Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл


Оқыту құралдарының дамыту қызметі



бет32/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88
Оқыту құралдарының дамыту қызметі. Қандайда бір оқыту құралдарын оқу үрдісіне енгізер алдында мұғалім оқу ақпаратын беру нышанын, қарқынын, оқу – тәрбие жұмыстарының барысын өзгертеді. Мысалы, жаңа сабақты оқып – үйрену барысында мұғалімнің көрсетеді де, көріп болған соң оны таңдайды.
Әр түрлі оқыту құралдарын іріктеп ала отырып мұғалім оқушыларға жаңғырту, өзекті немесе зерттеу сипатындағы тапсырмаларды орындатқызады. Қабырға карталары, оқу бейнефильмдері, интербелсенді мультимедиа материялдары сияқты көптеген оқыту құралдарына оқушылардың мәнерлеп оқуы мен көңіл – күйінің көтерілуіне жағымды әсер ету мүмкіндіктері тән. Сәйкес келетін тақырыптағы оқыту құралдарын ііктеп алып оқу үрдісіне қосу арқылы олардың көмегімен экологиялық, эстетикалық тәрбие беру, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану басқа да көптеген мәселелерді шешуге болады. Оқыту құралдарын дұрыс таңдау оқушылардың дүниетанымдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оларды жүйелі түрде тиімді пайдалану оқушылардың ақыл ойының дамуын қамтамасыз етеді.
Оқыту құралдарының дамыту қызметін жүзеге асыру олармен белсенді жұмыс істеуді, тапсырмаларды біртіндеп күрделендіруді қажет етеді. Көрнекі құралдары көрсету түсіндіруге, оқушылардың дүниетанымдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оларды жүйелі түрде тиімді пайдалану оқушылардың ақыл ойының дамуын қамтамасыз етеді.
Жоғарда аталған жұмыстард жүргізу барысында ең бастысы оқушылар нысандар мен құбылыстарға бақылау жүргізе отырып, оларға талдау жасап өз ой қорытындыларын шығару дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Келесі кезең бірнеше нысандарды салыстыру арқылы ұсақ белгілер мен айырмашылықтарын табу арқылы бақылау нәтижелерін жинақтау болып табылады. Мысалы, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясын өту барысында Орталық және Шығыс Қазақстан экономикалық аудандарының экономикалық карталарына, сызба – нұсқаларға, оқулықтың мәтініне талдау жасай отырып екі ауданның ұқсастықтары мен айырмашылқтарын табу арқылы оқушылардың өз беттерімен іздену ой қорытындыларын шығару дағдыларын қалыптастыруға болады. Оқушыларды экономикалық карталарға талдау жасауға тарту арқылы тапсырмаларды күрделендіру екі ауданнығ табиғат жағдайларының ауыл шаруашылығын дамытуға, табиғат байлықтарының шаруашылығының мамандауына тигізетін әсерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда оқыту құралдарымен жұмыс істеу оұушылардың ақыл – ойының дамуына қолайлы әсер етіп, оқытылатын нысандар мен құбылыстарға деген қызығушылықтарын оятып, танымдық белсенділікттерін арттырады.
Келесі кезең бақылау жүргізу мен олардың нәтижелерін талдау, синтездеу арқылы ой қорытындыларын шығару тәсілдерін үйрету болып табылады.
Бұл кезде оқушылар берілген үлгі бойынша жұмыс істейді.
Оқушылар оқыту құралдарымен жұмыс істеу арқылы оқу міндеттерін шешу кезеңіне өтуге болады. Олардың қатарына төменде көрсетілген тапсырмаларды жатқызуға болады: Сарыарқаның ұсақ шоқылары қандай тау жыныстарынан тұрады? Зайсан қазаншұңқырлары Солтүстік Қазақстан жазығына біршама оңтүстікте орналасқанына қарамастан қыста еліміздің басқа аймақтарына қрағанда суық болуының себебін түсіндір.
Оқыту құралдарын пайдалана отырып жұмысты біртіндеп күрделендіру оқушалдың ойау қабілетін дамытып танымдық белсенділіктерін арттырады.
Оқыту құралдарының дамыту қызметі оқушылардың танымдық әрекетінің рецептивті деңгейінен репродуктивті, одан әрі эфрисикалық және зерттеу деңгейне дейін өткізу жолымен жүзеге асырылады.
Сонымен георгафияны оқыту барысында оқыту құралдарын пайдалану төменде көрсетілген мәселерді шешуге мүмкіндік береді:

  • география курсында берілген оқу материялдарының мазмұнының логикасын анықтауға, көлемін нақтылауға;

  • оқу үрдісін білім көзімен қамтамасыз етуге және сарамандық жұмыстарды орындауға қажетті оқулықтар, құрал – жабдықтар, приборлар сияқты оқыту құралдарымен қамтамасыз етуге;

  • оқытуды есте сақталатындай біршама тартымды көркем бейнелі түрде ұсыну арқылы сапалы білім беруге, құбылыстарды танып білу тұрғысынан алғанда оқушыларда өз беттерімен ой қорытындыларын шығаруын қамтамасыз ететін тәжірибелік іскерлік – дағдыларын қалыптастыруға;

  • Оқушыларды география ғылымының дерек көздерімен және қарапайым ғылыми зерттеу әдістерімен таныстыруға;

  • оқушылардың танымдық және ойлау әрекеттерін басқаруға;

  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, ақыл – ойының дамуына ықпал ететін оқытудың тәрбиелік әсерін күшейтуге.

Географияны оқыту құралдарының үйлесімдігі толыққанды білім алуды, іскерлік – дағдыларды қалыптастыруды, оқушылардың дамуын қамтамасыз етуі, қазіргі қоғамның мектеп географиясының алдына қоятын маңызды тәрбиелік міндетерді шешуге көмектесуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет