Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



Pdf көрінісі
бет49/68
Дата11.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#67058
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

Тәжірибені зерттеу. Осы әдістің көмегімен нақты мәселелерді шешу жолдары талданады, 
мұндай шешімдерді жаңа жағдайларда қолданудың мақсатқа лайықтылығы жайлы ақылға 
салынған тұжырымдар жасалады. Ол мұрағаттық деп аталатын басқа әдіспен - бастапқы 
түпдеректерді зерттеумен тығыз байланысты. Оқу-тәрбие бағдарламалары, жарғылар, 
оқулықтар, сабақ кестелері - бір сөзбен айтқанда, белгілі бір мәселенің мәнін, шығу тегі мен даму 
бірізділігін түсінуге көмектесетін барлық материалдар зерттеледі. 
Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогикалық ұжымдардың, жеке 
мұғалімдердің озық тәжірибесін зерттеуді де тәжірибені зерттеуге жатқызады. 
Мектеп құжаттамасын талдау. Оқу үдерісін сипаттайтын мектеп құжаттамасын 
талдау сынып журналы, жиналыстар мен мәжілістер хаттамаларының кітаптары, сабақ 
кестелері, ішкі ережелер, мұғалімдердің күнтізбелік және сабақ жоспарлары, сабақтардың 
конспектілері мен стенограммалары және т.с.с. ақпарат көздерін зерттеуді қамтиды. Бұл 
құжаттарда себеп-салдар байланыстарын, зерттелетін құбылыстар арасындағы байланысты 
орнатуға септігін тигізетін көптеген объективті мәліметтер бар. Мысалы, құжаттаманы зерттеу 
денсаулық жағдайы мен оқу үлгерімі, сабақ кестесінің сапасы мен студенттердің үлгерімі және 
т.б. арасындағы байланысты анықтау үшін құнды статистикалық деректер береді. Мектеп 
құжаттамасын зерттеу басқа әдістермен міндетті түрде ұштастырылуы керек. 


Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын зерттеу - барлық оқу пәндері бойынша 
үй және сынып жұмыстарын, шығармаларды, рефераттарды, есептерді, эстетикалық және 
техникалық шығармашылық нәтижелерін зерттеу. Бос уақытпен, хобби-істердің өнімдері деп 
аталатын нәрселер де үлкен қызығушылық тудырады. Оқушылардың дара ерекшеліктері, 
бейімділіктері мен қызығушылықтары, өздерінің істеріне және міндеттеріне деген көзқарасы, 
ыждаһаттылық, еңбексүйгіштік және басқа да қасиеттердің даму деңгейі, әрекетшілдік себептері 
- бұл әдісті сәтті қолдануға болатын білім беру аспектілерінің шағын ғана тізімі. Барлық басқа 
әдістер сияқты, ол мұқият жоспарлауды, дұрыс қолдануды, қадағалау мен сұхбаттардың икемді 
үйлестірілуін қажет етеді. 
Әңгімелесу. Сұхбат, диалог, пікірталастарда адамдардың ойы, олардың сезімдері мен 
ниеттері, көзқарастары мен ұстанымдары анықталады. Педагогикалық сұхбат зерттеу әдісі 
ретінде сұхбаттасушының ішкі әлеміне енуге, оның түрлі әрекеттерінің себептерін анықтауға 
мүмкіндік береді. Алайда өз кезегінде сұхбаттар өте күрделі және әрдайым сенімді әдіс бола 
бермейді, сондықтан оны басқа әдістерді байқау немесе қолдану кезінде жеткіліксіз анық 
болатын нәрселер жайлы қажетті түсініктемелер мен нақтылау алу үшін қосымша әдіс ретінде 
жиі қолданылады. Сұхбаттасу нәтижелерінің сенімділігін арттыру үшін арнайы шаралар 
қолданылады, оларға келесілері кіреді: 

нақты, жақсы ойластырылған сұхбат жоспарының бар болуы, 

мәселелерді әр қырынан және байланыстар тұрғысынан талқылау, 

сұрақтарды түрлендіру, оларды сұхбаттасушыға жағымды түрде қою; 

жағдайды пайдалана білу қабілеті, сұрақтар мен жауаптардағы тапқырлық. 
Сұхбаттасушының келісімімен сұхбат барысы жазылып (аудио, бейне) алынуы мүмкін. 
Сұхбат алу. Сұхбат алу - әңгімелесудің түрі, оның жаңа модификациясы. Сұхбат алу 
зерттеуші алдын-ала дайындалған сұрақтарды ұстана отырып, оларды белгілі бір ретпен қойған 
кездегі ашық талқылаудан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет