Білім беру бағдарламасы Құрастырушы: Айтуганова Сауле Гараповна, педагогика ғылымдарының 3



бет49/88
Дата19.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#108402
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   88
Ароматты альдегидтер - молекулаларында альдегид тобы бензол ядросымен немесе бүйірлік тізбектің көміртегі атомымен байланысқан органикалық қосылыстар. Бірінші типтегі альдегидтердің атаулары, әдетте, оларға сәйкес келетін ароматты қышқылдардың атауларынан жасалады - оларға тотығу кезінде айналады. Ароматты альдегидтер - суда ерімейтін сұйықтықтар. Ащы бадамның (горького миндаля) иісі бар. Альдегид тобы ядродан алыстағанда, иіс айқынырақ болады.
Ароматты кетондар - молекулаларында карбонил тобы екі арил радикалмен байланысқан органикалық қосылыстар. Егер карбонил тобымен байланысты радикалдардың бірі арил болса, екіншісі алифатты болса, онда мұндай кетондар май – ароматты деп аталады. Ароматты кетондар көбінесе радикалды принцип бойынша аталады (радикалды функционалды номенклатура). Ароматты кетондар - сұйықтықтар немесе қатты заттар. Суда ерімейді. Көптеген кетондардың жағымды гүлді иісі бар (мысалы, ацетофенон құс шиесінің ө черемуха иісі бар).
Ароматты карбон қышқылдары - молекулаларында бензол ядросымен немесе бүйірлік тізбектің көміртегі атомымен тікелей байланысқан карбоксил тобы бар органикалық заттар. Ароматты қышқылдардың химиялық қасиеттері карбоксил тобымен, сондай-ақ онымен байланысты бензол ядросымен анықталады. Ароматты қышқылдар алифаттық қатардағы қышқылдар үшін қарастырылған барлық негізгі химиялық түрлендірулермен сипатталады.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1,3,5,6,7,9,13,18,22, 23, 25,26].
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Ауыстырылған ароматты альдегидтер. Оксиальдегидтер.

  2. Хинондар.

  3. Ауыстырылған бір негізді ароматты қышқылдар: галогенбензой, нитробензой, сульфобензой.

  4. Дигидроксиаромат қышқылдары.

  5. Тригидроксиаромат қышқылдары.

  6. Бүйірлік тізбекте гидроксилі бар ароматты гидроксиқышқылдар.

  7. Ароматты аминқышқылдары.

  8. Глипталды шайырлар. Полиэфир талшықтары, лавсан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет