабдықтайды. Жөндеу картасында жөндеуге кететін уақыт орнатыла-
ды, содан соң құралдар жөндеу тобына жіберіледі. Жөндеу картасында сле-
сарь-жөндеушінің тегі көрсетіледі.
Жөндеуден  кейін  құралдар  және  мемлекеттік  тексеруге  ұсынылатындай, 
тексеру  тобына  жіберіледі.  Мемлекеттік  тексеру  белгісі  бар  құралдар  қа-
былдау тобына қайтарылады, мұнда жөндеу картасының дұрыс рәсімделуі, 
төлқұжат немесе аттестатта жазбаның болуы тексеріледі. Жөндеу белгісі бар 
төлқұжатты бергеннен және жөндеу картасын толтырғаннан соң құрал жөн-
деу картасының түбіртегін көрсету бойынша тапсырыс берушіге беріледі.
4. Құралдар мен автоматтандыру құралдары бойынша жөндеу жұмы-
старының жекелеген түрлерін орындай білу
Ағымдағы жөндеу кезіндегі жұмыстардың түрлері: 1. Пайдаланылған ре-
сурстар  элементтерін  ауыстыру,  ұсақ  ақаулықтарды  жою;  2.  Зақымдалған 
тетіктерді  жою  немесе  ауыстыру  арқылы  қозғалмалы  бөліктерін  біртіндеп 
бөлшектеу және реттеу, тораптарды тазалау және майлау; 3. Қуаттану мен өл-
шеу тізбектерінің оқшаулану сапасын тексеру; 4. Тығыздауыштарды, люфт-
терді, тығыздама толтырмаларын түзету, әйнектерін, шәкілдерін ауыстыру; 5. 
Қозғалмалы тетіктердегі буындарының ақаулықтарын жою, күшейткіштердің, 
электрлік  қозғалтқыштардың,  жылжымалы  түйіспелердің  әрекетін  тексеру, 
ӨҚ мен автоматиканың реттеуші бөлігін баптау. 
Күрделі жөндеу жұмысы кезіндегі жұмыс түрлері: 1. Шәкілдер мен цифер-
блаттарды орнату мен реттеу; 2. Жарылыс қаупі бар құрылғылардың корпу-
стары мен орнату беттерін жөндеу; 3. Өлшеу бөліктері мен жеке тораптарды 
толықтай бөлшектеу және жинау, шаю, жөндеу және тетіктерін ауыстыру; 4. 
Өлшеу сызбасын тексеру, құрал көрсеткішін реттеу және тықсыру, тексеруші-
ге оны тапсыруға дайындау; 5. Жазба механизмдерін бөлшектеу және жинау, 
оларды тексеру, тазалау және ауыстыру; 6. Релені, қадағаны, атқарушы ме-
ханизмдерді,  реттегіштерді,  электрондық  аппаратураны  жөндеу  немесе  ай-
тарлықтай жетілдірілген түріне айырбастау, істен шыққан желілерді, электр 
сымдарын, дабыл сызбаларын айырбастау.
Осы немесе басқа да жөндеу жұмыстарын тәжірибелік игеру, білім алушы-
лардың шеберлігі мен біліктілігі алынған, оның ішінде өндірістік тәжірибе-
ден  өту барысында алған  білімдері мен дағдыларына  тәуелді.

41
Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері
Осы модульді табысты 
аяқтағаннан кейінгі білім 
алушының оқыту нәтижелері
Бағалау критерийі
Білім алушы міндеттері
ОН1 . Жөндеу жұмыстарын ұй-
ымдастыру туралы білу
1.1 Жөндеу жұмыстарының тағайында-
луы мен түрлерін түсіну.
1.2 Жөндеу шеберханалары бөлмелеріне 
қойылатын негізгі талаптарды білу.
ОН2  Жөндеуші-слесарлардың 
жұмыс орындарын жабдықтау 
туралы білу
2.1  Жөндеу шеберханаларындағы жаб-
дықтардың құрамы мен тағайындалуын 
білу
2.2 Құрылғылар мен автоматтандыру 
құралдарын жөндеу бойынша жұмыстар-
ды орындауға арналған жұмыс орнын 
ұйымдастыру.
2.3 Құралдарды тексеру және калибрлеу 
нәтижелері бойынша техникалық құжат-
тама құрастыруды білу.
ОН3 Аспаптарды жөндеуге тех-
никалық құжаттаманы ресімдеу-
ді білу
3.1 Жөндеу картасын құрастыру үшін 
аспаптар ақаулықтарына диагностика 
жасай білу.
3.2 Жөндеу  жүргізу үшін материалдар 
мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс құра 
білу.
3.3 Сәйкес асапатрады жөндеуге тех-
никалық төлқұжаттар мен нұсқауларды 
қолдану.
Профилактикалық жұмыстарды зауыт-
тық нұсқауларға сәйкес орындау.
3.4 Кезекті жоспарлы жөндеуге дейін 
құрылғылар мен автоматика құралдарын 
қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету 
мақсатында ағымдағы қызмет көрсету.
ОН4 Құралдар мен 
автоматтандыру құралдары 
бойынша жөндеу 
жұмыстарының жекелеген 
түрлерін орындай білу
4.1 Құралдар мен зертханалық 
жабдықтардың тағайындалуы бойынша 
пайдалану
4.2 Жөндеу жұмыстарын біліктілігі 
мен лауазымдық нұсқаулығына сәйкес 
орындау.
4.3 Жөндеу жұмыстарын орындау 
барысында қауіпсіздік техникасы 
талаптарын сақтау.

42
КМ.04 «Бақылау және автоматтандыру жүйелерін жобалау»
Мақсаты және міндеті
Модульді оқыту мақсаты студенттердің жобалау үдерісін түсінуін қамтама-
сыз етіп, технологиялық үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйе-
лерін жобалау негізері бойынша білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Модульге кіріспе
Аталған  модуль    білім  алушыларға  технологиялық  процестерді  басқару 
жүйелерін жобалаудың міндеттері мен техникасын түсіндіреді.
Технологиялық  процестерді  басқару  жүйесі  технологиялық  үдерістің 
өтуі  туралы  ақпарат  алуға,  басқару  жүйесінің  жұмысы  мен  технологиялық 
құрылғылардың параметрлері туралы ақпарат алуға негізделеді.
Өлшеу арналары басқару жүйесінің ең қиын бөлігі болып табылады және 
өлшеу нәтижелерін алу үшін терең білімді талап етеді. Алынған деректердің 
сапасын өлшеу құралдарының қателігіне, тексеру немесе калибрлеудің уақы-
тылы  орындалуына,  экрандау  мен  кабельдік  орамдарға  байланысты  бола-
ды. Автоматтандыру жүйесінің өлшеу арналары өлшеу құралдарынан айыр-
машылығы «далалық жағдайда» жасалады және бұл қателіктердің пайда бо-
луына себепші болады. Көптеген қиындықтар өлшеу нәтижелерін санақтық 
өңдеу барысында пайда болады.
Дұрыс нәтижелерді алу үшін метрология, математикалық санақ, кездейсоқ 
үдерістер теориясы, ақпарат және электроника теориясы салаларында білім 
талап етіледі.
Басқару жүйесінің құрамына енетін электрлік құрылғылар мен электрлік 
механизмдері автоматты басқару жүйесін дайындау пневматикалық, электрлік 
және гидравликалық  жетектердің жұмысы туралы білім мен олардың басқа-
ру жүйесінде нақты технологиялық үдерістерде қолданылуы туралы білімнің 
болуын талап етеді.
Процестердің технологиялық параметрлері мен автоматты реттеу жүйелері 
нысан параметрлерінің шекті шамалары және дабылдама құралдарын талап 
етеді. Автоматтандыру жүйесінің сапасы мен оның жұмыс қабілеттілігі басқа-
ру  жүйесінің  техникалық  жабдықталуына  тәуелді  болады.  Технологиялық 
процестерді автоматтық реттеу және шұғыл бақылау жүйелері технологиялық 
процесті жиынтықтайтын жабдықтың күйі мен объекті параметрлерінің шек-
тік мәні туралы сигнал беру құралдарын талап етеді. 
Жобалау  кезеңінде  қабылданған  шешімдер  басқару  жүйесінің  техника-
лық-экономикалық көрсеткіштеріне, шығарылатын өнім сапасына әсер етеді. 
Олар басқару нысаны ретінде технологиялық үдерістің өтуін толық зерттеуге 
негізделеді. Технологиялық басқару нысанын талдай білу, оған кіріс басқа-
ру белгілерінің ықпалын анықтау және оларды басқару мақсатында нысанға 
ықпал ету әдістерін дайындай білу керек.Шығарылатын өнеркәсіптік бақы-
лау және басқару және автоматтандыру құралдарының номенклатурасын білу 
маңызды. Олардың құрылысы, жұмыс ұстанымдары, техникалық сипаттама-
лары, нақты өндірістік жағдайдағы қолданылуы. Таңдалған құралдарды, рет-
теушілерді және автоматтандыру құралдарын пайдаланып кері байланыспен 
реттеудің тұйық контурларын құрастырудың маңызы зор. 

43
Басқару жүйесін жүзеге асыру автоматтандырылатын нысанның жобалық 
құжаттамасына  негізделеді, ол нормативті құжаттар мен халықаралық стан-
дарттарға сәйкес әзірленеді және жинақталады. Жобалық құжаттама басқару 
жүйелерін реттеу, баптау, қызмет көрсету және пайдалану барысында да қол-
данылады.
Модульде  металлургия  және  энергетикада  өнеркәсіптік  басқа  да  салала-
ры үшін қолданылатын технологиялық үдерістерді автоматтандыру жобасын 
дайындау  үдерісі  қарастырылады.  Бұл  стандартты  үдеріс  болып  табылады, 
алайда, нақты технологиялық үдеріс типтеріне қатысты қандай да бір айыр-
машылықтары болады. 
Модульде металлургия және энергетикадағы өнеркәсіптік басқару ны-
сандары туралы ақпараттар, олардың техникалық сипаттамалары, құра-
мы, оларды басқаруға қойылатын талаптар болады. Модуль басқару жүй-
есін  автоматтандырудың  техникалық  құралдары,  құрылғылар  құрамын 
оңтайлы таңдау негізінде жобалық құжаттаманы әзірлеудің тәжірибелік 
дағдыларын береді.Модуль оқу және өндірістік тәжірибелер барысында 
алынған  дағдыларды,  технологиялық  үдерістерді  автоматтандыру  бой-
ынша  мамандарды  оқытуда  пайдаланылатын  кәсіби  модульдерді  білу, 
жобалау үдерістерін стандарттау, нормативті құжаттаманы қолдануға не-
гізделеді.
Модуль металлургия, электр энергетикасы және басқа да өнеркәсіп сала-
ларында жергілікті басқару деңгейіндегі жүйелерді әзірлеу, қызмет көрсету 
және  пайдалану  үдерісінде  жұмыс  жасайтын  мамандарды  дайындау  үшін 
қолданылады.
Оқыту нәтижелері
Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1.  Металлургия  мен  энергетиканың  басқару  мен  бақылау  талаптарына 
жатқызылатын технологиялық үдерістерін білу, негізгі технологиялық пара-
метрлерді реттеу.
2. Технологиялық параметрлер туралы дұрыс ақпарат алу әдістерін, өлшеу 
құралдары мен әдістерін, алынған ақпаратты өңдеу әдістерін білу
3. Құрылғылар мен автоматтандыру құралдарының қолданылуын, жұмыс 
ұстанымы мен техникалық сипаттамаларын, басқару жүйесі құрамына енетін 
электрлік, пневматикалық және гидравликалық жетектердің қасиеттерін білу
4. Басқару жүйесін автоматтандыру құрылғылары мен құралдарын бақылау 
мен реттеу контурларын қалыптастыру әдістерін білу
5.  Автоматтандыру  жүйелерін  жүзеге  асыруда  пайдаланылатын  жобалық 
құжаттаманы дайындау мен ресімдеуде нормативті құжаттама мен мемлеке-
таралық стандарттарды пайдалана білу.
6. Басқару жүйесінің жобалық құжаттамасын дайындауда және ресімдеуде 
есептеу техникасы мен автоматтандырылған басқару жүйелерін пайдалану.
Модуль мазмұны
1. Металлургия мен энергетиканың басқаруға және бақылауға жата-
тын технологиялық үдерістерін, олардың негізгі технологиялық параме-
трлерін бақылау мен реттеу талаптарын білу

44
Технологиялық процесс реттеу нысаны ретінде ұғымы. Үздіксіз технологи-
ялық процестер және циклдық, дискретті үдерістер. Металлургиялық техно-
логиялық процестер, энергетика процестері, жалпы өнеркәсіптік қондырғы-
лар автоматтандыру нысаны ретінде. Технологиялық параметрлер: темпера-
тура, қысым, шығын, деңгей, масса, айналу жылдамдығы, қалып, радиоак-
тивтілік, тығыздық және т.б. 
Технологиялық процесті сапалы жүргізуге қол жеткізу мақсатында үдерістің 
технологиялық параметрлерін бақылау және реттеу қажеттілігі. Басқару ны-
санына ықпал ететін кедергілер: сыртқы және ішкі, өлшенетін және өлшеуге 
қол жетімсіз, үздіксіз және мерзімді туындайтын. Реттеу кедергі әсерін жою 
құралы ретінде. Процесті басқаруға арналған материалдық ағындар параме-
трлерінің өзгеру мүмкіндігі.
2. Технологиялық параметрлер туралы дұрыс ақпарат алу әдістерін, 
өлшеу құралдары мен әдістерін, алынған ақпаратты өңдеу әдістерін білу
Басқару  нысанының  технологиялық  параметрі  өлшенетін  физикалық 
шама ретінде ұғымы. Физикалық шаманы өлшеу бірліктері. Өлшеу аспап-
тары. Физикалық шамалар мен белгілерді талдау үшін қолайлы түрлендіру.
Технологиялық параметрлерді өлшеу әдістері. Метрология негіздері. Өлшеу 
қателіктері. Өлшеу сызбалары: көпірлі, алғашқы түрлендіргішті өлшеу сыз-
басына  дифференциялды қосу, тұрақты және айнымалы тоқтың өлшеу сы-
збалары. 
Шығыс сигналының қуаты ұғымы, өлшеу сызбасының кіріс кедергісі түсіні-
гі. Белгілер түрлері: электрлік, пневматикалық, гидравликалық. Табиғи және 
бірегей белгілер, сандық және теңдес, тұрақты және айнымалы тоқты өлшеу 
сигналдары. Датчиктің технологиялық параметр туралы алғашқы ақпарат алу 
құралы ретінде ұғымы. Ұқсас және дискретті шығыс сигналдары бар датчик-
тер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет