3.Глобуспен жұмысты ұйымдастыру. Жердің үлгісі глобус географияны оқыту барысында карталармен қатар қолданылатын маңызды оқыту құралы болып табылады. Оның картадан басты артықшылығын көрсететін баға жетпес артылықшықтарының бірі Жердің пішінін, градус торлары, мередиандар мен параллельдер бетіндегі барлық нысандардың ауданы, бұрыштары, пішіндері бұрмаланбай сол қалпында кескінделуі.
Мазмұнына қарай глобустар физикалық және саяси глобустар болып екіге бөлінеді. Олар үш түрлі көлемде шығарылады: 1: 30 000000 ( диаметрі 42 см), 1: 50 000000 (диаметрі 25,5 см ), 1: 83 000000 ( диаметрі 15,5 см) Мектептерде қолданылатын глобустардың үш түрі белгілі
Индукциондық қара глобус- қара түсті мұғалім және оқушылар оған тақтаға сызған секілід сызып жұмыс жасай алады.( экватор, мередиан, параллель және т.б да географиялық белгілерді оқушылар сызып жұмыстан алады)
Проекциялық глобустар- паралелдер мен маредиандар анық көрсетілегн әйнектен жасалынған,
Жер бедері түсірілген глобустар- осы глобустардың көмегімен жер бедерін анық көруге болады және оқушыларға жұмыс жасауға тиімді.
Географияның бастауыш курсының әрбір сабағына глобус қолданылады. Кіріспе сабақта оқушыларға бұрын Еуропалықтарға белгілі болған құрылықтың бөліктерін көрсетеді. «План және карта» тақырыбында глобус пен жарты шарлар картасын қолдану арқылы 6-сынып оқушылар үшін күрделі болып табылатын жердің пішіні мен ауданы, градус торлары, географиялық координат түсініктерін көрнекі түрде меңгеріп іскерлік – дағдыларын қалыптастыруға болады. Бұл түсініктерді оқыту 1:30 000 000 масштабты глобусты көрсетіп, олармен жаттығулар жүргізуді қажет етеді. «Меридиан», «параллель», «ендік», «бойлық», «экватор», «полюс», беті қара градус торлары ақ сызықпен жүргізілетін индукциондық глобустарда жаттығулар жүргізу қажет. Мұндай глобустардың бетіне оқушылар бормен сызу арқылы қажетті белгілерді жүгізеді.
Басқа тақырыптарды өткенде ірі масштабты глобусты жанартаулардың жер бетінде таралуы, таулар, жазықтар, аралдар, түбектер, дүниежүзілік мұхиттардың бөліктері, толысу және қайту құбылыстары, өзен алаптары, сияқты географиялық нысандардың орнын анықтау мақсатында қолданылады. Жылу белдеулерімен танысу барысында, сонымен қатар, жыл мезгілдерінің ауысуы мен жер бетінде күн сәулесінің таралу заңдылықтарын ашып көрсететін бір құрамдас бөлігі глобус болып табылатын теллури қолданылады.
7-ші сыныпта глобуспен жұмыс істеу пасаттар, табиғат зоналары, климат белдеулері сияқты ғаламшарлық құбылыстарды, сонымен қатар, материктер мен мұхиттардың географиялық орнын оқыту барысында пайдалану қажет.
Қазақсатанның физикалық географиясы курсында сағаттық белдеулерді, еліміздің географиялық орнын анықтағанда, ал 9-11 сыныптарда жеке елдердің арасындағы халықаралық байланыстар анықтауға ғана сирек қолданылады.