8-кесте. Мониторинг деректерін жинау жүйесі (есептілік жүйесі)
№ Ақпараттың түрі (статистикалық деректер) Жинау (кім жинайды? қаншалықты жиі?) Талдау (кім талдайды? не үшін?) Басқару процессінде пайдалану (қалай пайдаланылады?) 1
2
Деректерді жинау әдістері Білім сапасын мониторингілеу объектілері туралы ақпарат жинау үшін қандай әдістерді
қолдану керек?
Мониторингті жүзеге асыру барысындау деректерді жинаудың сандық және сапалық әдістерін қолдануға болады.
Деректер жинаудың әдістерін сапалық және сандық деп сұрақтардың негізгі тұжырымдары
бойынша бөлуге болады. Сандық әдіс «қанша?», «неше рет?», «қаншалықты жиі?» деген
сұрақтарға жауап іздеуге - яғни есептелетін деректерді жинауға бағытталған, соның негізінде
рейтингтер, коэффициенттер, пайыздық үлестер айқындалады, графиктер, диаграммалар және
т.с.с. салынады.
Сапалық әдіс «неге?», «не үшін?», «неліктен?», «қалайша?» деген сұраққа жауап береді
және себеп-салдарлық байланыстарға икемді талдау жүргізуге, зерделенетін объектінің
(үдерістің) құрылымы мен компоненттерін белгілеуге мүмкіндік береді. Сапалы тәсіл жеке
субъектілердің түйсігіне, пікірлеріне, ой-талқылауларына сүйенеді, олар кейбір жағдайларда
статистикалық мәліметтерге қарағанда маңызды болуы мүмкін.
Сапалық әдістер. Бақылау. Бұл зерттелетін объектіні, үдерісті немесе құбылысты табиғи жағдайда зерделеп
қабылдау. Бақылау тиімділігін арттыру үшін ол ұзақ мерзімді, жүйелі, жан-жақты, объективті және бұқаралық болуы керек. Бақылау педагогикалық құбылыстардың ішкі мазмұнын ашпайды,
бұл әдісті қолданған кезде ақпараттың толық объективтілігін қамтамасыз ету мүмкін болып емес.
Сондықтан ол көбінесе зерттеудің бастапқы кезеңінде басқа әдістермен ұштастыра қолданылады.