Білім беру бағдарламасы Құрастырушы: Айтуганова Сауле Гараповна, педагогика ғылымдарының 3



бет26/88
Дата19.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#108402
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   88
Ұсынылатын әдебиеттер: [1,3,5,6,7,9,13,18,22, 26].
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар:
(дәріс сұрақтары бойынша).


Дәріс №6.
Тақырыбы: Этилен көмірсутектері. (олефиндер). π- жүйесі.
Дәріс мақсаты: алкендердің құрылымын, алу тәсілдерін, қасиеттерін, изомериясын зерттеу.
Дәріс жоспары:
1. Алкендер. Номенклатура. қос байланыстың табиғаты. Алкендердің геометриялық (цис-, транс-) изомериясы.
2. Синтез әдістерін талдау.
3. Алкендердің физикалық қасиеті. Олардың электронды жұтылу спектрі. Алкен молекуласындағы электрондардың ауысу табиғаты. Алкендер класының жеке өкілдерінің тұрақтылығын салыстыру.
4. Айналу. Изомерлену, связанная с цис- транс- переходами и перемещением кратной связи. Алкендердің тотықсыздануы, осы процестің катализ табиғаты. Льюис негіздері ретіндегі алкендер. Цейз тұзы және басқа алкендер. Көптік байланысқа (AE) электрофильді қосылу. Галогендердің, судың және минералды қышқылдардың еселік байланысқа қосылу механизмі және стереохимиясы. Марковников ережесі. Алкендерге бор гидридін қосу (Браун). Терминальды алкендерді біріншілік спирттерге айналдыру үшін осы реакцияны қолдану. Алкендерге галогендер мен бромсутек қышқылымен гомолиттік қосылу. Алкендердің тотығуы. Вагнер реакциясы. Этиленді оттекпен эпоксидирлеу. Прилежаев реакциясы. Алкендерді озонолиздеу.
Алкендердің қолданылуымен жаңа көміртек-көміртек байланысының түзілуі. Металл карбонилдерінің қатысуымен гидроформилденуі; Осы реакцияның механизмі, оның практикалық маңызы. Алкендерді алкандармен алкилдеу, изобутан мен изобутеннен изооктан синтезі. Алкендердің полимерленуі: катионды, анионды, координациялық. Циглер мен Натт жұмыстары. Осы реакциялардың өндірістік қолданылуы. Теломерлеу. Этиленді төртхлорлы көміртекпен теломирлеудің мәні. Бұл процестің мәні.
Аллилді С-Н байланыстарға әсер ететін алкендердің реакциясы: галоидтау, тотығу, тотықтырғыш аммонолиз.
Молекулаларында sр2-гибридтелген көміртегі атомдары арасында σ-(С-С)π-(С-С)-байланыстары бар қанықпаған көмірсутектерді алкендер (олефиндер) деп атайды. Олар СnH2nжалпы формулаға сәйкес келетін гомологтық қатарды құрайды. Гомологтық қатарының бірінші қорапайым өкілі СН2=СН2 этилен болғасын, оларды этилен көмірсутектері деп те атайды.
СН2=СН2 этилен
СН3 -СН=СН2 пропилен (пропен)
СН3 –СН2–СН=СН2 бутен-1
Молекуласында қос байланысы бар көмірсутектерді ашылу тарихына сөйкес олефиндер (май түзуші, себебі, этилен хлормен май төрізді сұйықгық түзген) деп те атайды. Халыкаралық ИЮПАХ номенклатурасы бойынша алкендер деп те атайды.
Этиленді көмірсутектер жалпы формуласы СпН2п болып келетін гомологтік катар түзеді.
Алкендер қатарына структуралық изомериядан басқа геометриялық цис және транс изомерия тән.
Химиялық қасиеті -байланыс болуымен ерекшеленеді. Қанықпаған көмірсутектер болғандықтан оларға қосылу реакциялары тән. Полимерлену, тотығу реакциялар тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет