2. Қазіргі заманауи интербелсенді оқыту құралдарының географиялық білімді меңгерту мақсатында пайдалану әдістері. Қазіргі кезеңде географиялық білімді меңгертуде электронды тақтамен жұмыс істеуге, табиғи және әлеуметтік экономикалық үрдістер мен құбылыстардың түзілу заңдылықтарын аңықтауға мүмкіндік беретін құралдардың бірі ақпараттық технологиялық электронды оқыту құралдары.
География сабақтарында қолданылатын интербелсенді және аудиокөрсету құралдарын нақты бір өңірлік маңызы бар нақты материалдарды көрнекі құралдардың көмегімен оқушылардың өз беттерімен оқып-үйрену барысында, табиғат пен адам қоғамының даму заңдылықтарын көрсетуді талап ететін және білімді меңгерту және өткен материалдарды бекіту кезеңдерінде қолданады. География сабақтарында теориялық білімді бекітіп, оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін бірнеше копьютерлік бағдарламаларды пайдалануға болады.
Шағын бейнекөріністер – бұл жаңа сабақты түсіндіру барысында бақылау мүмкіндігі болмайтын қол жетімсіз үрдістер мен құбылыстарды мультипликация немесе табиғи қалпында бейнелі түрде көрсететін тұтас немесе шағын мультипликациялық бейнефильм. Оқушылардың меңгеріп түсінуі қиынға соғатын жанартау атқылау, жер сілкіну, таулар мен терең мұхит шұңғымаларының түзілу заңдылықтарын түсіндіру үшін «Macromedia Flash», «3 demax» бағдарламаларының көмегімен қозғалысқа келтірілген шағын мультипликациялық бейнеүзіктер құрып оған дыбыстық нәтиже беру мультимедиалық бейнеүздіктерді көрсетіп табиғатта жүретін құбылыстар мен үрдістерді оқушылардың терең меңгеруіне мүмкіндік беріп, қызығушылықтарын арттырады.
Таулы алқаптар, жазықтар, теңіздер мен мұхиттар, ірі өнеркәсіп орындары, ауқымды ауыл шаруашылық алқаптары сияқты көптеген географиялық нысандарды оқушыларға тікелей көрсету мүмкін емес.
Сондықтан слайдта, сурет, анимация, бейнежазбалар сияқты көрсету құралдарын пайдалану көзімен көріп географиялық заңдылықтарды көздерімен көріп, талдап өз ой қорытындыларын шығаруы балалардың негізгі түсініктерді терең меңгеруіне мүмкіндік береді.