Компьютерлік бағдарламалар – бұл сабақтың барлық кезеңдерінде мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетін қамтамасыз ететін электронды білім беру өнімі.
Әдістемелік құрылуына байланысты компьютерлік бағдарламалардың төмендегі тұрпаттары болады:
- бақылау сұрақтары мен олардың дұрыс жауаптарының нұсқалары бар бірін-бірі алмастыратын оқу ақпараттарының танымдық бөліктерінен тұратын желілі компьютерлік бағдарламалар; - оқушылар қателескен жағдайда тапсырманың дұрыс жауабын табуға көмектесетін қосымша ақпараттарды пайдалануға мүмкіндік беретін тармақталған компьютерлік бағдарламалар; - оқу ақпараттарының күрделілік деңгейін оқушылардың өздеріне таңдатуға, қажет болған жағдайда басқа дерек көздерін (электронды аңықтамалар, сөздіктер және т.б.) пайдалануға мүмкіндік беретін бейімделген бағдарламалар; - желілі, тармақталған және бейімделген компьютерлік бағдарламалардың элементтерін қамтитын құрамдасқан бағдарламалар. Білім беретін компьютерлікбағдарламалар келесі құрылымдық бөліктердің тұрады:
- оқытылатын тақырып бойынша оқу ақпараттары сақталған ақпараттық бөлік; - оқушылардың сабақ тақырыбы бойынша оқу ақпараттарын меңгеру деңгейін тексеру міндетін атқаратын тесттік-ақпараттық бөлік; - дұрыс жауап бермеген жағдайда қосымша ақпарат алып дұрыс жауап беруге мүмкіндік беретін ақпараттық түзету бөлігі; -оқу ақпараттарын меңгеру деңгейін тексеру, қажет болған жағдайда қосымша түзетулер еңгізуге мүмкіндік беретін бақылау және білімді түзету бөлігі; Дидактикалық мақсатына қарай компьютерлік білім беру бағдарламалары төмендегі топтарға бөлінеді:
- сабақ барысында оқып-үйренетін тақырып бойынша біршама жаңа білімді қалыптастыру қызметін атқаратын оқыту бағдарламалары;
- сабақ барысында оқып-үйренетін тақырып бойынша біршама маңызды және жүйелі географиялық білімді қайталауға арналған жаттығу бағдарламалары; - білімді тестілік бақылауға арналған бақылау бағдарламалары; - географиялық үрдістер мен құбылыстарды, нысанның ішкі құрылысын үлгілеуге, өзекті оқытуды жүзеге асыруға арналған имитациялық-үлгілеу бағдарламалары;
- мұғалім мен оқушылардың өзара белсенді қарым-қатынасын қамтамасыз етіп, пәнге деген қызығушылықты арттыратын дидактикалық ойындар.
Географиялық білім мен іскерлік-дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқыту бағдарламалардың алты нұсқасын бөліп қарастыруға болады.
1. Жалпы типтік бағдарлама блогын «еңгізу», өзекті жағдай, қимылдың бағытталған негізін қалыптастыру, меңгерілген білімді іс жүзінде пайдалану .және оларды болжау, «шығу» бағдарламаларын қамтиды.
Мұндай бағдарламалар әртүрлі әдістемелік мәселелерді шешуде пайдалану ұсынылады.
2. Түсініктерді қалыптастыру блогы түсініктің маңызды және маңызды емес белгілерін айқындау, берілген географиялық нысандардың үрдістер мен құбылыстардың аңықтамаларын тұжырымдау және оның негізінде аңықтама сәйкес келетін нысандарды жіктеу жөнінде нақты деректер алу мәселелерін біріктіреді.
3. Аңықтамалар мен заңдылықтарды оқып үйрену блогы: заңдылықтарды оқып үйренуді негіздеу мен оның мазмұнын ашу, үрдістер мен құбылыстарға тән белгілер мен бірізді себеп-салдарды байланыстарды аңықтап ой қорытындыларын шығаруды қамтиды.
4. Жаңа алгоритмдері мен ережелері меңгеру блогында мектептің меңгеру блогында мектептің география курстарының өзекті мәселелерін қоюды, алгоритмді құрастыруды, алгоритмге енетін және оны орындау ретін меңгеруге арналған іс-әрекеттерді өңдеуді, алгоритмнің қалыпты (алғашқы берілгендерді вариацияларда) және таныс емес жағдайдағы қолданылуын қамтитын «еңгізу» мен «шығу» блоктары болады.
5. Оқу іс-әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыруды көздейтін оқыту бағдарламасына оқу нәтижелерін болжау (диагностикалау), тәсілді еңгізу, тәсілді өңдеу, тәсілді қалыптастыру үрдісіне түзетулер мен жедел бақылау тәсілін қолдану, ауыстыруға үйрету және қорыту, қорытындыланған тәсілді бекіту, жаңа тәсілдерді табуға үйрету сияқты блоктар енеді.
6. Білімдерді кешенді (оқу тақырыбы деңгейінде) пайдалану оқушының динамикалық үлгілерді құруы, картамен жұмыс істеп тәжірибелік есептер шығару, графиктік кестелер мен диаграммаларды құру ақпараттарды іздестіру, жиңақтау, оқытушының іс-әрекеттерді таңдауы мен оларды ұсынуы, оқушының білімін ағымдағы және қорытынды бақылауы, жүйенің жұмыс тәртібін аңықтау блоктарын қамтиды.