Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



Pdf көрінісі
бет4/68
Дата11.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#67058
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Педагогикалық бақылау түрлерінің, оның ұйымдастырушылық формалары мен 
құрылымдарының көптеген жіктелімі бар. 
1-сурет. Бақылау құрылымы. 
Сыртқы және ішкі бақылау 
Сыртқы бақылауды (сыртқы аудит) білім беруді басқару органдары, кәсіби 
қоғамдастықтар мен қоғамдық ұйымдар жүзеге асырады. Сыртқы бақылаудың мазмұны, әдетте, 
мыналардан тұрады:
- білім беру процесі жағдайларының лицензиялық талаптарға сәйкестігін бағалау;
- білім беру мазмұнының, деңгейі мен сапасының аттестаттау талаптарына сәйкестігін 
бағалау;
- білім беру процесінің мақсатының, жағдайларының, мазмұны мен нәтижелерінің 
(тиімділігінің) мәлімделген үлгідегі және түрдегі оқу орны үшін аккредиттеу көрсеткіштеріне 
сәйкестігін бағалау; 
- профилактикалық бақылауды жүзеге асыру. 
Профилактикалық бақылау: 
- бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау
- бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау 
Білім беру саласындағы бақылау объектілері – мемлекеттік бақылауға жататын бақылау 
субъектілерінің меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде болатын мүлкі; 
Білім беру саласындағы бақылау субъектілері - мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын 
қызмет үшін оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен 
өкілдіктері, жеке тұлға, заңды тұлға 



Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерге (объектілерге) қатысты 
жоспардан тыс тексерулер, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық 
бақылау қолданылады. 
Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) 
қатысты жоспардан тыс тексерулер және бармай жүргізілетін профилактикалық бақылау 
қолданылады. 
Жоғары тәуекел дәрежесіне жататын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бару 
арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар 
қолданылады (см. «Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау 
өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығы). 
Білім беру ұйымы өз қызметін лицензиясы болған жағдайда ғана бастай алады. 
Лицензиялау - бұл мектептің мемлекеттік стандарттар деңгейінде жалпы орта білім алу бойынша 
қызметтерді ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыру құқығын растау. Лицензиялаудың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет