Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл


Интербелсенді тақтаны география сабақтарында пайдалану



бет45/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88
Байланысты:
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТ.ӘДІС.УМКД

Интербелсенді тақтаны география сабақтарында пайдалану. Қазақстанда электронды оқыту құралы ретінде интербелсенді тақтаны оқу үрдісінде пайдалану небары он жылдан асса да, олардың артықшылығын география пәнінің мұғалімдері жақсы бағалауда. Оның ең басты артықшылығы ақпараттарды көрнекі әрі тартымды ұсынуға мүмкіндік беретін мұғалімдер мен оқушыға түсінікті графиктік интефейсінің болуы. Интербелсенді тақтаның көмегімен оқытуды күнделікті сабақ барысында жиі қолданылатын оқыту әдістерімен салыстыруға болады. Осы заманауи электронды оқыту құралымен жұмыстың тиімділігі мұғалімнің педагогикалық тәжірибесіне, оның жұмысқа шығармашылықпен қарауына байланысты болады. Медиабілім берудің құрамдас бөлігі ретінде интербелсенді тақта мұғалім мен оқушылар құрған немесе дайын білім беру өнімдерін оқу іс-әрекетінің барысында экранда көрсететін электронды оқыту құралы қызметін атқарады.
Толық жұмыс істейтін электронды тақта компьютерден, мультимедиалық проектордан, қамтамасыз етілген сәйкес келетін бағдарламалардан (білім беру өнімдерінен), экран мен электронды карандаштан тұрады. Мультимедиалық проектор мен интербелсенді тақта компьютерге қосылады. Монитордағы бейне проектор арқылы интербелсенді тақтаға беріледі. Интербелсенді тақтаға жанасу кабельдің көмегімен бірден компьютерге беріледі. Осы электронды оқыту құралының көмегімен мұғалім әсіресе өтілетін тақырыптың флипчарттары сияқты өзінің білім беру өнімдерін құра алады.
Флипчарт – бұл динамикалық күйдегі қандайда бір табиғи бір табиғи немесе әлеуметтік-экономикалық үрдістің жобаланған үлгісі. Мысалы материктер географиясында табиғат зоналарын өткенде оқушыларға белгілі бір табиғат зонасына тән ерекшеліктерді ашып көрсететін интербелсенді тақтада көрсететін жүйелеуші кесте түріндегі флипчарт құруды ұсынуға болады. Интербелсенді тақта арқылы географиялық картаны көрсету арқылы оқушылардың географиялық номенклатураларды меңгеру деңгейін тексеруге көмектеседі.
Осы электронды оқыту құралымен жұмыс істеудің бастапқы сатысында оқушылардың оқу әрекетін ұқсастық әдісі бойынша кескін картамен жұмысты ұйымдастырудан бастау керек. Интербелсенді тақта әртүрлі тақырыптық және жалпы географиялық карталарды бір-бірімен беттестіру жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, интербелсенді тақтадағы кесін картаны әртүрлі түспен бояу арқылы оқытылатын аймақтың жер бедері мен тектоникалық құрылысының арасындағы сәйкес келетін бірізді себеп-салдарлы тәуелділікті, сонымен қатар, литосфералық тақталардың қозғалысы мен геосинклинальды аймақтардың қалыптасу кезеңдерін т.б. көрсетуге болады.
Интербелсенді тақтамен жұмыс істей бастаған мұғалімдерге төменде көрсетілген ұсыныстарды орындауы тиіс:
- интербелсенді тақтамен жұмыс істеу уақытын нақты жоспарлауы; бір сабақта жүзеге асыруға мүмкіндік болмайтын, көп уақыт жұмсауды қажет ететін ауқымды, тіпті және шағын жобалар жобаларды құруға ұмтылмау қажет;
- бастапқыда интербелсенді тақтаны сабақтың бірғана кезеңінде пайдаланып оның тек бір ғана қызметтік міндетін орындау қажет; сабақта әр оқушының интербелсенді тақтамен жұмысын жоспарламай оның көмегімен көрсетілетін мәтінді құру; сыныпты, оқушылардың білім деңгейін, интербелсенді тақтамен жұмыс істеу дағдыларының болуын дәрежесін ескертіп, жіктелген тапсырма беру;
- қарастырылатын белгісі бір мәселенің тәжірибелік маңызын ашу мақсатында оқушылардың қолымен жасалған және сабақта интербелсенді тақтамен көрсетілген барлық білім беру өнімдерін сақтау;
- сабақтың кез-келген тұрпатында қолда бар барлық білім беру өнімдерін интербелсенді тақтаның көмегімен көрсету.
Қазіргі кезеңде дәстүрлі аудиокөрсету құралдарын заманауи электронды оқыту құралдарымен алмастыру үрдісі жүріп жатыр. Осыған орай мектептерде оқушылардың электронды оқулықтармен, білім беру веб-сайттарымен, оңтайлы дискілерімен, компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру арқылы медибілім беру мәселесіне баса назар аударылуда. Мультимедиалық көрсету география сабақтарында кеңінен қолданылатын ақпараттық ортанынң маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұғалімде оқу-әдістемелік кешенінде компьютерлік оқыту, жаттығу, имитациялық-жобалау бағдарламалары мен жабдықтаушы құрамдас бөліктері болған жағдайда компьюьтерді география сабақтарында пайдалану тиімді болады. Оқыту, бақылау бағдарламалары қызметін мұғалімнің өзі жасаған электронды көрсетулер атқаруы мүмкін. Дайын немесе мұғалімнің өзі құрған білім беру өнімін экранда көрсету қызметін медибілім берудің нысаны ретіндегі интербелсенді тақта атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет