Білім беру бағдарламасы тарих бойынша жұмыс дәптері нұр сұлтан 2021 шартты белгілер



бет59/66
Дата26.11.2023
өлшемі4,92 Mb.
#128189
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66
Топтық жұмыс
4-тапсырма: ұсынылған тапсырмалар нұсқаларымен (18-23 слайдтар) танысып шығыңыз, мәтінмен жұмыс істеудің қай тәсіліне сәйкес келетінін анықтаңыз және тарих сабақтарында оқу сауаттылығының дамуына қаншалықты әсер ететінін бағалаңыз



А-тапсырма: РАПАНУИ
Профессор блогы
23 мамыр, сағат 11:22-де жарияланды.
Бүгін тереземнен сыртқа қарай қараған кезде, кейбір жерлерде Пасха аралы деген атаумен белгілі осы жерге, Рапа-Нуиге деген қызығушылығымның көрінісін көремін. Жасыл шөптер мен бұталар, көк аспан және көне әрі бүгінде сөнген жанартаулар төңірек аясынан орын алады.
Бұл аралдағы соңғы аптам екенін ойласам, жаным жабырқап қалады. Аймақтағы жұмысымды аяқтадым, енді үйге қайтуым керек. Тоғыз ай бойы зерттеген моайды, яғни аралдың мүсіндерін және құздарын бүгін кешке аралап, олармен қоштасамын. Мына жерде көптеген мүсіндердің суреті берілген.

Егер, осы жылы менің блогыма көз жүгіртетін болсаңыз, Рапа-Нуидегі адамдардың жүздеген жылдар бұрын моай мүсіндерін жасағаны туралы біле аласыз. Бұл көз тартарлық моай мүсіндері аралдың шығыс бөлігіндегі жалғыз карьерде жасалған. Олардың кейбірінің салмағы мыңдаған килограммға дейін жеткен бірақ, Рапа-Нуи тұрғындары ол мүсіндерді ешқандай көтергіштерсіз немесе қандай да бір ауыр жабдықсыз карьерден басқа орынға көшіре алған.
Көптеген жылдар бойы археологтарға бұл ауыр мүсіндерді қалай жылжытқандары белгісіз болды. Ол 1990 жылдарға дейін жұмбақ болып келді, алайда, Рапа-Нуи тұрғындары мен археологтар тобы моай мүсіндерін өсімдіктен жасалған арқандарды және аралда бір рет бүршік жарған үлкен ағаштардан жасалған ағаш шығыршықтар мен соқпақтарды пайдалану арқылы көтеріп, тасымалдауға болатынын көрсетті. Сөйтіп, моай мүсіндерінің құпиясы ашылды.
Алайда, ашылмаған тағы бір құпия бар. Моай мүсіндерін жылжыту үшін пайдаланылған өсімдіктер мен үлкен ағаштарға не болды? Жоғарыда айтып өткендей, тереземнен сыртқа қарағанда шөптер мен бұталарды, екі немесе үш ағашты көремін, бірақ үлкен мүсіндерді жылжыта алатындай ешнәрсе көрмеймін. Бұл қызықты жұмбақты болашақта жазатын жарияланымдарымда және дәрістерімде қарастырамын. Оған дейін бұл құпияны өздеріңіз шешуге тырысып көрулеріңізге болады. Джаред Даймондтың Коллапс атты кітабынан бастауға кеңес беремін. Коллапс кітабынашолужасауеңжақсыбастама.

Рапа-нуи тапсырмасы // https://pisa2018-questions.oecd.org/platform/index.html?user=&domain=REA&unit=R551-RapaNui&lang=kaz-KAZ&_ga=2.65546472.770625320.1621651178-1267808648.1621651178




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет