Оқытудың нәтижелері: Сұйықтың табиғатын түсіндіру, қасиетерін анықтау, гидромеханиканы оқығанда әр түрлі есептеулер жүргізу.
Модуль тапсырмалары: 2.1 Газ бен сұйық арасындағы айырмашылықты көрсету.
2.2 СИ жүйесіндегі негізгі шамалардың (уақыт, ұзындық, күш, масса) өлшем бірліктерін анықта.
2.3 Қысымды анықтау.
2.4 Тығыздықты анықтау.
2.5 Меншік салмақты анықтау.
2.6 Меншікті массаны анықтау.
2.7 Меншікті салмақ, масса, тығыздық арасындағы байланысты орнатып, осы байланыстарға арналған есептерді шығар.
Модуль 3. Тұтқырлық
Оқытудың нәтижелері: Сұйық молекулаларының салыстырмалы қозғалысына кедергі болатын сұйықтың қасиеті тұтқырлық екенін түсіндіру.
Модуль тапсырмалары: 3.1 Динамикалық тұтқырлықты анықтау.
3.2 Кинематикалық тұтқырлықты анықтау.
3.3 Тұтырлықтың өлшем бірліктерін СИ жүйесінде және америкалық өлшем бірлігінде анықтау.
3.4 Ньютондық және бингхэмдық сұйықтар арасындағы айырмашылықты көрсету.
Модуль 4. Қысым
Оқытудың нәтижелері: Қысымды өлшеудің әр түрлі әдістерін сипаттау және манометрді қолданып, есептеулер жүргізу.
Модуль тапсырмалары: 4.1 Абсолют, артық және атмосфералық қысым арасындағы өзара байланысты қолдану және анықтау.
4.2 Жер бетіне жақын қашықтықтардағы атмосфералық қысымның өзгеру дәрежесін қолдану және анықтау.
4.3 Қалыпты атмосфералық қысымдағы ауаның қасиеттерін сипаттау.
4.4 Қысым жоғарлаған кездегі ауаның қасиеттері мен сұйық ішіндегі қысымды сипаттау.
4.5 Тереңдеу шамасының ұлғаюы мен сұйық ішіндегі қысымның арасындағы байланысты сипаттау.
4.6 Манометр құрылысын және онымен қысымды өлшеу әдісін сипаттау.
4.7 Сұйықтық манометрдің, дифференциалдық манометрдің, бір трубкалы монометрдің және көлбеу бір трубкалы манометрдің қызметтері мен қолданылулары.
4.8 Барометр құрылысы мен жергілкті атмосфералық қысымды көрсету әдістерін сипаттау.