Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



бет53/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

байланысты жалпылау - айнымалылар арасындағы байланысты орнату (әдетте екі айнымалы арасындағы эксперименталдық тәжірибеде). Оны жалпылаудың әртүрлі деңгейінде жасауға болады.

Мониторинг деректерін талдау және түсіндіруді өңдеу логикасы
Мектеп қалай дамып жатыр? Бір сыныптың басқа сыныптан айырмашылығы неде? Көрші мектептер несімен ерекшеленеді? Олардағы білім сапасын қалай өлшеуге болады?
Бұл сұрақтарға статистикалық көрсеткіштер бірден жауап бермейді. Ол үшін бізге статистикалық аналитикалық жұмыс құралдары ретінде индикаторлар қажет.
Индикаторлар статистикалық аналитикалық жұмыс құралы ретінде білім беру жүйесінің сапалық аспектілерін талдау құралы ретінде «шикі» деректерді мағыналы ақпаратқа айналдыру арқылы жағдаяттар мен проблемалық мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді.
Көрсеткіштерден индикатор құру үшін нені өлшегіміз келетінін білуіміз керек.
ҰБДҚ-дан дайын статистикалық көрсеткіштерді пайдаланып білім сапасы бағалайтын қарапайым индикатор құрудың мысалын қарастырайық.
Сізде келесі деректер бар делік (мәліметтер базасынан): «Алтын белгі» белгісімен марапатталған орта білім туралы аттестат алғандардың саны.
Осы дерек бойынша бұл мектепте жақсы оқытады ма деген сұраққа жауап беруге бола ма? Бұлай, дұрыс болмас. Мұны бір объектімен, мысалы, көрші мектеппен салыстыру керек болады. Ал, біздің мектепте «Алтын белгі» аттестатымен мектепті бітірген түлектердің саны, мысалы, 7 адам, ал көрші мектепте - 9 адам болса ше? Демек, біз нашармыз ба? Жоқ, бұл әлі индикатор емес, өйткені көрші мектепте түлектер саны ьізден бір жарым есе көп, ал «Алтын белгі» иегерлері бар болғаны 1,3 есе көп болды. Басқаша айтқанда, біздің мектепті бітірушілерге шаққандағы «Алтын белгі» иегерлерінің үлесі көршілерімізге қарағанда жоғары. Бұл - білім сапасы индикаторының қарапайым мысалы.
Бұл индикаторды мектептің әртүрлі сыныптарындағы білім сапасын бағалау үшін де қолдануға болады. Ол келесі түрде болады:


Білім сапасын бағалау үшін тағы қандай көрсеткіштерді қолдануға болады?


«Бітіруші сыныптағы жалпы орта білім туралы аттестат алмаған оқушылардың саны» көрсеткішін қолдана отырып, «мектеп түлектерінің жалпы саны» мен «аттестат алмағандар санын» белгілеп, сапаның екінші индикаторын (дәлірек айтқанда, сапаның жоқтығын) шығаруға болады. Бұл индикатормен әртүрлі сыныптарды, мектептерді және т.б. салыстыруға болады.



Әртүрлі статистикалық көрсеткіштерді қолдана отырып, одан да күрделі, интегралдық индикатор құру арқылы әрі қарай тереңдеуге болады. Бұл жағдайда әрбір қарапайым индикаторға оның салмағы, интегралдық индикатордың жалпы мәніндегі маңызы беріледі. Бұл салмақ коэффициент түрінде сарапшылардың шешімімен белгіленеді. Мысалы, білім сапасын жалпы бағалау үшін «Алтын белгі» иегерлерінің болу маңыздылығын 0,7 коэффициентімен (плюс белгісімен) бағалауға, ал аттестат алмағандар түріндегі кемшіліктердің маңыздылығын 0,8 коэффициенті бойынша (минус белгісімен) бағалауға болады. Нәтижесінде, осы екі компоненттен тұратын білім сапасының интегралдық индикаторы «Алтын белгі» иегерлерінің үлесі түрінде сыныптың жетістігі мен аттестат алмағандар үлесі арқылы жіберілген кемшіліктерді көрсетеді.


Егер осы интегралдық индикаторды (Iintegr) формула ретінде жазатын болсақ, онда ол мынадай түрде болады:



Бұл - әртүрлі статистикалық көрсеткіштерді білім сапасының интегралдық индикаторын құру үшін қолдануға болатындығының мысалы. Интегралдық индикаторлардың негізгі артықшылықтары:



  • олар бағаланатын санаттың мазмұнын толығырақ көрсетеді, өйткені олар әртүрлі өлшем бірліктерімен өлшенетін бір емес, бірнеше факторларды ескереді;

  • сыныптарды салыстыру, саралау мүмкіндігі болады.

Егер сізде бірнеше, тіпті оншақты көрсеткіш болса, озат оқушыларды анықтап көріңіз. Кейбір көрсеткіштер бойынша көшбасшы бір сынып болса, басқасы бойынша - екінші сынып алда болып шығады.
Олардың қайсысында білім сапасы жоғары екенін қалай бағалауға болады? Интегралдық индикатор осыған мүмкіндік береді. Тек оның нені білдіретінін, оны қалай есептейтінін келісіп алу керек. Нәтижесінде сіз басқарушылық шешім қабылдау мен бағалаудың пәрменді құралына ие боласыз.
Дұрыс анықталған индикатор:

  • талдаудың мақсатына сай болуы;

  • пайдаланушының (басшының) қажеттіліктерін қанағаттандыруы;

  • зерттеу объектісіне толық сипаттама беруі;

  • ақпаратты бұрмаламай жалпылауы тиіс.

Ол:

  • салыстырмалы басқа индикаторларен құрылымдық тұрғыдан байланысты,

  • дәл және салыстырмалы, шынайы және сенімді;

  • алға қойылған мақсатпен немесе нормативпен жетістік деңгейін бағалау;

  • маңызды бағыттарды анықтауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет