Корреляциялық талдау. Корреляциялық талдау әртүрлі айнымалылардың сипатын бағалауға мүмкіндік береді.
Индекстік талдау. Индекстер күрделі үдеріске бірнеше факторлардың әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Индекс - бұл екі аттас көрсеткішті салыстыру нәтижесі, оны есептеу кезінде индекс қатынасының алымы (салыстырылатын немесе есептік деңгей) мен индекс қатынасының бөлімі (салыстыруға негіз болып тұрған базисті деңгей) арасындағы айырмашылықты анықтау керек. Базаны таңдау зерттеу мақсатына байланысты.
Алынған нәтижелерді интерпретациялау Интерпретация/түсіндіру - бұл қандай да бір теория элементтеріне (өрнектер, формулалар, символдар және т.б.) берілген мағыналардың жиынтығы.
Деректерді интерпретациялау алынған деректерді көрсеткіштерге, яғни сандық және сапалық көрсеткіштерге айналдырудан тұрады.
Интерпретация әдістері (лат. Interpretatio - түсіндіру, ұғындыру) эмпирикалық ақпаратты аналитикалық-теориялық өңдеу болып табылады.
Интерпретациялау әдістері келесідей екі түрге бөлінеді:
1) редукционизм- жеңілдетілген түсініктемелер;
2) конструктивизм - редукционистік түсініктемелерді толықтыратын түсіндіру модельдерін құру.
Жалпылау интерпретацияның маңызды әдісі ретінде объектілердің (құбылыстардың) тобы үшін олардың маңызды сапалық сипаттамаларын көрсететін елеулі белгілерін анықтап тұжырымдауды білдіреді. Эксперименттік тәжірибеде жалпылау әдетте зерттеу процесінің келесі негізгі аспектілеріне қатысты болады:
жағдайды жалпылау - нәтижелерді ауқымы үлкен ұқсас жағдайларға қатысты деп қарастыруды көздейді;
жауаптарды жалпылау - оларды біріктіретін бір жалпы санат бойынша әртүрлі реакцияларды қорытындылауды білдіреді;
жеке тұлға деңгейінде жалпылау- іріктеменің репрезентативтілігін қамтамасыз етуді, яғни осы түрінің жағдайында сыналатындардың сол контингент жауаптарының кең ауқымды адамдарға сәйкестігін білдіреді;