2. Географиялық заңдылықтар жайлы білімнің қалыптасуы. Теориялық білімді географиялық заңдылықтар бойынша түсіндіреді. Оның өзі бірнеше этаптан тұрады. А) Нысандарды және құбылыстарды бақылау, олардың пайда болуы және дамуы. Бұл этап физика-географиялық заңдылықтарды игергенде қолданылады. Мұғалім географиялық зоналарға анықтама бермес бұрын, табиғи зоналарға неге бөліп қарастырамыз соны түсіндіру қажет. Б) жалпы оқытылып отырылған материалдардағы әртүрлі бөліну байланыстарын, Мысалы: елдерді даму жағдайына қарай типологиялық бөліп қарастыру. Дамыған елдер, өтпелі елдер, дамушы елдер.В) үшінші этап күрделі болып келеді, табиғатта, халықтаың саяси және экономикалық өмірінде бір мезетте әртүрлі заңдылықтар әсетін тигізеді. Мыслалы төменгі кластарда географияны оқығанда күндізгі бриз және түнгі бриз деген ұғым бар. Оқушылар осы бриздардың неге әртүрлі болу себптерін, заңдылықтарын анықтау керек.( мұның себебі яғни желдің бағытының екі мезгілде екі түрлі болу себептері атмосфералық қысымның екі түрлі болуымен байланыстырады. Жел әрқашанда жоғары қысым аймақтан, төмені қысым аймақтарына қарай бағытталып отырады) Сонымен қатар физикалық географияны оқығанда жербедерінің таулы аймақтары, ойысты аймақтары осы жер бедерінің ерешеліктеріне қарай климаты, топырағы, өсімдік әлемі, жануарлар әлемі, яғни ТТК әркелкі болу заңдылықтарына анықтама беру керек.
3.Географиялық фактілерді оқу. Географиялық фактілер мектеп географиясында өзінің мазмүны және оқыту процесіне байлансты әртүрлі болады. Мысалы: Орал қаласы қандай ендікте орналасқан, осыған байланыты қандай физикалық географиялық тұрғыда анықтама беруге болады. Әртүрлі фактілерді (мағлұматтарды) қолдану арқылы сұраққа толық анықтама беруге болады. Дегенмен мағлұматтармен жұмыс жасағанда өте мұқият болу керек, басқа да мәліметтермен салыстыра отырып орташа мағлұматын алу керек. Немесе мүмкіндік болса мұғалім оқушылармен өздері зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады және мағлұматтарды, бұрынғы дайын материалдармен салыстыра отырып қолдануға болады.
Географиялық мағлұматтар (фактілер) ерекше болса онда оқушылардың есінде жылдам сақталады. Мысалы.: Ең терең шұңғыма( мариан) 11022 м қайда орналасқан.