Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет16/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   88
4.Іскерліктің (ептілік) қалыптасуы. Географияны оқыту барысында іскерлік – білім мазмұны, оқыту кезінде, мектеп оқушылары қолданылатын географиядан білім беретін көздерді қолдану және т.б жерлерде қажет болады.
Іскерлік меңгеріледі егер оқушы: а) географиялық білім көздері-карта, текст, оқулықтармен жұмыс жасай алатын болса, б) жұмыстың жалпы жоспарын, яғни мазмұны мен қорытындысын түсінсе, в) кез-келген оқу жүйесі барысында, сонымен қатар жаңа жүйеде практикалық тұрғыда қолдан алса.
Іскерлік қасиет біліммен қатар дамитын қасиет. Сондықтан оқушы үнемі ізденіс үстінде болу керек екен. Алынған географиялық ақпарат, білім көзі оқушыға әр түрлі жетуі мүмкін және ол іскерлікке де өз әсерін тигізеді. Сондықтан әрбір ақпаратты оқушыға танымдық бағытта түсіндіру қажет. География курсында карта қолдану жолға қойылған, ал карталар математикалық тұрғыда құрастырылып және шартты белгілермен берілген, географиялық ақпараттардан тұрады. Карталармен жұмыс жасау, берілген нысанды табу да оқушылар үшін іскерлікке жатады. Дегенмен картадан басқа да ақпарат көздері, әртүрлі оқулықтармен жұмыстану, әртүрлі оқу құралдарымен жұмыстану, танымдық кинофильмдермен, қабырға суреттерімен, график, диаграммалармен жұмыстанады.
Іскерлік пен ептілікті бірнеше этаптарға бөліп қарастыруға болады:

  • Іскерлікті көрсету маңыздылығы және оны қалыптастыруға мақсат қою Мысалы: экономикалық географияның алғашқы курстарында мұғалім, оқушыларға – статистикалық кестелерді оқуды тапсырады. Бұл кестелер арқылы өнеркәсіп салалары, олардың өсу деңгейі жайлы көп мәлімет алып, қорытынды жасауға болады.

  • Іскерліктің құрылысымен таныстыру, оқушыларға орындалған тапсырманың қорытындысын көрсету. Мұғалім тапсырманы оқи отырып сәйкес келетін графаны немесе қатарды( сөзді) тауып, қорытындыла. Өндірістің өсу деңгейін анықта.

  • Орындалған тапсырманың үлгісін көрсету. Бұл этапта оқушылардың іскерлік бағытта кеткен қателіктерін көрсетуге болады.

  • Іскерлікті дамытудағы қосымша жұмыстану жаттығулары.

  • Іскерлікті дамытудағы өзіндік жұмыстану.

Жалпы оқушыларда іскерлік және ептілік қасиетін дамыту күрделі практикалық жұмысты көп қажет ететін мәселелерге жатады. Оқушыларға көп жағдайда іскерлік қабілетін дамытқаннан жай білім алған оңайырақ. Сондықтан мектеп мұғаліміне көп іздену бағдарламамен жұмыстануға тура келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет