Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі


Индикаторға қойылатын ең маңызды талап - талдаудың мақсатына сәйкес болу. Мұны қалай қамтамасыз етуге болады?



бет54/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63
Индикаторға қойылатын ең маңызды талап - талдаудың мақсатына сәйкес болу. Мұны қалай қамтамасыз етуге болады?
Индикаторлар мониторингтік талдаудың мақсаты мен тақырыбына сүйене отырып жасалуы керек. Статистикалық көрсеткіштер тұжырымдалған индикаторларға сәйкес алынады.
Индикаторды анықтаудың жалпы логикалық сызбасы төменде келтірілген (9-сурет). Индикатор талдаудың мақсаты мен тақырыбы негізделіп, дұрыс құрылымдалуы керек.



Талдаудың мақсаты мен тақырыбы

нені өлшеу керек?



Индикатор

немен өлшеу керек?



қалай есептеу
керек?



Есептеуге қажетті көрсеткіш (деректер)



Деректер көзі

оны қайдан алу керек?

9-сурет. Индикатор құру сызбасы


Мектепті басқару мақсатында қандай индикаторлар жүйесін жасауға болады?
Индикаторларды қолдана отырып, талдау нысаны бола алатын проблемалық блоктардың болжалды тізімі:

  • оқушылар контингенті: жынысы мен жас құрылымы, сапалық құрамы, білімге деген көзқарасы және т.б.;

  • білім беру мекемесінің ресурстары - кадрлар потенциалы, оқу-материалдық база, мектептің қаржылық балансы және т.б.;

  • білім берудің сапасы мен тиімділігі: білім мазмұны, оқушылардың білім деңгейі, оқу процесінің тиімділігі және т.б.

Әрбір проблемалық блок үшін мүмкін болатын индикаторлар жиынтығын қарастырайық.


Оқушылар контингентінің индикаторлары
Оқушылар контингентінің индикаторлары мектеп бюджетін жоспарлау үшін де, оқушылар құрамының сапасына мониторинг жасау үшін де қажет. ҰБДҚ қолдану арқылы да есептелген контингент индикаторлары бақылауға және болжауға мүмкіндік береді:

  • мектептің кадрлық, әдістемелік және білім беру процесін басқа да қамтамасыз ету қажеттілігі;

  • мектептің ақылы қызметтерді ұйымдастыруға арналған қосымша кадрларға және басқа ресурстарға қажеттілігі (пәндерді тереңдетіп оқыту, шет тілі, спорт секциялары және т.б.);

  • мектептің мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға жағдай жасау ресурстарына қажеттілігі және т.б.

Контингент индикаторларын құрудың қарапайым тәсілі - әртүрлі топ оқушыларының жалпы санындағы үлесін есептеу. Мысалы, :

  • қыздардың (гендерлік фактор) үлесі;

  • негізгі мектеп курсын экстернмен емтихан тапсырған және жалпы орта білім туралы аттестат алған оқушылар үлесі;

  • орта мектеп курсын экстернмен емтихан тапсырған және негізгі орта білім туралы аттестат алған оқушылар үлесі;

  • мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы сыныптардағы оқушылар үлесі;

  • ақылы қосымша білім беру қызметтерін пайдаланатындар үлесі;

  • пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптардағы (топтардағы) оқушылар үлесі және т.б.

Жылдар бойынша немесе басқа мектептермен салыстыру арқылы алынған үлес салмағы оқушылар контингентінің сандық және сапалық өзгерістерінің тенденцияларын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет