Бақылау сұрақтары: Географиялық білімнің негізгі элементтерін ата.
Географиялық фактілерді қалай қолдануға болады.
Іскерлікліктің оқушыларды оқыту-тәрбиелеу барысында атқаратын ролі.
Географиялық түсініктің қалыптасуындағы түрлері.
Оқушыларды географиядан іскерлікке қалай оқытуға болады.
Әдебиет: Л.М Панчешникова Методика обучения географий всредней школе. Москва «Просвещение» 1983 г, 55-85 беттер И.В Душина, Е.А Таможняя, В.Б Пятунин Методика и технология обучения географии вшколе. Москва 2004 г, 84-120 беттер
3 апта №5-6 дәрістің тақырыбы: Географияны оқыту әдістері. Географияны оқыту әдістемесінің классификациясы.
1. Мектеп географиясының дәстүрлі әдістері
Мақсаты: Географияны оқыту әдістемесі ғылымының әдістеріне анықтама беру.
Тірек сөздер: әдістеме, эмперистік тәсіл, математикалық әдіс, типологиялық тәсіл, тарихи, салыстыру тәсілі.
Әдіс дегеніміз – мүғалімнің білім беру тәсіліне оқушылардың сол білімді меңгеру тәсілін айтады. Оқыту әдістемесі – оқушыларға білім беру, танымын арттыру және дамыту, дағдыландыру мақсатында оқытушылардың қолданатын тәсіл-амалдары мен құралдарының жиынтығы.Бұл ұғымның анықтамасы мен әдістерді жіктеу турасында педагог ғалымдар арасында ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, И.Ф. Харламов оқыту әдістемесіне оқу материалын игеруге бағытталған түрлі дидактикалық міндетті шешу мақсатындағы оқытушы жұмысының және оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру тәсілдерінің жүйесі деген анықтама береді. Ю.К. Бабанскийдің пікірінше, ол оқу міндеттерін орындауға бағытталған оқытушы мен оқушылардың тәртіпке келтірілген өзара байланысты қызметі. Т.А. Ильина оқыту әдістемесін оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру жолдары деп біледі.[1] Осы тәрізді басқа да пікірлерді саралай келе, бәріне ортақ белгілерінің негізінде оқыту әдістемесінің анықтамасын беріп, жалпы әдістерін топтастыруға болады. Оқыту барысында түсіндіру, әңгімелесу, дәріс, кітаппен жұмыс істеу секілді сөздік әдістер, иллюстрация және демонстрация сияқты көрнекі, сондай-ақ зертханалық, практикалық, графикалық, жаттығу жұмыстары іспетті тәжірибелік әдістер қолданылады. Педагогикалық әдебиеттерде мұнан басқа әдістердің 50-ден астам түрі көрсетіледі. [1] Оқыту әдістері оқу құралдарының көмегімен іске асады. Оқу құралдарына оқу кітаптары (оқулық, анықтама, есептер жинағы, сөздіктер), көрнекі құралдар (кесте, сызба, сурет, альбом, фотосурет, карталар) және техникалық құралдар (үнтаспа, бейнетаспа, компьютер) жатады. Бүгіндері oқыту әдістемесі атауын оқыту технологиясы атауы ығыстырып келеді.
Әдістер туралы өте көптеген әдіскерлер өз ойларын айтқан. Әдістерді классификациялау туралы орыс ғалымы Б.Е. Райков (1947-1960 жж) өз ұсынысы бойынша 3-ке бөлген:
1.Баяндау
2.Көрнекілік
3.Моторлық
Оқытудың ауызша әдісі – бұнда, сөз адамның бір-бірімен араласуындағы ең маңызды құралы болып табылады. Бұл әдіс ерте кезден бері қолданылып келеді, сондықтан қазіргі күнде де ол өзінің рөлін жоғалтқан жоқ.
Ауызша сөйлеу әдісі баяндау мазмұнының формасы бойынша ажыратылады. Ол мұғалімнің монологтық баяндауы (әңгімелесу, түсіндіру, мектеп дәрісі,т.б.) түрінде болуы мүмкін. Көбінесе оқытудың диалогтық формасы қолданылады: сыныппен пікірталас, оқулық тапсырмалары, сұрақтармен оқушының жұмыс істеуі.
Бұл әдістің негізгі міндеті - оқу материалдарындағы жүйелеу мен жалпылауды, тірек білімдерінің өзектілігін, жаңа білімдерді кірістіре отырып, оқу ақпараттарын беру болып табылады.
Ауызша әдістер оқушыларды өз ойларын жеткізе білуге, географиялық білімге тікелей қатысы бар табиғат пен қоғамдағы құбылыстарды бақылау барысында көргендерін айтуға, дүниетанымдарын қалыптастырып ой-өрістерін кеңейтуге көмектеседі.