Бұл - әртүрлі статистикалық көрсеткіштерді білім сапасының интегралдық
индикаторын
құру
үшін
қолдануға
болатындығының
мысалы.
Интегралдық
индикаторлардың негізгі артықшылықтары:
- олар бағаланатын санаттың мазмұнын толығырақ көрсетеді, өйткені олар әртүрлі
өлшем бірліктерімен өлшенетін бір емес, бірнеше факторларды ескереді;
- сыныптарды салыстыру, саралау мүмкіндігі болады.
Егер сізде бірнеше, тіпті оншақты көрсеткіш болса, озат оқушыларды анықтап көріңіз.
Кейбір көрсеткіштер бойынша көшбасшы бір сынып болса, басқасы бойынша - екінші сынып
алда болып шығады.
Олардың қайсысында білім сапасы жоғары екенін қалай бағалауға болады? Интегралдық
индикатор осыған мүмкіндік береді. Тек оның нені білдіретінін, оны қалай есептейтінін келісіп
алу керек. Нәтижесінде сіз басқарушылық шешім қабылдау мен бағалаудың пәрменді құралына
ие боласыз.
Дұрыс анықталған индикатор:
- талдаудың мақсатына сай болуы;
- пайдаланушының (басшының) қажеттіліктерін қанағаттандыруы;
- зерттеу объектісіне толық сипаттама беруі;
- ақпаратты бұрмаламай жалпылауы тиіс.
Ол:
- салыстырмалы басқа индикаторларен құрылымдық тұрғыдан байланысты,
- дәл және салыстырмалы, шынайы және сенімді;
- алға қойылған мақсатпен немесе нормативпен жетістік деңгейін бағалау;
- маңызды бағыттарды анықтауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: