2.География пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері. География пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар мектептегі оқу-тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады. Өйткені ол оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға негіз болып, аса маңызды оқу-тәрбиелік міндет атқарады. Географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың қатарына:
Географиялық үйірме –географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызды түрі. Үйірме география пәніне қызығатын оқушылардың танымдық мүмкіншілігін арттыру мақсатын көздейді. Үйірме жұмысының тиімділігін арттыру үшін тақырыптық бейнематериалдарды, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді, күнделікті баспасөз мәліметтерін пайдаланумен қатар, географиялық ойын түрлерін кеңінен енгізу қажет. Үйірме жұмыстарының нәтижелері қабырға газеттері, көрмелерде көрініс табады. Географиялық кештерде үйірме мүшелерінің белсенді жұмысының қорытындысы шығарылып, марапатталғаны жөн.
Үйірме құрамындағы оқушылар саны тұрақты 15-20 адамнан тұрады. Үйірме мүшелерінің мүмкіндігінше жас мөлшерінің қарайлас болғаны жөн. алғашқы үйірме жиынында оның төрағасын үйірме кеңесін сайлайды, үйірме ережесін бекітіп, жұмыс жоспарымен танысады. Жоспар тоқсандық, жарты жылдық немесе жылдық болуы мүмкін. Жоспарлау барысында мұғалім оқушылардың ой-пікірін, жергілікті жер жағдайының ерекшеліктерін ескертуі қажет. Үйірме мүшелерінің жұмыс жоспарына қатысты талап-тілегін білу мақсатында алдын-ала сауалнама жүргізу орынды. Географиялық үйірме жұмыстарын мынадай бағыттар бойынша ұйымдастыруға болады:
материктердегі сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар;
туристік-өлкетану;
табиғат қорғау және экология;
топонимика;
метеорология және т.б.
Үйірме аталған бағыттардың мазмұны жағынан бір-біріне жақын екі-үшеуін ғана таңдап алғаны жөн. Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулар географияның әдістемелік құралдарында кеңінен қамтылған. Сонымен қатар осы бағытта жемісті жұмыс жүргізген алдыңғы қатарлы мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибелері географиялық журналдар мен баспасөз беттерінде барынша насихатталған.
Географиялық үйірме —сыныптан тыс жұмыстың негізгі бір түрі болып табылады. Үйірменің мақсаты -оқушылардың танымдық қызығушылығын қанагаттандыру. Үйірмеде оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында табигатқа саяхат, мұражайларға серуен, географиялық кештер, сайыстар және т.б.жұмыс түрлері жоспарланады.
Үйірме тақырыптары әртүрлі болады. Оларға атақты саяхатшылардың өмірі мен еңбегі, географиялық зерттеулер мен ашылулар, өлкенің шаруашылығы мен табиғи ерекшеліктері т. б. енгізіледі.
Үйірме тек географиялық бағытта болмайды. Онда адамдардың ғарышты бағындыру, планеталар мен жұлдыздар табиғаты т.с.с. астрономиялық бағыттағы сұрақтар да енеді.
Көптеген тақырыптар кешенді сипат алады. Олар өз бетімен оқуға мүмкіндік беретін сұрақтардан тұрады.
Отан туралы тақырыпқа үлкен назар аудару керек. Бұл тақырып оқушыларды ел экономикасының дамуы мен жетістігі туралы білуге жетелейді.
Сыныптан тыс жүмыстың барлъқ жүйесінде сыныптан тыс оқу маңызды орын алады. Сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, косымша ғылыми географиялъқ әдебиеттерді оқуға қызығушылығын арттырады. Алдымен атақты саяхатшылардың, зерттеушілер мен жазушылардың белгілі шығармаларын оқу ұсынылады. Сыныптан тыс оқу үшін әртүрлі географиялъқ анъқтамалар мен сөздіктер, көркем әдебиеттер, балалар энциклопедиясы кеңінен қолданылады.
Мұғалімнің негізгі міндеті — оқушыларда географиялық әдебиетке қызығушылығын ояту және оны қолдануды үйрету. Бұл мақсат сабақта басталып, сыныптан тыс жұмыс кезінде жалғасады және дамып отырады.