Оқыту нәтижелері
Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1.
Кәсіпорынның инвестициялық саясатының мазмұнын білу
2.
Инвестиция тиімділігіне әсер ететін факторларды білу; оларды
қаржыландыру көздері
3.
Технологиялық үдерістерді автоматтандыру жобаларының техника-
лық-экономикалық негіздемесін дайындай білу.
Модуль мазмұны
1. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының мазмұнын білу
Инвестициялар –белгілі бір экономикалық жобаларды болашақта табыс
алу есебімен жүзеге асыру. Инвестицияларды портфельдік және нақты инве-
стиция түрлеріне бөледі.
Портфельдік (қаржы) инвестициялар – акцияларға, облигацияларға, басқа
да бағалы қағаздарға салымдар. Нақты инвестициялар капиталдық салымдар
деп аталады. Бұл жағдайда инвестор кәсіпорын қаражат салу арқылы өзінің өн-
дірістік капиталын – қызметіне қажеті негізгі өндірістік қорларын арттырады.
Капитал салымдары бірнеше белгілері бойынша жіктеледі:
а) негізгі қорлардың өндіріс түрі бойынша:
- жаңа құрылыс;
- жабдықтарды жаңарту;
- күрделі жөндеу
б) қаржыландыру көздері бойынша – орталықтандырылған және орта-
лықтандырылмаған
в) пайдалану бағыты бойынша – өндірістік және өндірістік емес
75
г) инвестициялау кезеңі бойынша – ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
Капиталдық салымдарды пайдалану тиімділігіне олардың технологиялық
құрылымы біршама ықпал етеді. Капиталдық салымдардың технологиялық
құрылымы – қандай да бір объектіні құрылымдау шығындарының құрамы және
сметалық бағадағы үлесі. Осы құрылымды жетілдіру машиналар мен жабдықтар-
дың үлесін арттыруға және оңтайлы деңгейге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты портфельдік және нақты инвести-
циялардан минималды инвестиция тәуекелі жағдайында максимум салым
алуға жоспарлануы керек.
2. Инвестиция тиімділігіне ықпал ететін факторларды білу; оларды
қаржыландыру көздері
Инвестициялау үдерісі – бұл көптеген факторлар әсер ететін күрделі көп
қырлы процесс. Осындай факторларды, олардың инвестиция тиімділігіне
әсер ету механизмін білу, кәсіпорынның инвестициялық саясатын қалыпта-
стыруға негіз болады.
Инвестиция тиімділігіне әсер ететін факторларға кәсіпорын деңгейінде ке-
лесілер факторлар жатқызылады:
- кәсіпорын жүргізетін экономикалық және әлеуметтік саясаттың тиімділігі;
- шығаратын өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі;
- негізгі өндірістік қорларды пайдалану деңгейі;
- жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың сапасы мен тиімділігі
және басқа да факторлар.
Әсер ету бағытына тәуелді барлық факторларды келесі топтарға біріктіруге
болады:
- инвестиция тиімділігіне оң әсер ететін оңтайлы (инфляция деңгейін
төмендету, ҚР Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және т.б.)
- инвестиция тиімділігіне теріс әсер ететін қолайсыз (экономикалық дағда-
рыстың күшейтуинфляция деңгейін арттыру және т.б.)
Елдегі инвестициялық қызметтің ұзақ мерзімді сипаттағы заңнамалық ак-
тілер негізінде реттелуі аса маңызды.
Қаржыландыру көздерін іздестіру үнемі инвестициялық қызметтің маңыз-
ды мәселелерінің бірі болған.
Капитал салымдары қаржыландырылады:
- меншік қаржы ресурстары есебінен (пайда, амортизациялық аударым);
- несие қаржы құралдары/қарыздық қаржы қаражаттары (банк кредиттері,
облигациялық несие және т.б.);
- инвестордың тартылған қаражат құралдары (акция, пай сату және т.б.)
Инвестциялық жобаларды қаржыландыруды мемлекет мақсатты бағдарлама-
лар арқылы жүзеге асыра алады, мысалы, озық жоғары технологиялық жобалар.
3. Техникалық процесстерді автоматтандыру жобаларының техни-
ка-экономикалық негіздемесін орындай алу
Инвестициялық жобаны іске асыруға кірісер алдында оның экономикалық
негідемесін жасау керек.
Ол инвестицияланған жобаны іске асырудың пайда-
сы немесе жөнсіз екендігі жайлы есеп беруі тиіс. Сонымен қоса инвестици-
ялық тәуекелді төмендететін ең сенімді және сынақталған әдістемелік тәсіл-
76
демелер қолданылуы қажет.
Инвестицияның экономикалық негіздемесі үшін, ҚР ұлттық экономика
Министрлігі, ҚР құрылыс ісі және тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы
Министрлігі бекіткен «Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау бой-
ынша әдістемелік нұсқаулық» ресми құжатымен қолдану керек. Бұл нұсқау-
лықтардың негізінде әлемдік тәжірибеде сынақтан өткен әдістемелік тәсілде-
мелер жатқанын атап өткен жөн. Бұл олардың әділдігінің дәлелі.
Аталған әдістемеде келесі көрсеткіштер қолданылады:
1) Таза дисконтталған табыс (ТДТ) – NPV
2) Табыс индексі (ТИ) – PI
3) Табыстың ішкі нормасы (ТІН) – IRR
4) Өтелу мерзімі (Т
өт
) – PP
Таза дисконтталған табыстың көлемі:
мұнда:
R
t
– есептеудің t қадамында жететін нәтижелері (барлық қаржы
құйылымдары);
З
t
– тура сол қадамда жүзеге асатын шығындар (күрделі қаржы жұмсалымын
есепке алмай барлық қаржы ағымдары);
Т – есептеу шегі (ай, тоқсан, жыл);
Е – дисконт мөлшерлемесі;
К – жаңа техника мен технологияларды енгізуге қажетті капитал салымдары
R
t
- З
t
= Пч
t
+А
t
,
мұнда:
Пч
t
– таза табыс;
А
t
- өтемпұл жарнасы.
Ереже :Егер
- болса, жоба тиімді болып саналады.
Егер
– болса, жоба тиімсіз болып саналады.,
Егер
– болса, жоба табысты да, шығынды да бол
с
ып саналмайды,
оны іске асыру жайлы шешімді инвестор қабылдайды.
Табыс индексі:
PI =
Ереже: PI
– болса, жоба тиімді,
Егер PI < – болса, жоба тиімсіз,
Егер PI
– болса, жобаны іске асыру жайлы шешімді инвестор қабылдайды.
Дисконттандыру – экономикалық және қаржы талдамасында қолданылатын
бір қаржы шамасымен және болашақ құнын өлшеуге арналған арнайы техника.
77
Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері
Осы модульді табысты аяқтаған-
нан кейінгі білім алушының оқы-
ту нәтижелері
Бағалау критерийі
Білім алушы міндеттері
ОН1 Кәсіпорынның инвестициялық
саясат бағыттарын және мазмұнын
біледі
1.1 Инвестиция және кәсіпорынның
инвестициялық саясаты ұғымын
түсіндіру
1.2Кәсіпорынның инвестициялық
құрылымының тиімділігін талдау
1.3Автоматтандыру қаржыларын
монтаждауға смета құрастыра алу
ОН2 Инвестиция тиімділігіне әсер
ететін факторларды, оларды қаржы-
ландыру көздерін біледі
2.1 Факторлардың жағымды және
жағымсыз әсерін, олардың мазмұ-
нын түсіндіру
2.2 Инвестиция саласындағы мемле-
кеттік саясаттың мазмұнын білу
2.3Кәсіпорындардың инвестициялау
қызметтерін реттейтін заңнамалық
базаны білу
ОН3Техникалық процесстерді ав-
томаттандыру жобаларының техни-
ка-экономикалық негіздемесін орын-
дай алады
3.1Жобалардың экономикалық негіз-
демесінің әдістемелік мазмұнын білу
3.2Әдістеменің негізгі көрсет-
кіштерін білу және оларды есептей
алу
3.3 Жобалардың тиімділігін бағалай
алу
3.4 Дисконттандыру тәсілін қолдана
алу
КМ.11 «Процесстер мен жүйелерді модельдеу»
Мақсаты және міндеті
Аталған модульді оқудың мақсаты - басқару жүйесінің модельдерін және
оның элементтерін құрастыру мен пайдалану кезеңіндегі құрастыру мен қол-
дану аясында білім алушыларды дайындауды қамтамасыз ету болып табылады.
Модульге кіріспе
Аталған модуль білім алушыларға кері байланысы бар ағымдық басқару
жүйелерін талдау, синтездеудің кез келген кезеңіндегі әмбебап құралы ретінде,
сонымен бірге техникалық процесстерді модельдеуді басқару объектісі ретін-
де реттеуші жүйені модельдеудің заманауи әдістемесі жайлы түсінік береді.
Автоматтандырылған реттеу жүйесін параметрлік синтездеу ұғымы беріледі.
Танымал өнеркәсіптік реттегіштер тізімінен басқару құрылғысы құрылымын
таңдау және баптауларын анықтау міндеті.
Басқару жүйесінің құрамды бөлшегі – синтез және анализ кезінде рәсімде-
78
уді қажет ететін реттеу объектісі болып табылады.
Модульде реттеу жүйесін математикалық сипаттаудың бөлшегі саналатын
аналитикалық, эксперименталды және құрамдастырылған реттеу нысанын
математикалық сипаттау әдістері қарастырылады.
Модульде тұрақты өлшемдері бар сызықтық дифференциялды теңдеулерді
сипаттайтын жүйелер қарастырылады. Бұл теңдеулер Лапластың түрлендіру
көмегімен шешуге болады. Мұндай жүйелер беру функциясы арқылы сипат-
тауға болады және бұл сипаттамадан жүйенің кіру мен шығу арасындағы бар-
лық тәуелділіктер шығады.
Модуль технологиялық параметрлердің реттеу контурларын тәжірибелік
процесінде құрастырумен айналысатын білім алушыларға келеді. Инженер
үшін автоматтандыру саласында теріс кері байланысы бар реттеудің тұйық
контуры үлкен қызығушылық тудырады. Себебі реттеудің төменгі деңгей кон-
турының көпшілігі осы қағида бойынша құрылады. Сондықтан теріс кері
байланысы бар реттеудің бірконтурлы жүйесін реттеу процессін модельдеу,
реттеудің сапасын көрсететін бағаларды анықтау мақсатында тұйық жүйенің
сипаттамасын модельдеу, құрастырылып отырған жүйенің тұрақтылығын
зерттеу мақсатында реттеу жүйесінің қосымша функцияларын алу өзекті
болып саналады. Сызықтық стационар жүйелердің тұрақтылығын анықтау
анализінің ең дұрыс әдісі болып оларды модельдеу болып табылады. Әуелі
жүйенің ұқсас немесе сандық моделі құрастырылады, кейін сыртқы типтік
әсерлердің немесе алғашқы нөлдік емес көрсеткіш қою жағдайында шығатын
ауыспалыны бақылау жүзеге асырылады. Осы кезде жүйенің тұрақтылығы
немесе тұрақсыздығы айқындалады.
Басқару жүйесін модельдеуге көбінесе оны инженерлік жобалау кезін-
де жүгінуге тура келеді. Егер жүйенің ауыспалы параметрлері болса немесе
айтарлықтай сызықсыздықтары болса, модельдеу жүйенің ерекшеліктерін
анықтаудың жалғыз амалы болуы мүмкін. Сызықсыз және/немесе стационар
емес жүйелерді талдаудың қандайда бір әдістері жоқ. Сондықтан олардың си-
паттамасын анықтау үшін табиғи сынақтардың орнына оларды модельдеудің
көмегіне жүгінеді.
Модульді зерттеу барысында білім алушылар реттеудің сапасын көрсететін
бағаларды анықтау және тұрақтылықты зерттеу үшін реттеу жүйесін ком-
пьютерлік модельдеу дағдыларын үйренеді. Жүйені талдау және синтездеу-
дің әдістерін көрсету үшін MATLAB-тың кіріктірілген орта құрамына кіретін
компьютерлік модельдеудің SIMULINK бағдарламасының, VisSim – сапаны,
тұрақтылықтықты, синтезді, түзетуді, оңтайландыру, желілендіру, модель
контурында нысандардың қалуын бағлалау құралдары бар жүйелер модель-
дерінің қозғалысын салу (симуляциялау) үшін бағдарламалық жабдықтама
көмегін ұсынылады. Әр түрлі алу амалдарын, түрлендірулерді, дифферен-
циалды теңдеулерді шешу, функция және графиктер құру сияқты тағы басқа
амалдарды да осы бағдарламалар арқылы орындау ұсынылады.
Сонымен қатар Mathcad – маңызды инженерлік есептеулерді орындау, тал-
дауға және олармен алмасуға мүмкіндік беретін инженерлік математикалық
бағдарламасы да бар. Білім алушылар бұл бағдарламаларға өз ақпараттарын
енгізе алады, ол өз кезегінде басқару жүйесін құрастырудағы есептеулерді
жеңілдетеді.
79
Модульден ең жоғары пайда алу үшін, білім алушы «Автоматты жүйелерін
есептеу» модулін оқу арқылы үйренетін сызықтық жүйенің анализін және
синтезін жасау дағдыларын білу керек.
Аталған модуль шынайы физикалық жүйелер мен олардың математикалық
модельдері арасындағы айырмашылық пен оларды айыра алуды үйренеді.
Бұны түсіну үшін практикалық тәжірибенің болуы керек болғанмен, білім
алушы бұл айырмашылықтың барын іштей сезіну керек.
Аталған модуль білім алушыға модельдеудің түрлі әдістерін, олардың
нақты мүмкіндіктерін, қолданылу саласын, артықшылығы мен кемшіліктерін
талдау арқылы қолдануға мүмкін береді. Модуль басқару жүйелерін жобалау-
мен айналысып жүрген білім алушыларға келеді және инженерлік іс-тәжірибе
кезінде пайда болған практикалық дағдыларға сүйеніп жасалады.
Оқыту нәтижелері
Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1. Реттеу объектісінің математикалық сипаттамасын алу әдістерін білу.
2. Кері байланысы бар сызықтық басқару жүйесінің анализі мен синтезін,
басқару жүйесінің параметрлік синтез әдістерін түсіну.
3.Реттеу процессі сапасын және автоматты реттеудің сызықтық жүйесінің
тұрақтылығы бағалау әдістерін білу.
4.Процесстерді және жүйелерді есептеу мен зерттеу үшін компьютерлік
модельдеу бағдарламасын білу.
5.Реттеу жүйесін құрастыруда компьютерлік модельдеу әдістерін практика-
да қолдану.
Модуль мазмұны
1. Реттеу нысандарының математикалық сипаттамасын алу әдістерін білу
Реттеу нысаны түсінігі. Нысан құрылымын, оның тұрақты статикалық және
динамикалық сипаттамасын анықтау. Модельдеудің математикалық аппара-
ты. Нысанды сипаттайтын дифферанциалды теңдеудің ретін анықтау. Ны-
санға әсер ететін кірме дабылдар, қобалжуларды, олардың тұрақты қалыптық
сипаттамасын, қосымша нүктесін, ең жоғарғы ауытқу шегін бағалау. Динами-
калық кешігулер түсінігі.
Реттеу нысандарының математикалық сипаттамасын алудың талдамалы
әдістері. Зерттелетін нысанда болатын физика-химиялық және энергетикалық
процесстерді сипаттайтын теңдеулер. Материалдық баланс теңдеуі. Реттеу
нысандарының дифференциалды теңдеулермен сипаттау.
Реттеу нысандарының математикалық сипаттамасын алуда шынайы экспе-
рименттердің сериясын өткізумен өтетін эксперименттік әдістері. Екпін қи-
сығы түсінігі, реттеу нысанының қисық екпінін алу, нысанның қисық екпіні
арқылы қозғалыстық ерекшелігін анықтау. Орманс әдісі, динамикалық сипат-
таманы анықтайтын жиілік әдісі, реттеу нысанының параметрлерін ең аз ква-
драттар әдісі арқылы анықтау.
Реттеу нысандарының математикалық сипаттамасын алудың кіріктіріл-
ген әдістері. Нысанның талдамалы жолмен алынған құрылымын шынайы
сынақтар барысында оның параметрлерін анықтауға қолдану.
80
2. Кері байланысы бар сызықтық басқару жүйесінің анализі мен син-
тезін, басқару жүйесінің параметрлік синтез әдістерін түсіну
Дифференциалды теңдеулер, желілендіру, жіберу функциялар көмегімен
автоматты реттеу жүйелерін математикалық сипаттау. Басқару жүйелерін тал-
дау есептері, оның сипаттамаларын анықтау және тұйық күйіндегі әрекеті.
Басқару жүйесі синтезінің міндеттері, қалаған сипаттамаларды немесе
жүйе әрекетін енгізу, оның сапасының талаптарын қанағаттандыру үшін тұй-
ық жүйенің құрамын анықтау.
Кіруі оның шығуының функциясы және керісінше болып табылатын тұй-
ық жүйені анықтау. Танымал өндірістік реттегіштер жинағынан басқару
құрылғысының құрылымын таңдау және оның баптау параметрлерін анықтау.
Типтік өндірістіктік реттегіштердің баптау параметрлерін анықтау әді-
стері: логарифмикалық амплитудалы-жиіліктік сипаттама (ЛАЖС), кеңей-
тілген амплитудалы -жиіліктік сипаттама (КАЖС), шамаланған есептеу әді-
стері. Типтік реттегіштерді баптаудың эксперименталды әдістері: сөнбейтін
тербеліс әдісі және сөнетін тербеліс әдісі.
3. Реттеу процесі сапасын және автоматты реттеудің сызықтық жүй-
есінің тұрақтылығы бағалау әдістерін білу
Автоматты реттеудің тұйық жүйесінің өтпелі процесінің сапа көрсеткіші.
Жүйеге типтік әсер еткенде өтпелі процесстер: бір сатылы функциясы, им-
пульсті функция, үйлесімді функция.
Автоматты реттеу жүйесіне бір сатылы әсер еткендегі сапасын бағалау.
Автоматты реттеудің тұйық жүйесінің өтпелі сипаттамасы. Реттеу сапасы-
ның тура бағасы: (реттеу уақыты, қайта реттеу, тербеліс жиілігі, жиілік саны,
алғашқы ең жоғарғы нүктеге жету уақыты, өтпелі процесстің өсу уақыты, өшу
декременті және басқа). Автоматты реттеу жүйесіне үйлесімді дабыл әсер ет-
кендегі сапасын бағалау.
Амплитудалы-жиіліктік сипаттама, фаза-жиіліктік сипаттама, Амплитуда-
лы-жиіліктік
-
фазалық сипаттама, логарифмдік сипаттама. Реттеу сапасының
жанама көрсеткіштері: тербеліс көрсеткіші, жаңғырық жиілігі, өткізу сызығы,
ауытқу шегі және фаза бойынша қор.
Автоматты реттеу жүйесінің тұрақтылығын зерттеу.
4. Процесстерді және жүйелерді есептеу мен зерттеу үшін компьютер-
лік модельдеу бағдарламасын білу
Mathcad автоматты жобалау жүйесі класынан компьютерлі алгебра жүйесі.
Математикалық модельдеу нәтижелерін белгілеу, көрсету және интерфейс.
Mathcad оқытуда, есептеулерде және инженерлік есептеуде қолдану.
MATLAB техникалық есептеулердің автоматтандыру міндеттерін шешу үшін
қолданбалы бағдарламалар жинағы. Ғылыми және инженерлік есептеу үшін
арнайы математикалық функциялардың жиынтығы. MATLAB интерфейсі
және командалық тіл. Мәліметтерді жүктеуді автоматтандыру. Мәліметтерді
талдау және машиналы оқыту міндеттерін шешу.
Алгоритмдерді құрастыру. Simulink имитациялық модельдеудің графика-
лық ортасы. Бағытты бағандар түріндегі блок-диаграммалар көмегімен жүй-
енің динамикалық моделін құрау. Электр күшті, механикалық және гидрав-
81
ликалық жүйелерді модельдеу үшін блоктар кітапханасы.Басқару жүйелерін
құрастыруда модельді-бағыттық тәсілдемені қолдану.
VisSim бағдарламалаудың визуалды тілі. VisSim функцияналды бағдарла-
масының қағидалары жайлы түсінік. VisSim ортасында модельдерді құру
қағидалары. VisSim графикалық блоктарын қолдану. Модельді басқару қағи-
далары және модельдеудің нәтижесін алу. Динамикалық жүйелерді модель-
деу мен VisSim-да жобалау.
5. Реттеу жүйесін құрастыруда компьютерлік модельдеу әдістерін прак-
тикада қолдану
Реттеу нысандарының компьютерлі модельдеу әдісінің бірін қолдану: элек-
трлі сымдарды, сызықтық және айналмалы ауыстыруда механикалық жүйені,
электрлі-механикалық жүйелерді, датчиктерді, т.б.
Типтік әсерді кіруге келтіргенде реттеу нысандарының өтпелі процесстерді
визуалдандыру үшін компьютерлі модельдеу әдісінің қолдану. Сызықтық рет-
теу жүйелерін компьютерлі модельдеу әдісінің бірін қолдану. Автоматты рет-
теу процессінің тура сапа көрсеткіштерін бағалау үшін компьютерлі модель-
деу әдісінің бірін қолдану.
Автоматты реттеу жүйесінің тұрақтылығын бағалау үшін компьютерлі мо-
дельдеу әдісінің бірін қолдану.
Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері
Осы модульді табысты аяқтаған-
нан кейінгі білім алушының оқыту
нәтижелері
Бағалау критерийі
Білім алушы міндеттері
ОН1 Реттеу нысандарының матема-
тикалық сипаттамасын табу әдістерін
білу.
1.1 Практикалық есептеулерді
шешу үшін реттеу объектілерінің
модельдеу әдістерін таңдау.
1.2Модельдеудің математикалық
аппаратын қолдану.
1.3 Дифференциалды теңдеулер
көмегімен реттеу объектілерінің
аналитикалық моделін құрастыру.
1.4Нысандардың математикалық
сипаттамасын алудың эксперимент-
тік әдістерін қолдану.
1.5 Реттеу нысандарын екпін қи-
сығын алу және оны қажетті ретте
дифференциалды теңдеумен ап-
проксимациялау.
82
ОН2 Кері байланысы бар сызықтық
басқару жүйелері анализі және син-
тезін, басқару жүйелерінің параметр-
лік синтезі әдістерін түсіну.
2.1 Басқару жүйесінің анализі мен
синтезінің мағынасын, міндеттерін
түсіндіру.
2.2 Дифференциалды теңдеулер
мен қосымша/беріліс функциялар
көмегімен автоматты реттеу жүй-
есінің математикалық сипаттама-
сын құрастыра алу.
2.3 П, И, ПИ, ПИД типтік өн-
дірістік реттегіштерді қолдану
арқылы автоматты реттегіш жүйені
модельдеу.
2.4 П, И, ПИ, ПИД типтік өндіріс
реттегіштер баптауларын есептеу-
дің талдамалы және сынамалы әді-
стерді қолдану/типтік реттегіштерді
баптауды есептеудің аналитикалық
және эксперименттік әдістерін қол-
дану
ОН3 Автоматты реттеудің сызықтық
жүйесінің реттеу және тұрақтылығы
процессінің сапасын бағалау әді-
стерін білу.
3.1 Кері байланысы бар автоматты
реттеудің өтпелі процесс мәнін,
оны реттеудің сапасын бағалауды
анықтау үшін алу тәсілдерін түсін-
діру.
3.2 Кері байланысы бар автоматты
реттеу жүйесінің өтпелі сипаттама-
сы бойынша реттеу сапасын баға-
лау.
3.3Автоматты реттеу жүйесінің ам-
плитудалық-жиіліктік, фаза-жиілік-
тік, амплитудалық -фазалық, лога-
рифмдік сипаттамасын алу.
3.4 Жүйені тұрақтылыққа зерттеу.
ОН4 Процесстерді және жүйелерді
есептеу мен зерттеу үшін компьютер-
лік модельдеудің бағдарламаларын
білу.
4.1Процесстер мен жүйелерді ком-
пьютерлік модельдеуді түсіндіру.
4.2 Автоматты реттеу жүйесін құра-
стыруда практикалық есептерді
шешу үшін компьютерлік модель-
деу бағдарламасын таңдау.
4.3 Процесстер мен жүйелерді мо-
дельдеу үшін компьютерлік бағдар-
ламаларды қолдану дағдыларына
ие болу.
83
ОН5 Реттеу жүйесін құрастыруда
компьютерлік модельдеудің әдістерін
тәжірибеде қолдану.
5.1Математикалық модельдер мен
модельдеудің нәтижесін бағалауда
есептеу техникасын қолдану.
5.2Компьютерлік модельдеу бағдар-
ламаларында автоматты реттеудің
тұйық жүйесінде блоктық құрылым
құрау.
5.3Басқару объектісінде және ком-
пьютерлік модельдеу әдісімен
реттеу жүйелерінде өтпелі процес-
стерді визуалдау.
5.4 Тұйық жүйенің модельдерін
реттеу сапасын зерттеу.
5.5 Реттеудің тұйық жүйесі мо-
делінің тұрақтылығын зерттеу.
5.6 Автоматты реттеу жүйесінің
моделін реттеу және тұрақтылығын
арттыру тәсілдерін табу.
84
7 Оқу ж
оспары
Те
хник
алық, кәсіби және ор
та білімнен к
ейінгі білім
7.1 Оқу ж
оспары
Мам
андық:
1302000 –Ав
то
ма
тт
андыр
у және басқар
у (М
ет
аллургия және энерг
етик
адағы те
хно
логиялық проце
с-
стер
ді ав
то
ма
тт
андыр
у және басқар
у)
Достарыңызбен бөлісу: |