Білім беру бағдарламасы Орындаған: Ғылыми жетекшісі



бет11/12
Дата16.05.2023
өлшемі124,1 Kb.
#93555
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Мүмкіндігі шектеулі балаларға дене тәрбиесі сабағын өткізу ерекшеліктері

Арнайы медициналық топқа денсаулықтары қалыпты жағдайдан едәуір ауытқыған оқушылар кіреді, яғни оларды дене тәрбиесі сабағының жалпы бағдарламансына босатуды талап етеді. Олар үшін бағдарлама жалпы бағдарлама негізінде,бірақ кейбір шегіністермен және қосымшалармен жасалынады. Мұнда ерекше назар денсаулықты нығайтуға, шынығуға, дене және ақыл-ой жұмыс қабілетінің артуына , денсаулығына байланысты әлсіреген ағзаның физилогиялық белсенділігіне аударылады. Бағдарламаға ілімдік мәліметтер, гимнастикалық жаттығулар, қозғалыс-қимылдар, спорт ойындары,жеңіл атлетика элементтері кіреді. Ілімдік мәліметтерде гигена, жаттығудың ағзаға әсері,дәрігерлік бақылау, денсаулықты жақсартуға арналған дене дайындығы құралдарын оқушылардың саналы түрде қолдануына күшейтілген назар аударылады .
Бағдарлама мына төмендегі гимнастикалық жаттығулар үлкен орын алады: сапқа тұрғызу және қайта тұрғызу, би жаттығулары, спорт құралдарынсыз және спорт құрал жабдықтарымен гимнастикалық қабырғаны, орындықты пайдаланып, тепе-теңдікке арналған жаттығуларын енгізуге болады , дене тұлғасы дұрыс қалыптастыратын жаттығуларға ерекше мән беріледі әсіресе тыныс алу жаттығуларының мәні ерекше. Мұнда тыныс алудың әртүрлі типтерін пысықтап үйрету қажет. Әртүрлі тыныс алу жаттығуларының түрлерін оқытып, үйрету тыңғылықты жүргізілуі керек (көкірекпен, ішпен, аралас). Терең ырғақты, қозғалыста тыныс алумен дұрыс үйлестікті дұрыс қамтамасыз ету үшін арнайы тыныс алу жаттығулары беріледі. Кез –келген жатттығулардың әдісін үйрену үшін тыныс алуды тыңғылықты бақылау іске асырлады. Тыныс алуда зорлықпен, тынысты ұзақ уақыта ұстауға балмайды, тыныс алу ырғағы бұзылған жағдай қалпында кетіру жаттуғыларын жасату керек .
Жылдамдық күш-сипаттағы және төзімділікке берілген жаттығуларға барынша шектеу қойылады. Өзім сабақ беретін 5-11 сыныптар арасында денсауығына байланысты сабақтан босатылған оқушылар бар. Атап айтатын болсам: Бекембаева Г, Әлмуханов М, Айтуғанова А, Бекпейісов М. Шілман А. Оқушылардың әр сыныпта, әр кезекте оқуына байланысты әр оқушымен бөлек жұмыс жасадым. Ең бірінші әр оқушының дәрігер қойған медициналық анықтамасымен, қойған диагнозымен мұқият таныстым. Мектеп аяжандарымен тікелей байланыста болып жұмыс жүргіздім. Күнделікті сабақта әр оқушының жасына, сырқатына байланысты дене жаттығуларын жасадым.
Мысалы :Бекембаева Гүлназ 10 «б» сыныбында оқиды. Бұл оқушыға да 5 сыныптан сабақ беріп келемін. Дәрігердің қойған анықтамасы «склеродемия». Бұл оқушыға жүгіруге, секіруге, ашулануға, шаршауға болмайды. Сабаққа қатысуға ата-анасы тікелей қарсы, оқушының өзі де тартыншақтап тұрады, сабақтан босатылсын деген ВКК-дан анықтамасы бар. Гүлназбен сөйлесу арқасында спорт киімімен сабаққа қатыстыру мүмкіндігіне ие болдым, жайымен сапқа тұруды, саптық жаттығуларды жасауға бейімделді. Қазіргі таңда қысқа қашақтыққа жүгіру, волейбол ойынын сүйіп ойнайды. Сабаққа деген қызығушылығы артты. Ата-анасы да қарсылық білдірмейтін болды. Мен бұны өзімнің және оқушымның қол жеткізген жетітігі деп білемін.
Шілман Айдана 11 «б» сыныбында оқиды. Бұл қызға да 5 сыныптан сабақ беремін. Сырқаты көзі алыстан көрмейді. Айдана қазір жүктемесі төмендетіліп алынған тапсырмамен жұмыс жасайды. Спорттық ойындарға белсене араласады, қысқа қашықтыққа жүгіруде жақсы нәтижеге ие.
Айтуғанова Ақерке мен Әлмуханов Мейіржан қазіргі өзім жетекшілік ететін 6 «в» сыныбында оқиды. Менің сыныбым мектептегі спортқа бейімделген іріктелген сынып. Бірақ жоғарыда аталған оқушыларымның ВКК-дан сабаққа қатыстырылмасын деген қағаздары бар, дәрігердің қойған диагнозы ДЖВП өт жолы дұрыс жұмыс істемейді, бүйректің қызметі төмен деген анықтама. бұл оқушыларымның ата-анасымен сөйлесе отырып өз сыныбымда қалдырым. Спорттық жаттығулар арқылы барлық қиындықтарды жеңе алатынымызды, және оған әркімнің мүмкіншілігі жететініне көздерін жеткізуге тырысамын. Ол үшін күресу қажет екендігін айтып түсіндіремін. Дамыту жаттығуларынан жалыққан оқушы қазір спорттық ойындарға қосыла бастады. Келешекте осы оқушыларыммен нәтижелі көрсеткішке жетемін деп ойлаймын.
№219 Ы.Алтынсарин атындағы мектепте мүмкіндігі шектеулі ( үйден оқытылатын) бес оқушы бар. Соның ішінде Құлмағанбетова Аягөз 6 сыныптың оқушысы. Дәрігерлік анықтамасы –созылмалы пиелонефрит, гломерулонефрит. Яғни туа бітті бір бүйрегі жоқ екінші бүйректің қызметі төмен. Бірінші кезекте дәрігерімен, мектеп психологы Ә.Жандаулетовамен ақылдаса отырып дене тәрбиесінен жеңілдетілген түрде бағдарлама жасадым. Жұмыс барысында бірінші, екінші сабақтарда теориялық мәлімет бере отырып, оқушымен жете таныстым. Әр сабағымды әртүрлі суреттермен, көрнекіліктермен, жеңіл тест алу арқылы бағалап ынталандырып отырдым.
Тест сұрақтарын мысалыға:1.медал металдарын атаңыз? 2.Доптың пішіні қандай? 3.Спорттық ойындардың түрлерін атаңыз? т.б. Нәтижесінде Аягөздің өмірге деген көзқарасы өзгеріп, өмірге деген құлшынысы артты деп толық сеніммен айта аламын. Осы тәжірибеден соң мынадай қорытындыға келдім. Үйден оқытылатын оқушылар үшін дене тәрбиесі сабағын кірістірсе, арнайы бағдарлама жасалып, бекітілсе. Аптасына екі рет дене тәрбиесі сабағы өтілсе. Бағдарламада денесін дамыту жаттығуларын, сергіту сәтін және ұлттық ойындарды насихаттай отырып, ойын элементтерімен өтілсе, әр түрлі буклеттермен, тест сұрақтарымен толықтырып, Қазақстанның намысын қорғап жүрген спортшылармен таныстырып, қызығушылығын арттырып, өзінің де қоғамның бір мүшесі екенін сезіндірсек.
Қорыта келе мен мынадай ұсыныстар айтқым келеді. Арнайы медициналық топтағылармен шұғылдану сабағында әртүрлі диагнозы бар және жүктемелерге әртүрлі бейімделетін әрбір оқушыға ерекше сезімталдықпен, сақтық қарым-қатыныста болу керек, мектептен тыс іс-шараларға қатыстыру, әрбір оқушыға дәрігердің қойған диагнозын, кеңесін дене тәрбиесі мұғалімі жақсы білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет