Білім беру бағдарламасы Құрастырушы: Айтуганова Сауле Гараповна, педагогика ғылымдарының 3



бет38/88
Дата19.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#108402
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   88
Аминоқышқылдар деп көмірсутек радикалында бір немесе бірнеше сутек атомдарының орнын аминотоп NH2 басқан карбон қышқылдары аталады.
Аминоқышқылдар құрылысы жəне изомериясы бойынша көбінесе гидроксиқышқылдарға ұқсас.
Аминоқышқылдардың изомериясы, гидроксиқышқылдардікі сияқты, көміртек- тік тізбектің құрылысымен жəне функционалдық топтың орнымен қамтамасыз етіледі. Глициндегі аминотоп карбоксил тобымен көршілес көміртек атомында орналасқандықтан бұл қышқыл α-аминоқышқылға жатып, жүйелік номенклату- ра бойынша 2-аминоэтан қышқылы деп аталады. Аминоқышқылдар үшін жал- пы қолданысқа тривиалды атаулар да енгізілген, сонымен, α-аминосірке қыш- қылын глицин деп атайды.
Карбоксилға қатысты амино топтың орнын гидроксиқышқылдардағы сияқ- ты грек алфавитімен немесе сандармен көрсетуге болады. Мысалы: CH3C*H(NH2)-COOH - аланин, α-аминопропион қышқылы, немесе 2-аминопропан қышқылы.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1,3,5,6,7,9,13,18,22, 26].
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
(дәріс сұрағы бойынша).


Дәріс №17.
Тақырыбы: Көмірсулар. Моносахаридтер.
Дәріс мақсаты: көмірсулар, моносахаридтер олардың жіктелуің, құрылымын, алу тәсілдерін, қасиеттерін, оптикалық изомериясын зерттеу.


Дәріс жоспары:
1. Жіктелуі. Құрылысы, стереоизомерия, физикалық және химиялық қасиеті, олардың жеке өкілдері және табиғи көздері, биологиялық маңызы.
2. Моносахаридтер. Альдозалар, кетозалар. Құрылыс туралы ілім. Таутомерлі формалар: ашық, фуранозды, пиранозды. Оптикалық изомерия.
3. Құрылымдық және проекциялық формулалар, антиподтар, диастереомерлер. D- және L-сериялары, глицеральдегидтің конфигурациясымен байланысы. Оптикалық изомерлер саны, Фишер формуласы.
4. Сақина тізбекті таутомерия, мутаротация, α- және β-формалар (аномерлер). Гемиацетальды гидроксил, гликозидтер. Перспективті Хеуорзс формулалары, пираноза және фураноза циклдері. Пираноза сақинасының конформациялары: «кресло» және «ванна», осьтік және экваторлық байланыстар.
5. Моносахаридтерді алу әдістері.
6. Химиялық қасиеттері. Карбонилді тізбектің реакциялары. Эпимеризация. Циклдік формалардың реакциялары. Гемиацетальды гидроксилдің қасиеттері, оның басқа гидроксил топтарынан айырмашылығы. Қышқылдардың пентоздарға әсері (фурфурол түзілуі). Гексозалардың спирттік ашытуы туралы түсінік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет