Білім беру ұйымының миссиясы мен болашаққа бағдары
Миссияны белгілі бір нақты мектепке тән мақсаттар мен соларға қатысты ұстанымдар,
көзқарастар мен әрекеттер жиынтығы ретінде сипаттауға болады. Миссияны «білім берудегі
болашаққа бағдар», «құндылықтар өзегі» немесе «білім беру тұжырымдамасы»
ретінде де
қарастырады.
Миссия – мектеп қауымдастығы қабылдаған және
білім беру мекемесінің
келешекке белгілеген мақсаты, мақсаттары мен құндылықтары туралы және өзіне алған
міндеттемелері туралы ресми түрде жарияланған шешім. Миссия нақты мақсаттар қою
және қол жеткізу шеңбері мен бағыттарын белгілейді.
Миссияны қалыптастыру себептерін шартты түрде
сыртқы және
ішкі себептер деп
бөлуге болады.
Сыртқы себептерге бәсекелестіктің күшеюі жағдайында білім беру мекемесінің
имиджін қалыптастыру қажеттілігі жатады, мысалы, мектеп үшін бұл өзіне оқушыларды
тартуға арналған бәсекелестік болуы мүмкін.
Миссияны қалыптастырудың
ішкі себептері мынадай қажеттіліктермен байланысты:
- проблемаларды шешудің іздеу
өрісін анықтау;
- ұйымдағы ішкі өзгерістер;
- қызметтің ортақ басым бағытын белгілеу;
- ұйымдағы өзара түсіністік және ынтымақтастық деңгейін арттыру.
Миссияны тұжырымдай отырып, мектеп әкімшілігі
мен мұғалімдер мектептің
қызметін талқылау және шешім қабылдау барысында соны негізге алуы маңызды.
Миссия – мектептің «визит картасы». Ол мектептің білім беру қызметін пайдалана
алатын барлық адамдар үшін тартымды, түсінікті болуы керек. Сондықтан миссияны
белгілеудегі негізгі сұрақ «Мұның барлығы кімге және не үшін қажет?». Өз ұйымыңыздың
миссиясын оңтайлы тұжырымдау үшін «неге?» деген бірнеше
сұрақтарға жауап іздеген
жөн.
Достарыңызбен бөлісу: