Бақылау сұрақтары: 1.География сабағындағы сарамандық жұмыс қалай классификацияланады?
2.Географиялық біліктілікті қалыптастырудағы сарамандық жұмыстың рөлі?
апта
№23 дәрістің тақырыбы: Мектеп географиясынан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар
География пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру әдістері мен нышандары
Мақсаты: Мектеп географиясынан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға тоқталады
Тірек сөздер: сыныптан тыс жұмыстар, үйірме, факультатив, өлкетану жұмыстары
Оқушының сыныптан тыс жұмысы – бұл сыныптағы сабақтың бос кездегі мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқушылардың оқу мәселесін шешуге, зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған әрекеті.
Сыныптан тыс жұмыстар географиялық білімнің жалпы мақсаты оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына қол жеткізуге ықпал ету міндетін атқарады. Оның мазмұнының негізгі бағыттары оқушылардың білімдерін толықьыру мен терңдету географиялық және зерттеу сипатындағы іскерлік-дағдыларды қалыптастыруды қамтиды.
География пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстрадың ерекшеліктеріне оқушылардың өз беттерімен іздену дағдыларын күшейту., өлкетану бағыты айқын байқалатын жобалау әрекеті технологиясын пайдалану, кәсіби және эстетикалық бағытталуы, географиялық білімдерге білімге деген қызыңушылық уәжін күшейту жатады.
Сыныптан тыс жұмыстрады өткізу төменде көрсетілген бірқатар дидактикалық талаптармен анықталады:
Педагогикалық басшылықтың оқушылардың өз беттерімен және еркімен қатысуымен үйлеседі
Оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеруді ескеруді қажет етуі, оны өткізудың жүйелілігі мен үйлесуі
География пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарға үш деңгей айқын байқалады. Олар оұушылардың біліміндегі түйткілді мәселелердің жойылуы, оқу бағдарламасының шығатын қосымша білімнің алынуы, зерттеу жобаларының тапсырмаларын орындау барысында оқушылардың іс-әрекетін басқару. Сыныптан тыс оқу жұмыстары оқулық немесе оның жеке тараулары оқушылардың іс-әрекетін басқару.
Шектеулі уақыт ішінде география сабақтарында оқушылар бар күш жігерлерін
география ғылымдарының негізгі білімдерін оқып-үйренуге жұмсайды. Олар әр түрлі дерек көздерінен геология, топырақтану, геоморфология, мұхиттану, гляциология, жанартану, картография, геоурбанистика және т.б. ғылымдары туралы білім.Танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыра отырып географиялық білімді тереңдету, оқу бағдарламасын нақтылау арқылы мұғалім география ғылымдарына аса қызығатын оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға тартады.
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты жас ұрпақтың жан-жақты және үйлесімді дамып жеке тұлға ретінде қалыптасуына қамтамасыз ету. Бұл талап адамды тәрбиелеу өз бойында барлық рухани байлықтардың үйлесуін қамтамасыз етуді. Ар-ожданы таза, физикалық жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруды көздейтін отан сүйгіштік тәрбие ойына сәйкес келеді.
География пәнінен жүргізетін сыныптан тыс жұмыстарды жүзеге асырудың басты міндеттері:
-оқушыларды табиғатты түсініп оған сүйіспеншілікпен қарауға үйрету;
-өзі түратын өлкенің табиғаты, халқы, шаруашылығы, экономикасы, мәдениеті туралы білімдерін тереңдету
-оқушылардың табиғи орта және елдің шарашылығының орналасуы туралы түсініктерін дамыту
-географияны оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын қалыптастыру;
-оқушылардың білімі мен іскерлік-дағдыларын дамытып, оқу-іс-әрекетіне белсенділікті арттыруға, оқу бағдарламасы бойынша берілген материалды тез меңгеруіне көмектесу;
-сыныптан тыс жұмыстарды өткізу және оған дайындық барысында оқушылардың бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер қоя білуіне, белгіленген әдебиеттерді оқуына мүмкіндік береді
География пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың оқушыларда бір-біріне өзара көмектесу, достық, ұжымда жұмыс істеу дағдылары сияқты т.б. сапалық қасиеттерін қалыптастыруды көздейтін білімділік және тәрбиелік міндеттерін пәнді оқытудыдың мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Туған өлкенің табиғатын, шаруашылығын, экономикасын, халқын, мәдениетін мен салт-дәстүрлерін оқып-үйрену географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік мүмкіндіктерін арттырып, оқушылардың отан сүйгүштік сезімдерін дамытады. Табиғаттың көркін бақылай отырып, шәкірттердің эстетикалық көзқарасатры жетіледі,қоршаған ортаны аялау ға, тарихи-мәдени ескерткіштерін сақтауға дағдылары қалыптасады.
Мектеп географиясын оқыту барысында жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлеріне герафиялық үйірмелер, апталықтар, кештер, өлкетану жұмыстары, топ серуендер мен танымдық жорықтар, олимпиадалар, көңілді тапқырлар клубы, тақырыптық кештер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, оқушылардың ғылыми жоба жарыстар мен кіші ғылыми академиясының жұмыстары жатады.