Студенттердің аудиториядан тыс өз бетінше атқаратын жұмысы. БӨЖ-ді міндетті түрде орындау керек. БӨЖ орындалмаған жағдайда студент аралық бақылауды тапсыруға жіберілмейді.
БӨЖ-дің орындалу критерийлері.
БӨЖ түрі: «MSQ А-типті форматтағы тест тапсырмаларын құрастыру».
Әр студент дұрыс жауаптары көрсетілген 15 тест тапсырмасын өз бетінше құрастырады. Тесттегі сұрақ келесі талаптарға сай болуы керек:
-адекваттылық (валидтілік) – тақырыпқа сұрақтың сай болуы;
-тесттің жалпыға түсінікті болуы – сұрақтар мен жауаптардың нақты болуы, жалпыға белгілі терминдер мен атаулардың қолданылуы;
-қарапайымдылық – бір тест тапсырмасында күрделілігі бір деңгейдегі тапсырма болуы керек;
-тест тапсырмалары сұрақ түрінде емес, мәлімдеме түрінде жасалуы керек;
-тапсырмада «жоқ» жұрнағы қолданылмауы керек».
Тест тапсырмаларының түрі жабық түрі.
Жабық түрі – бір дұрыс жауабы бар– тест тапсырмасы. негізгі сұрақ, жауаптардың саны 5 болады (А, В, С, D, Е) оның ішінде біреуі дұрыс, ал қалған төртеуі – дистракторлар (шындыққа үйлесетін, тең, дұрыс жауаппен). Егер сұрақтың мәні салыстырмалы түрде болса, «әдетте», «негізінен», «ең бастысы» т.с.с. сөздермен аяқталады. Тест жауаптарын құрастырғанда дистракторлар ретінде немесе дұрыс жауапта «жоғарыда аталғандардың барлығы», «жоғарыда аталғандарда жоқ», «барлық жауап дұрыс емес», «барлық жауап дұрыс» деген сөздерді қолдануға болмайды. Барлығы 10 тест тапсырмасын жасау керек, оның ішінде күрделілігі бірінші когнитивті деңгейдегі – 5 тапсырма болады (орындауға, тануға арналған тапсырма), күрделілігі екінші когнитивті деңгейдегі – 3 тапсырма (түсінуге арналған тапсырма), күрделілігі үшінші когнитивті деңгейдегі – 2 тапсырма (қолдануға арналған тапсырма)
Бағалау критерийлері:
- тест тапсырмалары мазмұнының тақырыпқа сәйкестігі;
- тест тапсырмаларына ең маңызды ақпаратты қосу;
- күрделілік деңгейі бойынша тест тапсырмаларын құрастыру;
- дұрыс жауап эталондарының болуы, оларды түсіндіруі;
- мәтінді безендіру сапасы (тазалық, эстетика, өзіндік ерекшелік);
- плагиатқа тексеру;
- тест тапсырмаларын оқытушыға тексеруге уақтылы тапсыру.
Тест тапсырмаларын бағалау шкаласы
Дәстүрлі баға
Балл
Сипаттама
Өте жақсы
90-100
Талаптарға сәйкес орындалған, көлемі толық, плагиат тексеру жауаптың түпнұсқалығының жоғары дәрежесін көрсетеді.
Жақсы
70-89
Талапқа сай орындалған, бірақ толық емес, плагиатқа тексеру 70-85% деңгейінде жауаптың түпнұсқалығын көрсетеді.
Қанағаттанарлық
50-69
Тест тапсырмаларының жартысынан көбі талапқа сай әзірленген, әр түрлі күрделілік деңгейіндегі тапсырмаларды дайындау және тест құрастыру сапасы бойынша ескертулер бар, плагиатты тексеру 55-69% деңгейінде жауаптың түпнұсқалығын көрсетеді.
Қанағаттанарлықсыз
≤49
Тест тапсырмаларының көпшілігі талапқа сай емес, тапсырма толық орындалмаған, плагиатқа тексеру 50%-дан төмен.