Оқыту құралдарының оқушылардың іс – әрекетін қамтамасыз ету қызметі. Көрнекі құралдардың бұл қызметі тәжірибелік іскерлік – дағдыларын қалыптастыруда айқын байқалады.Географияға тән арнайы тәжірибелік іскерлік – дағдылардың қатарына жергілікті жерде бағдардау, жергілікті жердің сұлбасын түсіру, жергілікті жердің сұлбасымен, әр түрлі жалпы георгафиялық және тақырыптық карталармен, статистикалық – экономикалық деректермен жұмыс, танымдық жорық барысында немесе географиялық алаңда бақылаулар жүршізу жатады.
Оқушылар орындайтын оқу әрекетінің сапасын айқындайтын кез – келген географиялық – іскерлік дағдылар әр түрлі күрделі іс – әрекеттер жүйесінен тұрады.мысалы, жергілікті жерде түсіру жұмыстарын жүргізу үшін плашетпен, түсбағдармен, нысаналы сызғышпен, ара қашықтық өлшегіш таспамен жұмыс істеу; ауа райына бақылау жүргізу үшін термометрмен, флюгермен, барометрмен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруі қажет.
Тәжірибелік іскерлік – дағдыларды қалыптастырудың жалпы заңдылықтарын педагогика мен психология анықтайды. Алдымен мұғалім оқушыларға атқарылатын жұмыстың мақсаты туралы түсінік беріп, одан кейін оны орындау әдістермен, ретін түсіндіріп үлгісін көрсетеді. Содан кейін оқушылар бірқатар жаттығулар орындап қайталау арқылы қалыптасқан іскерлік – дағдыларын бекітеді.
Тәжірибелік жұмыстар барысында атқаратын қызметтерінің үйлесімділігін оқушылардың іс – әрекеттері дейміз.
Оқыту құралдарының оқушылардың оқу – танымдық іс – әрекетін басқару қызметі. Қандай да бір оқыту құралдарын оқу үрдісінде қалай пайдалану қажет екенін мұғалім алдын – ала ойластырылады. Сабақ барысында оларды көрсету, мазмұнына талдау жасау немесе тау жыныстары мен минералдарының үлгісімен сарамандық жұмыстар жүргізуі мүмкін. Мұғалім оқыту құралдарымен жұмыс істеу барысында репродуктивті немесе өзекті оқыту, ішінара ізденіс әдістерін пайдаланады. Таңдаған оқыту әдісіне сәйкес көрнекі құралдары оқушыларға көрсету немесе қандайда бір нысанды бақылау жасату арқылы ой қорытындыларын шығартуы мүмкін. Белгілі бір құбылыстар мен үрдістерге бақылау жүргізу мақсатын қойғанда талдау – синтездеу әрекетін ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық ой әрекетінің дамуын қамтамасыз етеді.
Оқыту құралдарымен жұмыс істеу географиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып өзекті сипаттағы тапсырмалар беру міндетін шешуге қажетті жағдайлар жасайды. Мысалы, Қазақстанның физикалық географиясы курсында Балқаш – Алакөл ойысына түсетін күн радиациясының мөлшері мен басым ауа массаларының қозғалысын көрсету арқылы мұғалім оқушыларға аталған аймақ климатының шұғыл континетті болу себеперін өз беттерімен анықтауды ұсынады.