Сындарлы кері байланыстың жеті белгісі:
1. Өз көзқарасыңыз бен анықтамаларыңызға сүйене отырып емес, нақты фактілер негізінде
сөйлеңіз.
2. Мұғалімнің жеке басының ерекшеліктеріне емес, оның жұмысының нәтижелеріне баса
назар аударылуы керек.
3. Оқу мақсаттарына сәйкестігін міндетті түрде ескеру қажет.
4.
Сыйластық, сенімді қарым-қатынасты сақтау керек.
5. Кері байланыс мұғалімге үстемдік жасамай, сұрақтарды
қабылдауға және қоюға
мүмкіндік бере отырып ұсынылуы керек. Кері байланыс екі жақты процесс екенін ұмытпаңыз,
сондықтан мұғалімге мақсатқа жету жолдарын өз бетінше анықтай алатындай сұрақтар қойыңыз.
6. Кері байланыс болашаққа деген сенімділікті оятуы керек.
Мұғалімнің болашақта алға
қойған мақсатына жететініне сенімділік сезімі болуы керек.
7. Кері байланыс жүйелі болуы керек.
Бұл бір реттік шара емес, жүйелі жұмыс. Кері
байланыстан кейін мұғалім өз жұмысына түзетулер енгізіп, өзгерістер мен өзінің дамуын бағалай
білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: