Медиабілім (латын тілінде media- құрал)- бұл оқу үрдісінде баспасөз, радио, телеарналар, бейнефильмдер сияқты бұқаралық сипаттағы барлық коммуникцияларды оқушылларға заңдылықтарды мен үрдістерді түсіндіру мақсатында пайдаланатын педогогиканың бір бағыты. Бұл үрдіс оқушыларда ақпараттық ортаның құрамдас бөліктерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруғв мүмкіндік береді.
Қазіргі дидактика базалық біліммен құрамдасқан медиабілімнің мазмұнын төмендегі құрамдас бөліктерін айқындайды:
-бұқаралық ақпарат құралдарынан(БАҚ) берілетін ақпаратты өңдеу және тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру;
-сын тұрғысынан ойлауды дамыту, хабарламаның бүркемелі мазмұнын түсіну, бұқаралық ақпараттық құралдар тарапынан жеке тұлғаның санасын улауға қарсы тұру дағдыларын меңгеру;
-жалпы базалық білімді меңгерту тұрғысынан алғанда мектептен тыс ақпараттарды білім мен іскерліу дағдыларды игеру жүйесінде енгізу;
-алуан түрлі текнихалық құралдарды (компьютерлер, модемдер, факстар, мультимедиа және т.б.) қажетті ақпараттарды табу, түрлендіру, жіберу және пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Географияны оқыту барысында медиабілімді жүзеге асыру тұрғысынан алғанда электронды ақпараттық құралдарымен жұмыс істеудің негізгі іскерлік-дағдыларына төменде көрсетілгендер жатады:
-әр түрлі ақпарат көздерінің ортасынан қажетті ақпараттарды іздеу және іріктеу;
- БАҚ арналарынан алынған ақпараттарды оқылатын материалдың мазмұнының арасындағы байланысты табу дағдыларын меңгеру;
- оқу материалдарының мазмұнын түсіну және терең меңгерту үшін алынған қажетті көлемді ақпараттық деректерді белгілі бір өлшемдерге сәйкес жүйелеу, оның мазмұнының құрамдас бөліктерін;
- алынған ақпараттардың географиялық білімнің көзі болып табылатын оқулықтағы деректерден ауытқуы мен қателіктерін табу;
- біртекті ақпараттарды басқаларына (ауызша сөйлеуді көзбен шолуға мүнкіндік беретін сыба-нұсқаға, графикке, диаграммаға т.б.) айналдыру;
Электронды оқыту құралдарымен жұмыс істеу барысында география пәнінің мұғалімі төменде көрсетілген негізгі кезеңдерді сақтауы тиіс:
қолданылатын оқыту құралдарының сабақтың құрылымындағы қызметтік рөлі мен орынын;
Электронды оқыту құралдарының жеке кезеңдерімен жұмысты ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері. Бірінші кезеіңде сабақтың мақсатымен міндеттерін, құрылымын анықтағаннан кейін мұғалім оны тиімді жүзеге асыруға мүнкіндік беретін электронды көрсету құралдарын іріктеуі тиіс. Сабақтың құрылымындағы тапсырмаларды орындауға қажетті ақпараттар тасымалдайтын әр слайдтардың атқаратын қызметі мен көрсету уақытын анықтайды.
Слайдтарды көрсетер алдында жүзеге асырылатын танымдық іс-әркетке оқушылардың эмоциялық жағдайын немесе уәжін қалыптастыру қажет. Электронды оқыту құралдарын алғаш рет қолданғанда мұғалім оның ақпаратын қызметін, жұмыс істеу қағидаларын түсіндіруі тиіс. Бұл кезеңде мұғалім сабақтың танымдық міндеттеріне сәйкес электронды оқыту құралының көмегімен көрсетілетін ақпараттық өнім туралы қысқаша түсініктеме беріп ұсынылатын оқу ақпаратын оқушылардың қабылдауына мүмкіндік беретін тапсырмаларды анықтайды.
Оқу ақпаратын көру барысында сабақтың мақсатына сәйкес мұғалім оқушыларға оны қабылдау ережелерін үйрету үшін төмендегі әдістемелік тәсілдерді қолдану ұсынылады:
көрсету барысында слайд кадрлары тоқталып мұғалім өзі түсіндіреді немесе оқушылармен бірлесіп талқылайды, қайта көрсету негізінде орындалатын тапсырмаларға толықтырулар енгізеді;
көрсету барысында мұғалім немесе оқушы хабарлап ауызша түсіндіреді;
көрсететін слайдтың дыбысын өшіріп оқушыларға дыбыстауды ұсыну.
Көрсетілген материалдарды талқылап тапсырмаларды орындау кезеңін пікір сайыс немесе сұрақ-жауап түрінде өткізуге болады. Жұмыс барысында оқушылар тапсырмаларды топпен орындап содан кейін талқылап нәтижелері бағалануы мүмкін.
Сабақ барысында медибілім құралдары ретінде электронды оқулық, интернет желісі (білім беру веб-сайттар мен веб-беттер), оңтайлы оқу дискілері, компьютерлік бағдарламалар, мультимедиялық көрсету құралдары, бұқаралық ақпарат құралдары сияқты ақпараттық ортаның құрамдас бөліктері қолданылады.