Білім беру бағдарламасы мамандығЫ: 1302000 автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) Біліктіліктер


  Құрылғылар  мен  автоматтандыру  құралдарының  қолданылуын



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата06.03.2017
өлшемі2,39 Mb.
#8383
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

3.  Құрылғылар  мен  автоматтандыру  құралдарының  қолданылуын, 
жұмыс  ұстанымы  мен  техникалық  сипаттамаларын,  басқару  жүйесі 
құрамына  енетін  электрлік,  пневматикалық  және  гидравликалық  же-
тектердің қасиеттерін білу
Датчиктер алғашқы ақпаратты алу құралдары ретінде. Өлшеу арнасы ұғы-
мы және жинақтамасы. Тұрақты және айнымалы өлшеу арнасы бар құрал-
дарды қоректендіру, пневмоавтоматика құралдары, гидравликалық түрлендір-
гіштер.  
Датчиктердің түрлері және типтері. Температура, қысым, шығын, тығыз-
дық және т.б құрылғысы мен жұмыс принципі. Екінші ретті аспаптар, ақпа-
ратты көрсетуге арналған ұқсас және сандық құралдар. Бір позициялық және 
көп позициялық реттеуші органдар. Электрлік, пневматикалық, гидравлика-
лық атқару механизмдері. 
Электрлік, пневматикалық, гидравликалық жетектер және олардың жұмыс 
принципі және қолданылуы.
4.  Басқару  жүйесін  автоматтандыру  құрылғылары  мен  құралдарын 
бақылау мен реттеу контурларын қалыптастыру әдістерін білу

45
Бақылау және реттеу контуры түсінігі және жиынтықталуы. Бір кірісі және 
бір  шығысы  бар  басқару  жүйелері.  Тұйық  (кері  байланысты)  және  алшақ 
тұрған басқару жүйелері. Теріс кері байланысы бар автоматты беру жүйесінің 
функционалдық  элементтері.  Олардың  реттеу  жүйесіндегі  тағайындалуы.  
Тетік, бергіш, салыстыру құрылғысы, реттеу құрылғысы, атқару механизмі, 
реттеу органы.
Бір немесе бірнеше аспаптарда автоматты реттеу жүйесінің элементтерін 
үйлестіру  және  ажырату.  Өнеркәсіп  шығаратын  заманауи  автоматтандыру 
құралдарының  номенклатурасы.  Автоматтандыру  құралдарын  шығаратын 
фирмалар. Аспаптар арасында белгілерді беру. 
Белгілердің  түрлерін  білу:  күшейту,  сүзу,  түзету,  тұрақтандыру,  тең-
дес-сандық және сандық-теңдес түрлендіру және т.б. Белгілерді түрлендіру-
дің электрлік сызбаларын талдау және есептеу, тіркесудің электрлік сызба-
ларын есептеу. Атқару механизмдері типтерін білу. Атқару механизмдерін 
басқару  сызбаларын  дайындау  және  қызмет  көрсету.  Тартпаларды  басқа-
ру сызбаларын дайындау. Автоматты реттеу контурына РО таңдау. Тарыл-
ту құрылғыларын есептеу. Кабельдерді, сымдарды және құбыр сымдарын 
таңдау.
5. Автоматтандыру жүйелерін жүзеге асыруда пайдаланылатын жоба-
лық құжаттаманы дайындау мен ресімдеуде нормативті құжаттама мен 
мемлекетаралық стандарттарды пайдалана білу
ТҮ АБЖ әзірлеу кезеңдері және жобалау сатылары. Жобалық материалдар 
(сызбалар, түсіндірме жазба, сметалар және т.б.). Автоматтандыру құралда-
рын қалқандарға, пульттерге, технологиялық жабдықтарға, құбырларға орна-
ластыру, ақпарат беру әдісін анықтау. Басқару типін таңдау – қолмен немесе 
автоматты басқару (орнында немесе қашықтықтан).
Жалпы талаптарды, әзірлеу тәртібі мен жобалық құжаттама құрамын және 
оны  жинақтау  тәртібін  анықтайтын  нормативті  құжаттама.  Жобалауға  ар-
налған бастапқы деректер. Автоматтандырудың функционалдық сұлбалары, 
электрік  принциптік  сызбалары,  реттеу  және  дабылдама,  электрлік  меха-
низмдерді, пенвмоавтоматиканы басқару.
6. Басқару жүйесінің жобалық құжаттамасын дайындауда және ресім-
деуде  есептеу  техникасы  мен  автоматтандырылған  басқару  жүйелерін 
пайдалану
Жобалаушының  жұмыс  орнын  ұйымдастыру:  есептеу  техникасы  және 
операциялық жүйелер, бағдарламалық жабдықтама, қолданбалы бағдарла-
малар жинақтары, принтер, плоттер және басқалары. Жобалық құжаттама 
жинағын дайындауда пайдаланылатын АЖЖ, мәтіндік және графиктік ре-
дакторлар.

46
Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері
Осы модульді табысты 
аяқтағаннан кейінгі білім 
алушының оқыту нәтижелері
Бағалау критерийі
Білім алушы міндеттері
ОН1 Металлургия мен энергети-
каның басқару мен бақылау талап-
тарына жатқызылатын технологи-
ялық үдерістерін білу, негізгі тех-
нологиялық параметрлерді реттеу.
1.1 Технологиялық үдеріске анықтама 
беру, оның басқару нысаны ретіндегі 
сипаттамаларын көрсету.
1.2 Технологиялық үдеріске әсер 
ететін кедергілерді анықтау.
1.3 Реттеу контурларының кіріс және 
шығыс параметрлерін білу.
1.4 Технологиялық параметрге 
анықтама беру, бақылау мен реттеуге 
жататын технологиялық параметр-
лерді атап көрсету.
1.5 Металлургия мен энергетикадағы 
технологиялық үдерістерді, басқару 
нысаны ретінде жалпы өнеркәсіптік 
құрылғыларды түсіндіру.
1.6 Принципиалдық технологиялық 
сұлбаларды автоматтандырылған жүй-
елерді жобалау негізі ретінде қолдану.
ОН2 Технологиялық параметрлер 
туралы дұрыс ақпарат алу әді-
стерін, өлшеу құралдары мен әді-
стерін, алынған ақпаратты өңдеу 
әдістерін білу
2.1 Өлшенетін параметрлер туралы 
дұрыс ақпарат алу үшін өлшеу құрал-
дары мен әдістемелерін қолдану.
2.2 Өлшеу қателіктерін бағалау, өлшеу 
құралдарын өлшеу дәлдігі талаптары-
на сәйкес бағалау.
2.3 Өлшеу жүйелерінің принциптерін
 
талдау, өлшеу сұлбаларын дайындау 
және есептеу.
2.4 Автоматтандыру құралдарының, 
аспаптардың, өлшеу арналарының қо-
рек көздерін таңдау..
2.5 Электрондық аспаптар мен өлшеу 
техникасының принциптік сызбала-
рын талдау.
2.6 Ақпаратты шығару құралдарын 
білу.
2.7 Өлшенген параметр туралы ақпа-
ратты сақтау, оны өңдеу, көрсету және 
пайдалану.

47
ОН3 Құрылғылар мен автоматтан-
дыру құралдарының қолданылуын, 
жұмыс ұстанымы мен техникалық 
сипаттамаларын, басқару жүйесі 
құрамына енетін электрлік, пнев-
матикалық және гидравликалық 
жетектердің қасиеттерін білу
.
3.1 Датчиктердің типтерін, олардың 
тағайындалуы мен жұмыс принцип-
терін білу.
3.2 Автоматтандыру аспаптары мен 
құралдарынан бақылау және реттеу 
контурларын құру.
3.3 Сығылған орта, тұрақты және ай-
нымалы кернеу контурында құралар 
қорегін таңдау.
3.4 Екінші ретті құралдардың тағай-
ындалуын білу, олардың қызметтік 
мүмкіндіктерін, типтерін білу, параме-
трлерді бақылау үшін таңдау.
3.5 Реттеу құрылғыларының жұмыста-
рын талдау.
3.6 Ұқсас және сандық реттеушілерді 
білу.
3.7 Тікелей әсерлі реттеушілерді, пози-
циялық реттеушілерді білу.
3.8 Реттеушілерді және реттеу конту-
рын талдау
3.9 Екі позициялы және көп пози-
циялы реттеу органдарының қызмет 
принциптерін түсіндіре білу.
3.10 РО типтерін білу.
3.11 Электрлік, пневматикалық, ги-
дравликалық жетектердің жұмыс 
принцциптері мен сипаттамаларын 
білу.
3.12 Бақылау және реттеу контурларын 
жобалау барысында автоматтандыру 
аспаптары мен құралдарын таңдау.

48
ОН4 Басқару жүйесін автоматтан-
дыру құрылғылары мен құралда-
рын бақылау мен реттеу контурла-
рын қалыптастыру әдістерін білу
4.1 Бақылау және реттеу контуры ұғы-
мын білу. 
4.2 Бір кірісті және бір шығысты 
басқару жүйелерін білу. 
4.3 Тұйық (кері байланысы бар) және 
ашық басқару жүйелерін білу.
4.4 Теріс кері байланысы бар автомат-
ты реттеу жүйесінің функционалдық 
элементтерін атау, олардың реттеу 
жүйесіндегі тағайындалуын көрсету.
4.5 Өнеркәсіп, автоматтандыру аспап-
тарын өндіруші фирмалар шығаратын 
заманауи автоматтандыру аспаптары-
ның
 
номенклатурасын білу. 
4.6 Реттеу жүйесіне енетін құралдар 
арасында сигналдардың берілуін ұй-
ымдастыру.
4.7 Сигналдардың түрлерін білу сиг-
налдардың түрленуі: күшейту, сүзу, 
түзету, тұрақтандыру, теңдес-сандық 
және сандық-теңдес түрлендіру және 
т.б.
4.8 Сигналдарды түрлендірудің элек-
трлік сызбаларын талдау және есептеу, 
тіркесудің электрлік сызбаларын есеп-
теу.
4.9 Атқару механизмдері типтерін 
білу.
4.10 Басқару сұлбаларын әзірлеу және 
атқарушы механизмдермен қызмет 
көрсету.
4. 11 Жетектерді басқару сызбаларын 
дайындау.
4.12 Автоматты реттеу контурына РО 
таңдау.
4.13 Тарылту құрылғыларын есептеу.
4.14 Кабельдерді сымдарды және құ-
быр сымдарын таңдау. 

49
ОН5 Автоматтандыру жүйелерін 
жүзеге асыруда пайдаланылатын 
жобалық құжаттаманы дайындау 
мен ресімдеуде нормативті құжат-
тама мен мемлекетаралық стан-
дарттарды пайдалана білу.
5.1 ТҮ АБЖ әзірлеу кезеңдерін және 
жобалау сатыларын білу.
5.2 Жобалық материалдарды дайындау 
(сызбалар, түсіндірме жазба, смета 
және т.б.)
5.3 Автоматтандыру құралдарын 
қалқандарға, пульттерде, технологи-
ялық жабдыққа орналастыру, техноло-
гиялық үдеріс және құрылғылардың 
күйі туралы ақпарат беру.
5.4 Басқару типтерін таңдау – автомат-
ты немесе қолмен басқару  (орнында 
немесе қашықтықтан). 
5.5 ТҮ автоматтандыру бойынша жо-
балық құжаттарды әзірлеу барысында 
нормативті құжаттаманы пайдалану.
5.6 Автоматтандырудың функцио-
налдық сызбаларын, электрлік прин-
циптік бақылау сұлбаларын дайындау, 
электрлік механизмдерді пневмоавто-
матиканы, қорек сызбаларын басқару, 
электрлік және құбыр сымдарын сы-
ртқы жалғау сызбаларын дайындау.
ОН6 Басқару жүйесінің жобалық 
құжаттамасын дайындау және 
ресімдеуде есептеу техникасы мен 
автоматтандырылған басқару жүй-
елерін пайдалану.
6.1 Жобалаушының жұмыс орнын ұй-
ымдастыру үшін қажетті есептеу тех-
никасы құралдарын жинақтай білу.
6.2  Жобалық құжаттама жинағын жа-
сауға пайдаланылатын бағдарламалық 
жабдықтаманы, қолданбалы бағдар-
ламалар жинақтарын, АЖЖ, мәтіндік 
және графиктік редакторларды білу.
6.3 КОМПАС және графиктік редак-
торлар ортасында жобалау дағдыла-
рын меңгеру.

50
КМ.05 «Бақылау және автоматтандыру жүйелерін баптау»
Мақсаты және міндеті
Аталған  модуль  білім  алушыларға  пайдалану  үдерісіне  автоматтанды-
рылған жүйелерді енгізудің маңызды кезеңінде баптау жұмыстары кешенін 
түсіндіреді. 
Модульге кіріспе
Аспаптар

автоматтандыру жүйелері мен құралдарын пайдалануға дай-
ындауды оларды нысанда орнатуды бастау бойынша монтаждау жұмыста-
рын бастаумен бір мезгілде жүргізу керек. Құралдарды негізгі дайындау 
–  қосу  реттеу  жұмыстары  және  оларды  пайдалануға  жарамды  қалыпқа 
келтіру.
Өлшеу  жүйелерін  баптау  –  бұл  технологиялық  үдерістер  барысы  және 
бақыланатын шамалар мәндері туралы дұрыс ақпаратты алуды қамтамасыз 
ететін  тексеру  және  баптау  бойынша  жұмыстар  кешені.  Реттеу  үш  кезеңде 
жүзеге асырылады.
Бірінші кезеңде дайындық жұмыстары, негізгі жобалық шешімдерді зерт-
теу мен талдау, өлшеу құралдарын монтаждауға дейінгі тексеру орындалады. 
Осы кезеңде тапсырыс беруші өндірістік бөлме мен жобалық құжаттама ұсы-
нады.
Екінші  кезеңде  өлшеу  құралдарын,  технологиялық  бақылау  жүйелерін 
монтаждау дұрыстығы бойынша жұмыстар орындалады, дербес реттеу және 
жүйелерді іске қосуға дайындайды.
Үшінші кезеңде технологиялық бақылау жүйелерін кешенді баптау және 
параметрлерді қалыпты пайдалану жағдайына дейін жеткізу жүзеге асырыла-
ды. Автоматтандыру жүйелері үшін, оның ішінде, тосқауылдау және қорғау 
жүйелері үшін істен шығу қауіпсіз болуы ықтимал, реттеу барысында апатты 
режимі кейіптейтін сынақ режимі бағдарламасы қарастырылған. Реттеу жүй-
елері үшін реттеушілер статикалық және динамикалық бапталады.
Реттелген автоматтандыру жүйелерін пайдалануға беру жеке тораптар бой-
ынша жүзеге асырылады.
Оқыту нәтижелері
Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1.  Монтаждау  алдындағы  тексеру  үдерісінде  қандай  жұмыстар  жүр-
гізілетінін білу.
2. Дербес баптау көлеміне не жататынын білу.
3.Бақылау және автоматты бақылауды реттеу жүйелерінің екінші кезеңін-
дегі жұмыстардың тәртібі мен мазмұны.
4. Баптаудың үшінші кезеңінің жұмыстар құрамын білу.
Модуль мазмұны
1. 
Монтаждауға дейінгі тексеру үдерісінде қандай жұмыстар жүр-
гізілетінін білу
Аспаптар  мен  автоматтандыру  құралдарын
 
монтаждау  алдындағы
 
тексе-
ру – кіріс қадағалау болып табылады және
 
жасаушы зауыттардың нұсқаулық 

51
талаптарының  негізгі  техникалық  талаптарына  сәйкес  тексеру  мақсатында 
жүзеге  асырылады.  Тексеруге  арналған  аспаптарды
,
  арнайы  құралдар  мен 
қосалқы бөлшектерді тапсырыс беруші тексеру зертханасына жеткізуі керек. 
Тексеру барысында: сезімталдық, нөл, межелік аралығы секілді жеке элемент-
терді реттеу, бақылау нүктесін үйлестіру, межеліктерді сандарға және граду-
старға бөлу, дабылдама және тосқауыл элементтерінің қосылу параметрлерін 
белгілеу жүзеге асырылады.
Монтаждау алдындағы тексеру нәтижелері актіде немесе аспаптар төлқұжа-
тында ресімделеді. Жобаға сәйкес келмейтін ақаулығы бар аппаратура алмасты-
ру, жөндеу немесе градустарға тексеру үшін тапсырыс берушіге қайтарылады. 
Техникалық құжаттамасыз жинақтамасы бұзылған автоматтандыру аспап-
тары мен құралдары тексеру жүргізу үшін қабылданбайды.
2. 
Дербес реттеу көлеміне не жататынын білу
Техникалық  құралдарды  дербес  реттеу  орталық  басқару  пункті  мен 
автоматика бөлмелеріндегі жұмыстардан басталады. Бұл жағдайда келе-
сі  жұмыс  түрлері  жүзеге  асырылады:  1.  Қалқандар  және  монтаждалған 
желілер  мен  пульттер  коммутациясын  тексеру;  2.  Электрлік  қорек  тіз-
бектерін  қосуға дайындау; 3. Монтаждау жұмыстарын орындау үшін қа-
уіпсіздік  техникасы  шаралары  қолданылатын  қалқандарға  кернеу  беріп 
тексеру; 4. Біртіндеп аспаптарда позициялар бойынша жабдықты орталық 
басқару  пунктіне  қосады;  5.  Жасанды  сигналдар  көмегімен  автоматика 
құралдарының әрбір позициясының жұмыстарын тексереді; 6. Айныма-
лының өзгерістерін кейіптей отырып, екінші ретті құралдардың жұмыста-
рын тексереді, басқарушы есептеу кешендеріне (БЕК) белгілерді береді; 
7. Орындау режиміне шығуды бақылай отырып, қашықтықтан басқаруды 
сөндіреді, реттеуші шығысының фазасын тексереді; 8. Дабылдама, тосқа-
уыл және басқару жүйелерін реттеу барысында барлық логикалық және 
уақытша тәуелділіктер тексеріледі, уақыт релесін баптау жүзеге асырыла-
ды, командалық аппараттар мен позициялық байланыстар тексеріледі; 9. 
Аппаратураны орталық басқару блогында реттеуден кейін және алғашқы 
датчиктерді  қосқаннан  кейін  өлшеу  және  реттеу  контурлары  реттеледі; 
10. Дербес сынақтарды жүргізумен бір мезгілде технологиялық құрылғы-
ны автоматты басқару және құрылғылар мен автоматтандыру жүйелерін 
қосу  іске  асады;  11.  Осы  кезеңдегі  барлық  жұмыстар  агрегаттарды  іске 
қосу кестесіне сәйкес реттеуші – технологтар басшылығымен жүзеге асы-
рылады.
3. Бақылау және автоматты реттеу жүйелерінің екінші кезеңіндегі жұ-
мыстардың тәртібі мен мазмұны
Қосу реттеу жұмыстарының екінші кезеңінде технологиялық бақылау және 
автоматтандыру  жүйелерін  дербес  реттеу  жүзеге  асырылып,  нысанда  мон-
таждау аяқталады.
Қосу-баптау жұмыстарының көлемі:
1) 
Орындалған монтаждауды тексеру; 
2) 
Байланыс  арналарының  мекенжайларын  келістіру  және  параметр-
лерін фазалау, белгінің дұрыс өтуін тексеру;

52
3) 
Параметрлерді  тексеру  және  баптау,  тізбектерді,  қорек  блоктарын 
қосу;
4) 
Логикалық және уақытша өзара байланысты, қорғау жүйелерін, да-
былдаманы, тосқауыл мен басқаруды тексеру және баптау;
5) 
Атқару механизмдерін фазалау және сипаттамаларын бақылау;
6) 
Сигналдаудың өту дұрыстығын тексеру;
7) 
Нысан  сипаттамаларын  алдын  ала  анықтау,  аппаратура  параметр-
лерін тексеру, есептеу және баптау;
8) 
Дербес  сынақтарға  арналған  бақылау  және  автоматтандыру  жүйе-
лерін дайындау және іске қосу;
9) 
ТҮ ПБЖ арналары мен байланыстарын реттеу;
10)  Тосқауылдау жүйелерін және басқа да жұмыс құжаттамаларын тексе-
ру хаттамасын ресімдеу.
4. Баптаудың үшінші кезеңінің жұмыстар құрамын білу
Үшінші кезеңде/сатыда бақылау және автоматика жүйелерін кешенді баптау 
бойынша шаралар жүзеге асырылады, оларды баптау параметрлері жүйелер 
пайдалану барысында жұмыс жасайтын параметрлер мәндеріне келтіріледі.
Қосу-баптау жұмыстарының көлемі
1) 
Жобада  және  технологиялық  үдерісте  қарастырылған  қорғанысты 
және басқаруды бақылау жүйелерінің элементтері мен құрылғылардың жұ-
мыс істеуін анықтау;
2) 
Тіреу – реттеу аппараттарының іске қосу,өткізу қабілеттерін, ұштық 
және жолдық ажыратқыштардың жұмыстарының дұрыстығын анықтау;
3) 
Реттеу  органдарының  шығын  сипаттамалары  анықталып,  оларды 
баптау элементтері көмегімен қажетті формаға келтіру анықталады;
4) 
Кешенді сынауды қамтамасыз ету үшін технологиялық жабдықтар-
мен бірге бақылау және автоматтандыру жүйелерін қосу және сөндіруге дай-
ындау;
5) 
Нысанның статикалық және динамикалық сипаттамалары нақтыла-
нады, баптау параметрлерінің мәні олардың жұмысқа ықпалын ескере оты-
рыптүзетіледі;
6) 
Бапталған жүйелердің пайдалануға жарамдылығы тексеріліп, анықта-
лады; 
7) 
Құжаттама ресімдеу және жүйені пайдалануға беру
Бақылау және автоматика жүйелерін баптау техникалық жұмыстардың күр-
делі және жауапты түрі болып табылады, оны орындау сапасын автоматты 
бақылау және басқару жүйелерінің жұмысы тәуелді болады.

53
Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері
Осы модульді табысты 
аяқтағаннан кейінгі білім 
алушының оқыту нәтиже-
лері
Бағалау критерийі
Білім алушы міндеттері
ОН1 . Монтаждау алдындағы 
тексеру үдерісінде қандай 
жұмыстар жүргізілетінін 
біледі.
1.1 Қосу-реттеу жұмыстары мен қауіпсіздік 
техникасы бойынша шаралар барысында 
жобаларды түсіну.
1.2 Монтаждау алдындағы тексеру бойынша 
жұмысты ұйымдастыру және орындау.
ОН2  Дербес баптау көлемі 
нені қамтитынын біледі.
2.1 Нысандағы аспаптарды дербес реттеу 
бойынша жұмыстар реттілігін анықтау.
2.2 Баптау жұмыстарына арналған құрылғы-
лар мен аппаратураны пайдалана білу
ОН3 Бақылау және автомат-
ты реттеу жүйелерін баптау-
дың екінші кезеңінде жұмыс 
мазмұны мен тәртібін біледі.
3.1 Монтаждау жұмыстарын орындау дұры-
стығын тексеру.
3.2 Қорек блоктарын, тізбектерді тексеру, па-
раметрлерін баптау және қосуды /орындау.
3.3 Инженер-реттеушінің/баптаушының бас-
шылығымен күрделі жұмыстарды орындау.
3.4 Реттеу жұмыстары барысында қауіпсіздік 
техникасы ережелерін сақтау.
ОН4 Үшінші реттеу кезеңін-
дегі жұмыстар құрамын 
біледі.
4.1 Инженер- баптаушының басшылығымен 
баптау бойынша үшінші кезең жұмыстарын 
орындау.
4.2 Қолданыстағы технологиялық жаб-
дықтарды баптау жұмыстарын орындау ба-
рысында қауіпсіздік техникасы және еңбекті 
қорғау ережелерін сақтау
КМ.06 «Автоматты жүйені есептеу»
Мақсаты және міндеті
Аталған модульді оқыту барысында білім алушыларды автоматтық реттеу 
жүйелерін есептеу, талдауға дайындауды және жүйенің берілген технологи-
ялық талаптарға сәйкестігін зерттеу
Модульге кіріспе
Берілген модуль білім алушыларға автоматты реттеу жүйесінің құрылысын, 
міндетін, оларды құру әдістерін, талдау, есептеу әдістерін және автоматты жүйе 
тәртібін, олардың элементтері мен өлшеу сызбасын зерттеу түсініктерін береді.  
Автоматты реттеу жүйесі нысан және автоматты реттегіштің жиынтығын 
білдіреді.  Басқару  нысаны,  оның  статистикалық  және  динамикалық  сипат-
тамасы түсініктерін береді, объектіге әсер ететін ұйытқуларына,  нысанның 

54
кешіктірілуіне  талдау  жасалады.  Басқару  объектісінің  технологиялық  пара-
метрлерін реттеу және бақылау мүмкіншіліктері мен қажеттіліктері; реттеу 
және бақылау каналдарын таңдау; реттелетін параметр туралы ақпаратты алу 
әдістері, өлшеуіш аспаптардың қызметінің принциптері мен негізгі түрлері, 
олардың  электронды  сұлбаларының  талдануы;  метрологиялық  стандарттар 
негізінде талап етілетін өлшеу дәлдігі мен ақиқаттылыққа жету әдістері; өл-
шеу әдістері, өлшеу нәтижелерін талдау әдістері туралы  талқыланады. Сиг-
нал түсінігі ақпаратты тасымалдау құралы ретінде енгізіледі. Сигнал түрлері 
және олардың сипаттамалары, табиғи және біріздендірілген сигналдар қара-
стырылады. Әртүрлі технологиялық параметрлерді өлшеу әдістері зерделеді. 
Өлшеу сигналдардың түрлендіргіштерінің құрылу негіздері мен қызметі 
және  олардың  сипаттамалары,  өлшеу  тізбегінде  түрлендіргіштерін  енгізу 
сызбасы, автоматты реттеу жүйесінің элементтері ретінде  белгілер түрлен-
діргіштерінің жалпы сипаттамалары қарастырылады. Өнеркәсіппен шыға-
рылатын  электрлік  және  пневматикалық  реттегіштердің,  позициялық  рет-
тегіштер және үздіксіз іс әрекеттегі реттегіштер, тікелей іс әрекеттегі рет-
тегіштер, электрлі, пневматикалық, гидравликалық жетекті және реттеуші 
мүшелердің әр түрлі  типтерінің құрылуы, жұмысы және номенклатурасы 
оқытылады.
Модуль білім алушыларға тұйық және ажыратылған автоматты түрде рет-
теу  жүйелерінің,  жүйенің  қызметтік  элементтерін,  олардың  позициялары 
мен рөлі  туралы негізгі  түсіктері мен анықтамаларын береді. Модульдің 
теориялық  мазмұнын  қолдана  оқушылар    автоматты  реттеу  жүйесінің  қа-
рапайым байланыстарының тасымалдау амалдарын, олардың динамикалық 
анализдері негізінде реттеу жүйесінің тасымалдау амалдарын жаза алады. 
Модульде П, И, ПИ, ПИД типтік реттеуіштердің жіктелуі беріледі, олардың 
тәжірибелік қолданысы, артықшылықтары мен кемшіліктері, реттеу заңда-
рын таңдау, берілген құрылымдық сызба бойынша және белгілі буындар мен 
реттеуіштердің  тасымалдау  амалы  көрінісі  бойынша    реттеу  жүйелерінің  
тасымалдау  амалдарының    орналасуы,  реттеуіштің  күйге  келтіру  параме-
трлерін есептеу, реттеу сапасын анықтау,  реттеу жүйесінің тұрақтылығын 
зерттеу беріледі.
Модуль болашақ мамандарды өлшеу аспаптарын, өлшеу жүйелерін және 
басқару жүйелерін баптау, техникалық қызмет көрсету, пайдалану саласында 
оқыту үшін жарамды болып табылады. 
Білім алушылар модульді оқу  үрдісінде өлшеу аспаптарын таңдауды, олар-
ды калибрлеуді, өлшеу қателігін минималдау мақсатында оларды калибрле-
уді,  параметрлерді  өлшеу  үшін  құрылғыларды  жинауға,  өлшенген  ақпарат-
ты өңдеуге,  автоматты түрде реттеу жүйесіне автоматтандыру құралдарын 
таңдауға, жүйе мен элементтердің статистикалық және динамикалық сипат-
тамаларын талдауды, реттеуіштер мен реттеу контурларын баптауды практи-
калық дағдыланады.
Модуль тәжірибелік және зертханалық жұмыстар, оқу тәжірибе және кәсіпо-
рындағы тәжірибе барысында алынған тәжірибелік дағдыларда негізделеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет