Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі


Мектепішілік мониторинг индикаторлары



бет56/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

Мектепішілік мониторинг индикаторлары

Мектепаралық салыстыру индикаторлары

Мұғалімге сыныптағы үлгерім деңгейіне арақатынасындағы оқушы жүктемесі (сынып үлгерімінің орташа балына бөлінген "оқушы-мұғалім" арақатынасы)

Мүғалімге n-сыныптардағы (бастауыш мектеп сыныптарында, жалпы орта білім беру бағдарламаларында; толық орта білім беру бағдарламаларында; пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда)үлгерім деңгейіне арақатынаста оқушы жүктемесі

Бітіруші сынып оқушылары арасындағы «Алтын белгі» иегерлерінің үлесі

«Алтын белгі» иегерлерінің мектеп түлектері арасындағы үлесі

Пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда өткізілген тестілеу нәтижелері бойынша орташа балл

Мектептің барлық оқушылары арасындағы пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптардағы (топтардағы) оқушылардың үлесі

Көріп отырғанымыздай, статистикалық деректерді мектеп ішіндегі білім сапасын мониторингілеу үшін де, мектепаралық салыстыру үшін де пайдалануға болады. Екі жағдайда да мектеп директоры өз мектебінің, жеке сыныптардың, сынып жетекшілердің және мұғалімдердің қызметін талдау үшін қосымша құралдар алады. Сонымен бірге, біріншіден, барлық индикаторлар, оларды есептеу әдістемесі барлық мониторинг субъектілері үшін түсінікті болуы, екіншіден, бастапқы мәліметтер мен есептеу нәтижелері кез келген мониторинг қатысушысы үшін қолжетімді және оңай тексерілуі өте маңызды. Ең бастысы, индикаторлар зерттеу, талдау мақсатымен, бағалау мазмұнымен «байланысты» болуы тиіс.




МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ НЕГІЗІНДЕ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ
Мониторингтің соңғы кезеңі - басқарушылық шешімдерді қабылдау.
Педагогикалық менеджменттің шешімі - бұл білім беру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған білім беру басшысының өз құзыреті шегінде баламалы таңдауы.
Шешім қабылдау - бұл уақыт бойынша жүретін және бірнеше кезеңдерде жүзеге асырылатын процесс; қол жетімді бірқатар нұсқалардың ішінен бір әрекетті, бір баламаны таңдау.
Басқарушылық шешім - бұл менеджердің нақты бір басқарушылық қызметінің нәтижесі. Шешім қабылдау – басқарудың негізі.
Ұйымда шешім қабылдау келесідей сипатталады: адам жүзеге асыратын мақсатты қызмет; фактілер мен құндылық бағдарларына негізделген мінез-құлық; ұйым мүшелерінің өзара әрекеттесу процесі; таңдау; жалпы басқару процесінің бөлігі.
Басқарушылық шешімдердің мақсаты - ұйымға жүктелген міндеттерге қарай қозғалысты қамтамасыз ету.
Шешімді әзірлеу және қабылдау - бұл кез келген деңгейдегі жетекшілердің қызметіндегі шығармашылық процесс, оның ішінде:

  • мақсатты анықтау және қою;

  • алынған ақпарат негізінде мәселені зерттеу;

  • тиімділік (нәтижелілік) критерийлерін және қабылданатын шешімнің ықтимал салдарын таңдау және негіздеу;

  • проблеманы (міндетті) шешудің әртүрлі нұсқаларын мамандармен талқылау;

  • оңтайлы шешімді таңдау және тұжырымдау;

  • шешім қабылдау;

  • оның орындаушылары үшін шешімді нақтылау.

Басқарушылық шешімдерді өзара байланысты әртүрлі критерийлер бойынша жіктеуге болады: мысалы, басқару субъектілері бойынша (мемлекеттік және шаруашылық органдар, қоғамдық ұйымдар, әрекет ету мерзімі (ұзақ, орта және қысқа мерзімді), әсер ету объектісіне сәйкес (ішкі және сыртқы), дайындау және қабылдау қағидасына сәйкес (жеке және алқалы), функционалды бағдар бойынша (жоспарлы, ұйымдастырушылық, үйлестіру, үйлестіруші, реттеуші, бақылаушы), басқару функциялары бойынша (жоспарлы, ұйымдастырушылық, мотивациялық, бақылау). Нақты шешімдер бір мезгілде әртүрлі шешімдерге қатысты болуы мүмкін.
Білім беру мониторингінде басқарушылық шешім қабылдау процесіне жетекшінің түйсігі, тәжірибесі, білімі сияқты факторлар әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет