Циклдік қаңқалы циклдегі көміртегі атомдары тек қана sp3-гибридизация- ланған күйде болатын қосылыстар циклоалкандар деп аталады. Циклоалкандар- дың гомологтық қатарының жалпы формуласы - (СН2)n.
Осы күнгі халықаралық номенкла- тура бойынша циклоалкандардың аттары цикло- қосымшасына алкандардың көміртек атомдарының санына негізделіп аталады. Циклоалкан молекуласын- дағы екі əртүрлі көміртек атомдарындағы орынбасарлар цикл жазықтығының бір жағында орналасса, ондай екіорынбасқан циклоалкан цис-изомер деп ата- лады да, орынбасарлар цикл жазықтығының əр жағында орналасса, ондай ек- іорынбасқан циклоалканды транс-изомер деп атайды.
Моноциклдік циклоалкандар циклопропан циклобутан циклопентан циклогексан
Бициклдік циклоалкандар Егер көмірсутектің молекуласында екі циклде жалпылама бір көміртек атомы
(түйіндік атом) болса, ондай көмірсутектер спироалкандар деп аталады.
Спироалканның аты тиісті алканның атынан түзіледі, квадраттық жақшалардың ішінде неше көміртек атомдары түйіндік көміртек атомының əр жағында орналасқаны санменен көрсетіледі. Спироалкан молекуласындағы атомдарды нөмірлеу кіші циклден, түйіндік көміртегі атомына көрші атомнан басталады.
Циклопентан жəне циклогексан мұнайдың кейбір сортта- рында кездеседі. Циклогексан фрагменттерін табиғи қосылыстарда жиі кездес- тіруге болады. Көптеген циклоалкандар синтетикалық жолдармен алынады.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1,3,5,6,7,9,13,18,22, 26].
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар: 1. Алициклді қосылыстардың құрылымдық сипаттамасы, олардың алифатты заттарға сәйкестігі және химиялық өзіндік ерекшелігі.
2. Циклоалкандар (циклопарафиндер). Мұнайдың, нафтендердің құрамы.
3. Алициклді қосылыстардың изомериясы түрлері. Стереоизомеризм: геометриялық, оптикалық және конформациялық. Байер мен Питцердің стресс концепциясы. Циклопропанның электрондық құрылымы, «банан байланысы».
4. Физикалық қасиеттері.
5. Табиғи алициклдер. Терпендер және терпеноидтар туралы түсінік.
6. Алифаттық терпендер.
7. Моноциклді терпендер.
8. Бициклді терпендер.
9. Трициклді терпендер.
10. Циклоалкандардың жалпы формуласы қандай?
11. Циклоалкандарды алудың қандай жолдары мен əдістерін білесіз?
12. Циклопропанның көміртек атомдарының sp3-гибридтік орбитальдары қалай бағытталған?
13. Циклогексан молекуласы қандай конформацияларды қабылдай алады?
14. Циклоалкандарға нендей химиялық қасиеттер тəн?
15. Циклоалкандар мен олардың туындылары қайда қолданылады?