Ұсынылатын әдебиеттер: [1,3,5,6,7,9,13,18,22, 26].
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар: (дәріс бойынша сұрақтар).
Дәріс №9. Тақырыбы: Алкандардың галогентуындылары. Алканолдар (спирттер). Дәріс мақсаты: алифатты галогентуындылары мен спирттердің құрылымын, алу тәсілдерін. қасиеттерін, изомериясын зерттеу.
Дәріс жоспары: 1. Классификация. Құрылысы. Бұл қосылыстардың маңызы.
2. Моногалоген туындылары. Изомерия, физикалық қасиеттері.
3. Химиялық қасиеті.
а) Гомолитикалық процестер: тотықсыздану, белсенді металдармен әрекеттесу. Вюрц реакциясы, Гриньар бойынша магнийорганикалық қосылыстардың синтезі.
б) Гетеролитикалық процестер. Газ фазасындағы және ерітінділердегі реакциялардың энергетикасы.
в) Қаныққан көміртегі атомындағы нуклеофильді орынбасу туралы түсініктер.
SN2 типті реакциялар. Кинетика, механизм, стереохимия. Радикалды және кетуші топтың табиғатының әсері.
SN1 типті реакциялар. Кинетика, механизм, стереохимия. Карбокатиондар, олардың алкилгалогенидтерден алынуын және тұрақтылығын анықтайтын факторлар. Иондық жұптар туралы түсінік. Карбокатиондардың қайта құрылуы.
г) Орталық атомдары бөлінбеген электрон жұптары бар реагенттердің нуклеофильділігі мен негізділігі. Пирсонның қатты және жұмсақ қышқылдар мен негіздер туралы тұжырымдамасы, ҚЖҚН принципі.
д) Галоалкандардың түрленуі кезінде галогенсутек қышқылдарының элементтерін жою. E2 және E1 механизмі. SN және Е типті реакциялардың реттелуі, құрылымдық факторлар мен еріткіштердің рөлі. Органикалық синтездегі биполярлы апротонды еріткіштер. Элиминация процестерінің энергиясы мен бағыты, Зайцев ережесі.
Қөмірсутектердің құрамында бір немесе бірнеше сутегі атомдары сәйкесінше бір немесе бірнеше галоген атомдарына (F, CI, Br, I) алмастырылғанда пайда болатын қосылыстар галогентуындылары деп аталады.
Төменгі фтортуындылары көбінесе газ тәрізді заттар болып келеді (фторметан, фторэтан, фтопропан, фтороформ ж/е т.б). Хлор- және бромтуындылары әдетте сұйық заттар (хлорметан және бромметаннан басқа).Иодтуындылары көбінесе қатты және тығыз заттар болып келеді.
Галогеналкандар алкандырдың құрылысын сақтап қалғасын, олар да орынбасу реакцияларға бейім болып келеді. Бұл реакциялар органикалық синтезде жаңа заттарды алу үшін кеңінен қолданылады.