шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді. Бақылау оқу, әдістемелік, ғылыми, тәрбиелік
жұмыстарды ұйымдастыруды жақсартуға, оқу процесін қамтамасыз ету бойынша іс-әрекеттерді
үйлестіруге, оған қатысушылардың барлығының ұйымшылдығын арттыруға көмектеседі,
оларды өз мүмкіндіктері
мен уақытын ұтымды бөлістіріп, жоспарлы түрде бірізді жұмыс істеуге
бағыттайды.
-
Бақылаудың интегративті функциясы оның негізін қалаушы қағидаттардан —
бақылаудың
жүйелілігі,
толықтығы мен
кешенді сипатынан туындайды. Бұл функция
педагогикалық жүйенің барлық элементтері үшін бақылаудың барлық түрлері мен формаларын
ұйымдастыру жалпы мақсатқа — жоғары сапалы білімге қол жеткізуге және қазіргі қоғамның
білім беру ұйымына жүктеген міндеттерін шешуге бағытталуы керек екендігімен сипатталады.
-
Бақылаудың болжау функциясы оны жүргізу барысында алынған ақпаратты пайдалы
қолданудың сипатын анықтайды. Білім беру ұйымын басқарудың стратегиялық мәселелерін
шешудің сәттілігі көбінесе болжамдық модельдерді құру сапасымен анықталады, ал олардың
жеткіліктілігі, өз кезегінде, бақылау жүйесінің тиімділігіне байланысты болады.
Педагогикалық бақылаудың жетекші
қағидаттары:
-
білім беру ұйымындағы бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастырудың жүйелі тәсілін
анықтайтын
бірыңғай әдістемелік жүйе;
-
бақылау жүйесін жобалау кезіндегі
педагогикалық мақсаттарға басымдық беру
қағидаты. Бақылаудың түпкі мақсаты ақпарат жинау, стандарттарды белгілеу және
проблемаларды анықтау емес, білім беру ұйымының әлеуметтік функциясының жүзеге
асырылуын қамтамасыз ету;
-
білім беру ұйымы қызметінің барлық жақтарын бағалауды қамтамасыз ететін
кешенділік.
Орынсыз басқару механизмі маңызды ақпаратты көрсетуден гөрі бүркемелеп, кері әсерін тигізуі
мүмкін;
-
бақылаудың
дер кезінде жүзеге асырылуы оның жиілігінде емес, бақыланатын нәрсеге
қатысты уақыт аралығын дұрыс таңдауда болып табылады;
-
бақылаудың
икемділігі; бақылау сыртқы және ішкі ортадағы өзгерістерге сәйкес
бейімделуі керек;
-
бақылаудың
қарапайымдылығы; бақылау қарастырылатын мәселенің күрделілігіне
сәйкес болуы тиіс. Қарапайым бақылау тәсілдері көп күш
жұмылдыруды қажет етпей, көп
нәрсені үнемдеуге мүмкіндік береді;
-
білім беру ұйымының басшылары мен қызметкерлерін, сондай-ақ, оқушыларды,
олардың ата-аналарын және басқа да мүдделі тараптарды бақылау нәтижелері туралы хабардар
етуді қамтитын бақылау нәтижелерінің
қолжетімділігі.
Осы
міндеттерді, функциялар мен қағидаттарды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз
ету бақылауды жүзеге асырудың
мазмұнына, әдістеріне, ұйымдастырушылық нысандары мен
құралдарына қойылатын негізгі
талаптарды анықтайды.
Бұл
талаптарға мыналар жатады:
- білім беру жүйесінің барлық маңызды жақтарын бақылауды толық қамту (мазмұнның
валидтілігі), бақылаудың әр түрлі формаларының үйлесімділігі. Бұл талап өлшенетін
параметрлердің нені және не үшін бағалау қарастырылғанына сәйкестігін білдіреді;
- бақылау мазмұнының білім беру қызметінің мазмұнына сәйкестігі (функционалдық
сәйкестік). Бұл талап бақыланатын (өлшенетін) сипаттамаларды басқарылатын сипаттамаларға
аудару қажеттілігін анықтайды. Бақылау үшін бақылаудың мағынасы жоқ, ол әрдайым білім беру
процесін өзгерту (жетілдіру) жөніндегі қадамдарды жүзеге асырумен қатар жүруі керек;
- критерийдің валидтілігі – өлшенетін көрсеткіштердің эталондық (қажетті) мәндерін
негіздеудің жеткілікті деңгейі;
- қабылданатын шешімдердің түрін ескеру білім беру ұйымын басқару жүйесіндегі
бақылау функцияларын көрсетеді. Бұл талапты орындау қарапайым жағдайлар үшін бақылау
рәсімдерінің негізсіз күрделенуіне жол бермеу үшін бақылаудың нақты деңгейі үшін және
бақылау жүргізілетін нақты процесс үшін мүмкіндіктерге талдау жүргізу қажеттілігін білдіреді;
- сенімділік - қайта бақылау кезінде нәтижелердің аса өзгеріссіз тұрақтылығын болжайды;
- бақылау формалары мен әдістерінің мазмұны мен оны жүргізу жағдайларына сәйкестігі
ешқандай өлшеу құралы әртүрлі объектілердің ұқсас параметрлері бойынша немесе олардың
жұмыс істеуінің әртүрлі жағдайларында да бағалаудың бірдей дәлдігі мен сенімділігін
қамтамасыз ете алмайтындығына байланысты. Сондықтан, педагогикалық бақылаудың әмбебап
модельдерін құру үшін әрдайым бақыланатын объектінің ерекшелігін және бақылау жүргізілетін
жағдайларды ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: