Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет19/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   88
Байланысты:
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТ.ӘДІС.УМКД

Түсіндірме-суретті әдіс – оқу ақпаратын әңгімелеу, түсіндіру арқылы беру әдісі. Осы әдіс арқылы мұғалімнің берген білімін, жаңа ақпараттарды оқушылар тыңдайды, оқиды, бақылайды, есте сақтайды. Бұл әдіс- жалпы ұғымдарды («климаттық белдеу», «күн радиациясы», «мамандану»,т.б.) теориялық білімдерді ашуға қолданылады. Оқу ақпараттарын қазіргі заманғы техникалық құралдармен- компьютердің, магнитофонның, видеофильмдер көмегімен көрсетуге болады.
Репродуктивті әдіс - бұл білімді қайталау, бекіту және бағалау, қорытындылау. Бұл әдіс - географиялық біліктіліктің өзгешелігін қалыптастыру мен қамтамасыз етуді көздейді. Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады
Өзекті ойды жеткізу әдісі. Бұл әдістің негізгі міндеті оқушыларға қандай да бір күрделі дәлелді шешімінің үлгісін көрсете отырып, шындыққа жетудің күрделі жолын ұсыну.өзекті ойды жеткізу әдісін қолданғанда мұғалім өзекті мәселе қойып, оқушыларға танымдық ой әреетінің барысында оны анықтаудың тиіді жолдарын көрсете отырып өзі шешеді. Оқушылар мұғалім ойының сенімділігін, дәлелдеу логикасын мұқият бақылай отырып өзекті мәселені шешу кезеңдерін меңгереді. Тапсырма беріліп, танысып болған соң оқушыларға өзекті сұрақтар қойылып,оның түйінің бірлесе отырып шешеді.
Тәжірибелік әдіс. Көрнекілік және ауызша әдістерден оқытатын нысандары жағынан географиялық шындық пен олардың үлгілер жағынан айырмашылығы бар. Көптеген географиялық деректердің нысандары мен құбылыстары танып біліп, олардың түзілу заңдылықтары мен дамуын анықтауа, теориялар мен ғылыми болжамдары құру үшін қолданылатын үлгілер де көрініс тапқан. Оқу үрдісінде географиялық шындық пен оның үлгілері арнайы жасаған оқыту құралдарында беріледі.
География сабақтарында жергілікті жердің сұлбасын сызып, ауа-райына жүргізген бақылаулардың нәтижелерін қолдана отырып графиктік кестелер, диаграммалар тұрғызу, кескін карталармен жұмыс істеу, үрдістер мен құбылыстардың арасындағы бірізді себеп-салдарлы байланыстрды анықтау арқылы оқушылардың өздері де үлгілер құрады. Тәжірибелік әдістердің мәні мұғалім географиялық нысандарды немесе үлгілер қолдана отырып, оқушыларға өздеріне белгісіз жаңа білім алу жөнінде оқу мақсатын қойып оларды іс-әрекетін ұйымдастырады. Мыслы , тектоникалық карталарға талдау жасап, оларды физикалық карталармен беттестіре отырып, қазіргі жер бедері мен жер қыртысының арасындағы байланыстарды анықтау міндеттерін шешу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет