Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



Pdf көрінісі
бет35/68
Дата11.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#67058
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

Халықаралық деңгей. PISA Білім алушылардың жетістігін халықаралық бағалау 
бағдарламасы, TIMSS Математика және жаратылыстану білім беру сапасын бағалау 
халықаралық бағалау, PIRLS "Мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеу" халықаралық зерттеуі 
және т.б. 
Республикалық деңгей. Елдегі білім беру жүйесінің дамуын болжау және оны жетілдіру 
туралы шешім қабылдау білім беру жүйесінің жұмыс істеуі туралы жүйелі түрде жинақталған 
және объективті түрде ұсынылған мәліметтерг негізінде жүзеге асырылады.  
 
 
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) білім беру 
ұйымдарынан тәуелсіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 
қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартына (МЖБС) сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылау болып 
табылады.
ББЖМ кейіннен әдістемелік көмек көрсете отырып және білім беру сапасын қамтамасыз 
ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, тестілеу нәтижелерін дайындауды және жүргізуді, 
өңдеуді және жүйелі талдауды қамтиды. 
Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сәйкес білім 
алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі (Білім алушылардың білім 
жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына 1-қосымша) 
 
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тәртібі 
Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ Білім туралы Заңның 55-
бабының 4-тармағына сәйкес 4 және 9-сынып білім алушыларының арасында жүргізіледі. 
ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде үш бағыт (оқу 
сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша 
жүргізіледі. 
ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде 
екі бағыт (математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша, үш 
тілде (орыс, қазақ және ағылшын) бір бағыт (оқу сауаттылығы) бойынша жүргізіледі. 
Тестілеу жыл сайын сәуір айында тестіленушілер оқитын орта білім беру ұйымдарының 
базасында және қараша айында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдарының базасында өткізіледі.


ББЖМ жүргізілгеннен кейін білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін анықтау үшін 
орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 
тестіленушілері мен педагогтері арасында жасырын сауалнама жүргізіледі. 
ББЖМ нәтижелері білім беру ұйымдарының назарына ол аяқталған күннен кейін үш 
жұмыс күні ішінде жеткізіледі және құқықтық салдары болмайды. 
ББЖМ нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында 
орналастырылады (Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары, 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 
бұйрығына 1-қосымша

 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет