Білім беру бағдарламасы Орындаған: Ғылыми жетекшісі


Инклюзивті білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері



бет3/12
Дата16.05.2023
өлшемі124,1 Kb.
#93555
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Инклюзивті білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері

Ашық азаматтық қоғамда Қазақстанның тұрақты дамуының басты шарты- тұрғындардың сауаттылық дәрежесін көтеруге бағытталған жалпы білім беру жүйесін дамыту мен барлық балаларға бірдей құқық беру болып табылады. Бүгінгі таңдағы білім беруді дамытудың негізгі сипаттамаларының бірі, жаңа бағыттағы арнайы білім беруді талап ететін балаларға тең дәрежеде білім беру мәселесі болып табылады.  


Мүмкіндігі шектеулі балалар – белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуаланған, жүре пайда болған ауруларды немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене немесе психикалық кемістігі бар балалар.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады. [1]
Әр бала үшін ең алғаш мектепке бару ең жауапты да қиын кезең. Ал мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін бұл кезең әлдеқайда эмоциялық жағынан да, психологиялық жағынан да ауыр болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі инклюзивті білім беру қағидаларына бет бұрды. Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу. Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті.

Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірбие көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. [2]


Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Әлемнің дамыған елдерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен қосып оқытуға көп көңіл бөлінеді және бұл салада елеулі тәжірибелер жинақталған. Біздің отандық жалпы білім беретін мектептің іс – тәжірибесі үшін инклюзивті оқыту педагогикалық жаңашылдық деп бағалануы мүмкін. Себебі мәселенің жаңалығы қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің іс – тәжірибесінде инклюзивті оқыту жан – жақты зерттеуді талап етеді.
Ғаламдық педагогика және психологияда инклюзивті оқыту мәселелері көптеген ғалымдар тарапынан зерттелінген мысалы:К.Хортон, М.Гуральник, Т.С.Лернера, Д.Брикер, Н.Д.Шматко т.б. еңбектерінде инклюзивті оқытудың проблемалары теориялық тұрғыдан қарастырылған.
Соңғы жылдары Ресей ғалымдары Л.М. Шипицина, Л.П. Назарова, Л.И. Аксенова, Н.Н. Малофеев, В.В. Линькова, Н.Г. Чанилова, С.А. Марковой, В.Г. Маралова, Т.В Егоров, Н.Д.Шевцовтың зерттеу жұмыстарында инклюзивті оқытудың көптеген аспектілері ашылып көрсетілінген.
Қазақстандық ғалымдар Р.А. Сулейменова, А.Н. Алмаганбетова, А.К. Жалмухамедова, А.А. Баймуратова, Хакимжанова Г.Д, Р.Ж. Жумажанова, К.Ш. Кумаржанова, А.А. Байтұрсынованың зерттеу жұмыстарында инклюзивті оқытудың кейбір мәселелері қарастырылған.[3]
XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Скандинавия елдерінде) мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру болды. Жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балаларға оқуды жеңілдететін қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады. Әрбір елде интеграциялаудың өзіндік үлгісі іске асырылуда, бұл білім беруде интеграциялаудың жан-жақты үлгісін құрудың мүмкін еместігін көрсетуде.
Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде айқындалған басым бағыт жалпы мектептік білім беру саласында қарастырып отырған категориядағы балаларды жалпы білім беру үрдісіне міндетті түрде енгізуді көздейді.
1991 жылдың күзінен бастап Ресейде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың эксперименталды алаңдары құрылды. Мүмкіндігі шектеулі балалармен педагогтардың жұмыс істеу мақсатында Ресей Федерациясының білім министрлігі педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1996ж 1 қыркүйегінен бастап «Арнайы (коррекциялық) педагогиканың негіздері», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясының негіздері» деген курстарды енгізді. Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлінің айтуы бойынша 2008-2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі эксперименталды түрде көптеген білім беру мекемелеріне енгізілген. Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар; коррекциялық мектептер; «Интернат-үйлер»; үйден оқыту; қашықтықтан оқыту.
Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудағы қазіргі саясаты жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады. Бұл біріктірулерде 3 негізгі жолдар бар: «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Бұл арнайы білім беру алаңында үлкен дау-дамай тудыруда.
«Негізгі бағыт» мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде оқытуды көздейді. Бұл балалар қоғамға араласуы керек болғандықтан , оларды әлеуметтік және білім беру қызметтеріне қосу керек деп есептейді.
«Жалпы білім беру инициативасы»-бұл Америка Құрама Штаттарының білім департаментінің арнайы білім беру бөлімінің ұсынысы. Жалпы білім беру инициативасы -дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына фундаменталды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, «негізгі бағыттан» ары қарай дами түскен. Кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді.
«Енгізу» моделі балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша оқушының жетістігі бағаланады.
Қазіргі кезде Америка Құрама Штаттарында 1990 жылы қабылданған, «ауытқулары бар тұлғалар үшін білім беру акты» деп аталатын заң жұмыс істеуде. Бұл халықтық білім беру жүйесінде бала оқуына қажет тегін білім береді. Ата-анасы баласының оқу мүмкіндігі туралы қорытынды талап ете алады, ол бала дамуындағы ауытқуының бар немесе жоқтығына негіздемеден тұрады. Заң тек арайы білім алуға ғана емес қосымша қызмет түріне де құқық береді.
Швецияда ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және олар онда қажетті қолдау алуда (сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында ақалушылық бар балалар ауытқулары бойынша бөлінген арнайы мектептерде білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи алады. Арнайы мектептер қазір жалпы білім беретін мектептегі сыныптарға кірістірілген балаларды қолдау ресурстарының орталығы болып табылады. Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына сыныптардыбіріктіру жолымен орналасқан.
Франциядағы арнайы білім беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетіспеушіліктері бар балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған. Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу 4 нұсқада орындалуда:
1.Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары, тәрбиелеу жұмыстары т.б. Мысалы, тірек-қимыл қызметі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сол мектепте немесе жақында орналасқан адаптациялық орталыққа барады.
2. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша қиды. Мысалы, көруі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сабақ дайындауға көмек, мұғалімнен қосымша сабақ алады, кеңістікте бағдарлау бойынша сабақтарға қатысады.
3. Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама бойынша оқиды (әдетте психикалық дамында кешігушілік бар балалар). Уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы оқушылармен дайындалады.
4. Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (әдетте ойлау қабілеті бұзылған балалар). Соған қарамастан ол мектеп өміріне қатысады: біріккен таңғы ас, тәрбие шараларына біріккен қатысу, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу.
Италияда өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап арнайы мектептердің арнайы сыныптары оқушыларының үлкен бөлігі жалпы білім беру жүйесіне енгізіле бастады. Бүгінгі күні арнайы қажеттілігі бар балалардың 99 пайызы жалпы білім беретін мектептерде оқиды. Қарапайым сыныпта қолдаушы мұғалімнен арнайы көмек алу үшін дамуында ауытқуы бар бала ретінде тіркелуі керек. Тіркеу тек ата- анасының келісімімен және тек 1 жылға жасалады, мерзім біткеннен кейін арнайы көмекті ұзарту немесе бас тарту туралы шешім шығарылады. Бірақ, Италиядағы арнайы қажеттілігі бар оқушыларды жалпы білім беру ортасына енгізуді дамыту бірнеше мәселелерді шешуді қажет етеді. Көптеген мұғалімдер интеграцияны жоққа шығармайды, тек сынып өміріне енгізуде бірнеше қиындықтар кездесуде. Олар дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуда жауапкершілікті қолдаушы мұғалімге артуды ұсынады.
Италиядағы білім берудегі интеграциялау қиындықтары бірнеше себептерге байланысты. Интеграциялау үрдісі аймақтың қажеттіліктеріне зерттеу жұмыстарынсыз, қажетті мамандар бар-жоқтығы анықталмастан басталды. Жалпы білім беретін мұғалімдерді оқыту шектеулі ғана болды. 1 ай ішінде арнайы сабақтар ұтымды нәтижелер бермеді, көптеген мұғалімдер тіптен оқытылмады. Қолдаушы мұғалімдер мен сынып мұғалімдерінің бірлесуі қиындықтар туғызды.
Үлкен қиындықтарды ойлау қабілетінің дамуында ауытқуы бар балалардың жалпы білім беру үрдісіне енгізілуінен туындады. Көптеген мамандар мұндай балаларға арнаулы сыныптар ашу керек деп санайды. Алайда, бұл ұсыныс Италияда қаралмай отыр, ол тағы да өзін «төмендету» ретінде көрсеткен арнайы білім беру жүйесін құруға әкеледі деп қауіптенеді.
Италиядағы интеграциялауды кең тұрғыда қарағанда бұл мәселеде мақсатқа жетті деп есептеуге болады. Бірақ, бұл сұрақ бойынша жүйелі орталықтанған өңделген көрсеткіштердің жеткіліксіздігінен білім берудегі интеграциялау үрдісінің нәтижелері жөнінде өте аз белгілі.
Бұл тәжірибелерден көретініміз шет елдерде инклюзивті білім беру мәселесі біздің елге қарағанда едәуір жолға қойылған. Бұл елдерде инклюзивті білім беру XX ғасырдың 70 жылдарынан басталған, ал біздің елде екінші мыңжылдықтың басында ғана қолға алына бастады. Европа елдерін алатын болсақ, инклюзивті білім беру көптеген мәселелерді шешкен. Бұл елдерде мүгедек балаларға жалпы білім беретін мектептерде қосымша көмек жолдары ұсынылған. [4]
Бүгінгі таңдағы білім беруді дамытудың негізгі сипаттамаларының бірі, жаңа бағыттағы арнайы білім беруді талап ететін балаларға тең дәрежеде білім беру мәселесі болып табылады. «Жалпыға бірдей білім» бағдарламасына сәйкес 1994 жылы Саламанка қаласында (Испания) арнайы қажеттілігі бар балаларға білім беруді дамытуға арналған бүкіләлемдік конференция болып өтті. Конференция соңында Саламан декларациясы жасалды.
Осы декларацияны дамыту мақсатында ЮНЕСКО Қазақстан Республикасы Білім Министрлігімен біріге отырып Қазақстанда «Арнайы қажеттілігі бар балаларға базалық білім беруді дамыту» атты Пилоттық жоба жасалынды. Бұл жобаның мақсаты осындай балаларды жалпы білім беру үрдісінде қоса оқыту яғни инклюзивті оқыту жолдарын іздестіру болып табылды. Бұл жобаның орындалуын қадағалау, дамуында ақаулығы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік бейімделу және кәсіби еңбекте сауықтыру ғылыми-практикалық орталығына тапсырылды. Бүгінгі таңда ол орталык коррекциялық педагогиканың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы деп аталады.
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Қазақстанда мүмкіншілігі шектелген балалардың туғанынан бастап әлеуметтік және медициналық-педагогикалық корекциялық амалдары амалдары, психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерілуді және білім алуды ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында «Білім туралы», «Мүмкіншілігі шектелген балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» заңдарда бекітілген.
Жоғарыда айтылған міндеттерден басқа өзге де бірқатар мәселелерді шешу қажет. Осы аталған міндеттер шешімін табу үшін, сөз жоқ білікті маман қажет,сол себепті осы бағытта болашақ мамандарға тиісті білім, іскерлік, дағды қалыптастыру керек. [4]
Инклюзивті оқыту үрдісін және ақпараттық-әдістемелік қолауды дамыту үшін жалпы білім беру мектептерінің директорлары мен бастауыш сынып мұғалімдерін, арнайы қажеттілігі бар балаларды оқытып жатқан мектепке дейінгі білім беру мекемелірінің тәрбиешілерін қайта даярлау бағдарламалары жасалынған.
Республикамызда балалар білім алу үшін жағдай жасаудың басым бағытына қатысты келесідей бағыттар бар.
Бірінші бағыт – балалардың дамуындағы кемшіліктерді тауып, жастық кезеңнен бастап түзету-педагогикалық жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Мектепке дейінгі уақтылы көрсетілген көмек жалпы білім алу ортасында оқуға баланың негізгі кемшіліктерін түзетуді қамтамасыз етеді. Республикадағы арнайы білім беру жүйесінің бастапқы буыны баланың оқу, әлеуметтік және медициналық қызметтерін алуға құқығын орнататын, психологиялық, медициналық және педагогикалық консультация болып табылады. (бір психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес балалардың 60 мың тұрғындарға ашылады).
Бүгінгі таңда елімізде 56 облыстық, қалалық және аудандық, соның ішінде бір республикалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес жұмыс істейді.
Екінші бағыт – барлық деңгейдегі балаларға олардың психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, білім алу құқығын жүзеге асыру үшін вариациялық жағдайлар құру болып табылады. Қазіргі уақытта республикамызда мүмкіндігі шектеулі балалардың оқуын ұйымдастыру үшін арнайы білім беру ұйымдарының дифференциалданған желілері бар. Оған түрі мен типіне байланысты арнайы білім беру ұйымдары, жалпы типтегі бала-бақша жадындағы топтар және жалпы білім беру мектептеріндегі арнайы сыныптар кіреді: жалпы типтегі 35 арнайы бала-бақшаларда және 228 бала бақша жадындағы арнайы топтарда 10 мыңнан астам мектепке дейінгі балалар тәрбиеленіп білім алуда. [5]
Мектеп жасындағы дамуында 8 негізгі түрі және типінен кемшіліктері бар балалардың 24 мыңнан астамы жалпы білім беру мектептер жадындағы 820 арнайы сыныптарда және 101 түзету мектептерінде білім алуда.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыру мақсатында арнайы жалпы білім беру типтік бағдарламалары құрылғын.
Балалардық психофизикалық дамуында оқушылардың танымдық мүмкіндіктері және келесідегіде вариативті оқыту қарастырылады:
1)танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас шамасына сәйкес келетін, сенсорлық, сөйлеу, қозғалғыш қасиеттерінің бұзылуы бар балалар үшін мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай болатын білім;
2)танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас шамасына сәйкес емес, психикалық дамуының кешеуілі, қозғалтқыш дене мүшелерінің бұзылуы, сөйлеу және сенсорлық қасиеттерінің бұзылуы бар оқушылар жеке оқу жоспарлары бойынша, қысқартылған оқу бағдарламалары арқылы білім алуды жүзеге асыру;
3) жекешелендірілген бағдарламалар (ауыр дәрежедегі ақыл-есі кем және көптеген ауытқулары бар балалар үшін) және интеллектуалды ауытқулары бар балалар үшін арнаулы бағдарламалары бар мектептерде білім алуды жүзеге асыру. [6]
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
-Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
-Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
-Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 қағидасы туындайды. Яғни ол мына қағидалар:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модулдік бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді. [7]
Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті алға қойылған.
Мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы.Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға медико-педагогикалық және әлеуметтік көмек жүйесін тиімді дамыту интегралды білім берудің қағидалары мен идеясын жүзеге асыру болып табылады. Оның құралдары балаларды бөлектеу және өздерінің олқылығы туралы тұрақты көрініс табу емес, мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалар ортасына қосу, біріктіріп оқыту, бос уақытын бірге өткізуді ұйымдастыру және оларға өзара көмек көрсету арқылы шешілетін, әлеуметтік өмір траекториясының құрылымын жасау болып табылады. Мысалы, Шығыс Қазақстанда, Алматы және Астана қалаларында ертеректе оқуға жарамайтын және білім алуға, өз жасындағы балалармен араласуға мүмкіндігі жоқ болған, орташа және ауыр деңгейдегі ақыл-есі кем балалар үшін интеллектуалды кемшіліктері бар балаларға арналған мектептерде арнайы сыныптар ашылған.
Сонымен қатар сауықтыру орталықтарында, түзету мектептерінде және бала–бақшаларда күрделі құрамалары және басқа да дамуындағы ауытқушылықтары бар, ерік-сезімдік өрісінде бұзылысы анық көрінетін балалар үшін эксперименттік топтар және сыныптар ашылған.
Қазақстан Республикасындағы арнайы білім беру ұйымдарының жетіспеушілігі арнайы мектептердің тұрғылықты жерлерден алшақтағы дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқытуға мәжбүр етеді. Бірақ бұл жерде ата-аналарының білім беру ұйымын еркін таңдау құқығы мен баланың отбасында болу құқығы туралы ерекше айту қажет.
Қазақстанда кемтар 120665 бала бар. Олардың ішінде 19047 кемтар бала 102 арнаулы (түзеу) білім беру ұйымдарында арнаулы біліммен қамтылған, оның ішінде: 9 ұйымда – соқыр және нашар көретіндер үшін (1392 адам); 20 – саңыраулар мен нашар еститіндер үшін (2944 адам); 5 – 868 сөйлеу қабілеті нашар балалар үшін; 4 – 460 жүріп-тұру мүшелерінің функциялары бұзылған балалар үшін; 56 – 11673 ақыл-есі кем балалар үшін; 8 – 1710 психикалық дамуы кем балалар үшін.
Дегенмен, арнаулы білім беру мекемелері әр түрлі мүгедектік топтарындағы балалардың білім алудағы қажеттілігін қамтамасыз етпей отыр. Осылайша, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар тіркеген 10788 саңырау және нашар еститін балалардың 2944-і (27 %-ы) ғана арнаулы білім беру ұйымдарында білім алады. Жалпы білім беретін мектептердің 425 арнаулы сыныптарында 5167 оқушы оқиды; 36 арнаулы мақсаттағы балалар бақшасында және 236 көпшілікке арналған балалар бақшаларының арнаулы топтарында 9906 мектеп жасына дейінгі бала бар.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына қабылдаудың типтік ережесінде І және ІІ топ мүгедектерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жастайынан мүгедектерді, сонымен бірге мүгедектердің осы санатында, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына түсу кезінде орталық атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы аумақтық бөлімшесінің таңдалған мамандық бойынша білім беру ұйымдарында оқуға болатыны туралы қорытындысы болу керек. [8]
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында туа біткен жүрек кемістігі, көру қабілетінің нашарлауы, туа біткен соқырлық, ревматизм, есту қабілетінің нашарлауы, олигофрения және басқадай аурулармен ауыратын 540 мүгедек оқиды.
Әрбір мүгедек оқушымен мамандық таңдау және оқу орнын бітіргеннен кейін одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігі жөнінде жеке жұмыс жүргізіледі.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына мүгедек балалар медбикелердің тұрақты қадағалауында болады, қажеттілігіне қарай алдын ала емдеуден өтеді. Білім беру мекемелерінде салауатты өмір салты бойынша ұйымдастыру жұмысы (спорттық үйірмелер, арнаулы үйірмелер, диспуттар), жылына 2 рет тұрақты түрде оңалту курстары, мүгедек балаларды кәсіптік мектептердің (лицейлердің) және колледждердің қоғамдық қызметіне араластыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде кемтар балалардың білім алуға қол жетімділігін кеңейтуге бағытталған оң өзгерістер "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж балалар үшін жаңа типті мекемелер желісінің дамуына жол ашылды: 16 облыстық және республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларына қосымша 18 жасқа дейінгі 60 мың балаға арнап 17 қалалық және аудандық қалаларының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, 7 оңалту орталықтары, 20 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері ашылды.
Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ. [9]
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
1.3 Мүмкіндігі шектеулі балалардың негізгі топтары

Мүмкіндігі шектеулі балалар – физикалық немесе психикалық дамуы ауытқыған балалар. Кемістік немесе дефект балаларда іштен туа және жүре пайда болуы мүмкін. Іштен туа пайда болған кемістіктің болуы әр түрлі себептерге байланысты:



  1. Тұқым қуалаушылық;

  2. Жаңа дамып келе жатқан ұрыққа сыртқы ортадан химиялық, механикалық, температуралық әсерлердің ықпал етуі;

  3. Тамақтанудың нашарлығы;

  4. Организмге суық тиюдің әсері.

Жүре пайда болған кемістік – бұл баланың нәресте кезінде жұқпалы аурулармен науқастануы. Мысалы: эпидемиялық менингит, полиомелит, қызылша, скарлатина, т.б. аурулар.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың негізгі топтары:

  1. есту мүшелері нашар дамыған балалар(кереңдер, нашар еститіндер).

  2. көру мүшелері нашар дамыған балалар (соқырлар, нашар көретіндер).

  3. күрделі құрылымды кемістігі бар балалар.

  4. ақыл-есі нашар дамыған балалар.

  5. сөйлеу қабілеті нашар дамыған балалар (алалия, тұтықпа, дислалия, дизартрия).

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және оқыту олардың физикалық дамуына және ақыл-ой дамуына қарай ұйымдастырылады. Кейбір балалардың кемістіктерін түзегеннен кейін, оларды кәдімгі мектептерде оқытуға болады. Ал кейбіреулері арнаулы мектептерде оқытылады және сонда тәрбиеленеді.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу қабілеті әр түрлі болады. Кейбір балалардың білімді меңгеру дәрежесі кәдімгі жалпы білім беретін мектептердің жай ғана оқу бағдарламасын игерумен шектеледі. Ал кейбіреулердің мүмкіндіктері шексіз болады. Әрбір категориядағы балаларға біздің елімізде белгілі оқу орындары белгіленген:

  1. Керең, нашар еститіндерге арналған мектептер;

  2. Соқыр және нашар көретіндерге арналған мектептер;

  3. Қосалқы мектептер (ақыл-есі нашар дамыған балаларға арналған);

  4. Логопед пунктері (тіл кемістіктері бар балаларға арналған);

  5. Сөйлеу қабілетін түзету мектептері (күрделі тіл кемістіктері бар балаларға арналған);

  6. Барлық топтағы балалар үшін бала-бақшалар;

  7. Мемлекет тарапынан жәрдем беретін арнаулы орындар.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және оқыту бұл күрделі педагогикалық жұмыс болып есептелінеді. [12]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет