2.География сабағының негізгі тұрпаттары мен құрылымдарының ерекшеліктері.Сабақтың тұрпаттары алуан түрлі болады.Дидактикада оларды мақсатына оқыту әдістеріне оқу әрекетін ұйымдастыруға нышандарына,танымдық әрекетінің сипатына қарай жіктейді.
Сабақтарды төменде көрсетілген негізгі құрылымдық бөліктеріне негізделіп дидактикалық мақсатына қарай тұрпаттау тиімді.
1-тірек білімі мен іскерлік-дағдыларын тексеру
2-жаңа материалдарды оқып үйрену
3-бекіту және жинақтау
4-үйге тапсырма беру.
География сабақтарын танымдық әрекеттерінің сипатына қарай өзекті және өзекті емес сабақтар болып екіге бөлінеді.Өзекті сабақтар жекелеген немесе қандайда біртұтас өзекті мәселелерді шешуге арналуы мүмкін.Ол сабақтар өзекті дәріс, өзекті оқу ойыны түрінде өткізіледі.
Мектеп географиясын оқыту барысында құрамдасқан ,жаңа материалдарды оқып үйрену ,жинақтап қайталау ,кіріспе,іскерлік-дағдыларды қалыптастыру,оқушылардың алған білімдерін текмеру және тіркеу,қайталау алған білімдерін жинақтау және дәріс-семинар сабақтары қолданылады.
Құрамдасқан сабақ мектеп тәжірибесінде біршама кең тараған .Оның бірнеше дидактикалық мақсаты бар және барлық құрылымдық бөліктерін қамтиды. Құрамдасқан сабақтың белгіленген әрбір құрамдас бөлігі белгілі бір әдістер мен оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың нышандарын қолдануды талап етеді.
Жаңа материалды оқып-үйрену сабағы тұтастай жан-жақты терең меңгеруді қажет ететін біршама көлемді әрі күрделі оқу материалдарын түсіндіруге арналады.Мұндай сабақтарда көбінесе оқыту әдістері қолданылады.
Кіріспе сабақтар оқу жылының басында мектеп географиясының жаңа курстарын бастағанда,Қазақстанның геологиялық құрылысы мен жер бедері сияқты үлкен тараулардың басында қолданылады.Олардың басты мақсаты оқушылардың географиялық білімге деген қызығушылықтарын ояту,білімнің іс жүзінде тәжірибелік маңызын ашып оларды алдығы уақыттарда өтілетін сабақтарда жүргізілетін оқу жұмыстарына психологиялық тұрғыдан дайындау.
Іскерлер –дағдыларды қалыптастыру сабағы оқушыларға теориялық біліммен тығыз байланысы бар географияға тән арнайы іскерлік –дағдыларды қалыптастырып оларды бекітуді және іс жүзінде пайдалануды көздейді.
Іскерлік-дағдыларды қалыптастыру сабағы білімдік-тәрбиелік міндеттерді қою оқушылардың сарамандық жұмысты орындауға қажетті оқыту құралдарымен рәсімдеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар беру қорытындылау және үйге тапсырма беру кезеңдерімен тұрады.
Білімді тексеру және тіркеу сабағы көп сағатты тақырыптар топтамасын қорытындылау мақсатында өткізіледі.бұл тұрпаттағы сабақтың құрылымы міндеттерді қою ,білімді тексеру және тіркеу әдістері мен құрылымы нышандарын түсіндіру ,оқытушылардың жауаптарына ,қойылатын талаптар ,бағалау өлшемдері, рұқсат етілген ақпарат көздерімен жұмыс істеу ережелері ,оқушыларға орындалған жұмыс нәтижелерінің толықтығын жауаптарының көңілге қонымдылығын тексеру кезеңдерінен тұрады.Мектеп тәжірибесінде бұл тұрпаттағы сабақтар мұғалімнің қалау бойынша қалыптасқан жағдайдан шығу мақсатында өткізіледі.