Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет60/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   88
Байланысты:
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТ.ӘДІС.УМКД

Жас өлкетанушылар үйірмесі.
Жас өлкетанушылар үйірмесінің негізгі міндеті-туған өлкені (село, қала, жұмысшы поселкесі төңірегін) зерттеу, кейін сабақтарда пайдалану үшін олар жайында материалдар жинау.
Адам санасында Отан ретінде көрінетін туған өлке жайлы, жастайынан таныс та, қымбат табиғат – патриоттық сезімдерді қалыптастыратын қайнар көздің бірі. Туған өлкеге деген әлеуметтік мән-мазмұнға толы сүйіспеншілік. Жастарға патриоттық тәрбие берудің негізі.
Үйірме жұмысы белгілі бір жүйемен жүргізілуі тиіс. Оның жұмысын оқу жылы соңында аяқталатындай етіп жоспарлаған жөн.
Бақылау сұрақтары:

  1. Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру себептері.

  2. Кластан тыс жұмыстарды өткізудің әдістемелері.

  3. Географиядан үйірме жұмыстарын қандай бағыттар бойынша ұйымдастыруға болады:

  4. География пәнінен ұйымдастырылған үйірменің мақсаты мен міндеті.

  5. Өлкетану бағытында ұйымдастырылған үйірменің мақсаты мен міндеті.

  6. Сыныптан тыс жұмыстра өткізгенде мұғалімнің негізгі міндеті

Әдебиет: Тоқпанов Е.А, Мазбаев О.Б, Увалиев Т.О, Асубаев Б.Қ Географияны оқыту әдістемесі. Алматы 2015 жыл 282-286 беттер Л.М Панчешникова Методика обучения географий всредней школе. Москва «Просвещение» 1983 г 178-193 беттер

  1. апта

25-26 дәрістің тақырыбы: География кабинеті. География кабинетінің негізгі элементтері олардың сипаты

  1. География кабинетінің негізгі элементтері олардың сипаты.

  2. Географиялық алаң және оның маңызы

Мақсаты: Географияны оқыту құралдарына анықтама беру.
Тірек сөздер: география кабинеті, георафия кабинетіндегі шаруашылық ұйымдастыру жұмысы, сыныптан тыс жұмыс.
1. География кабинетінің негізгі элементтері олардың сипаты. Орта мектептерде география кабинетінің міндетті түрде болуы керек. География кабинетінің құрылуы және оқу процесі барысында қолданылуы жайлы жұмыстар белгілі методистер және ғалым-географтар А.А Борзова, Э.Ю. Петри, В.П Буданова, Н.Н Баранский, В.А Коринскийдің айтылған болатын.
География кабинетімен қатар, география пәніне қатысты өлкетану бағытындағы музей және географиялық алаң болуы шарт.
Көптеген жылдар бойы география кабинетін қалыптастыру барысында мол тәжірибе жинақталды. Творчесволық бағытта жұмыс жасайтын мұғалімдер мен методист –географтар география кабинетін безендіруде көптеген варианттарын ұсынды.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, теледидар, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс. География оқыту құралдарын пайдаланудың Ресей мектептерінде 300 жылдық тарихы бар.
I-кезеңде (XVIII ғ. басы) тек қана баспа құралдары ғана болды. XX-ғ. Бас кезіне дейін оқыту құралдары жасалынып, оқыту құралдары басылып шыға бастады. Яғни оқулықтар, хрестоматиялар, оқу картиналары мен кестелері, қабырға карталары, атластар, кескін карталар мен жұмыс дәптерлері т.б. Бұл құралдардың барлығы қазіргі уақытта кеңінен қолданылады.
Географияны оқыту құралдарына қалыптасуы географияның пән ретінде қалыптасуының қиын кезеңінде жүргізілді.
200 жыл уақыт бойы география оқулығына ерекше көңіл бөлінеді. 1710 жылдан 1917 жылдар аралығында 404 оқулық 4 курс (бастауыш курс, Еуропасыз география, Еуропа географиясы, Ресей географиясы) жарық көрді. XX ғ. басы Ресейдің мектеп географиясының шарықтап көтерілу кезеңі болды. Бұл уақытта Д.Н.Анучиннің шәкірттері – А.С.Барков, С.Г.Григорьев, А.А.Крубер, С.В.Чефрановтар географиялық хрестоматиялар, жинақтар, ғылыми – кең таралған жинақтар, жаңа карталар мен географиялық атластар, көрнекілік құралдарды шығара бастады. Сол кездерде педагогикалық және арнаулы географиялық журналдар мен жинақтар (“Жаратылыстану және география”) жарық көре бастады.
Географияны оқыту құралдарының қалыптасуының II-кезеңі XX-ғ. басталды, яғни Ресейде экрандық құралдар пайда бола бастады. 1922 ж. Наркомпроста мектеп жұмыстарының әдістеріне арналған ғылыми – зерттеу институты ұйымдастырылды, ал 1923 ж. мектептен тыс жұмыстар әдістері институты ашылды. Әсіресе экрандық оқыту құралдары өткен жүз жылдықтың II- жартысында қарыштап дамыды.
Географияны оқыту құралдарын жүйелеуде әр түрлі негізді қолға алына бастады. Географиядан оқыту құралдарын жүйелеу – географиялық объектілер мен құбылыстардың бейнелеу әдістеріне негізделеді. Бұл жүйелеу географияны оқыту практикасында қолданылады. Қазіргі уақытта компьютерлерді қолдану арқылы жаңа ақпараттық технологиялар оқыту құралдарының негізін құрайды. Арнаулы компьютерлік бағдарламалар, оқыту құралдары, электрондық тасымалдау құралдары жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет