12. Білім деңгейін бақылаудың қорытынды нысанын бағалау. Білімді бақылаудың қорытынды нысаны оқытудың соңғы нәтижелерін тексеруге, студенттердің «Жалпы патофизиология» пәнін оқу нәтижесінде алған теориялық білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын меңгеру дәрежесін анықтауға бағытталған.
«Жалпы патофизиология» пәні бойынша студенттердің білімін бақылаудың қорытынды формасын бағалау критериалды жүйе бойынша жүргізіледі. Қорытынды бақылау нысаны бойынша максималды балл – 100, оның ішінде:
50% – «Жалпы нозология» немесе «Типтік патологиялық процестер» бөлімдерінен 1 теориялық сұрақ, «Гипоксия» және «Қышқылдық-негіздік жағдайлардың бұзылыстары» тақырыптарын сұрақ берілмейді.
25% - «Гипоксия» тақырыбы бойынша 1 тапсырманы орындау:
15% - қанның газ құрамының көрсеткіштерін патофизиологиялық тұрғыда талдау арқылы гипоксия түрін анықтау және қорытындыны негіздеу; 10% - тақырып бойынша теориялық сұраққа жауап. 25% - «Қышқылдық-негіздік жағдайдың бұзылыстары» тақырыбы бойынша 1 тапсырманы орындау:
15% - қан мен зәр параметрлеріне патофизиологиялық талдау және барлық жіктеу критерийлері бойынша ҚНЖ бұзылуының типтік түрін анықтау, қорытындыны негіздеу; 10% - тақырып бойынша теориялық сұраққа жауап.
Жіберілу рейтинг бағасының (ЖРБ) кемінде 50% жинаған және барлық келмеген сабақтарын өтеген студенттер емтиханға жіберіледі. ЖРБ аралық бақылау бағаларынан тұрады және келесі формула бойынша есептеледі:
ЖРБ = РАБ / n, бұл жерде:
РАБ – аралық бақылау бағаларының орташа арифметикалық жиынтығы.
n – аралық бақылау (коллоквиум) саны
Баллы
Жазбаша жауапты бағалау критерилері
50
Студенттің жауаптары тапсырмадағы сұрақтарға толық сәйкес келеді, жауаптардың құрылымы анық, мазмұндауы сауатты және ұқыпты, теориялық материалды терең түсінуге негізделген: қорытындының негіздемесі бар ағзалар мен жүйелер патологиясының типтік түрі дұрыс анықталған, патологияның типтік түрінің нақты тұжырымы берілген, негізгі жіктемелік тәсілдер ұсынылған, патологияның типтік түрінің дамуының этиологиялық және патогенездік факторлары бойынша дәлелді жауап берілген, патологияның типтік түрінің дамуының патофизиологиялық ерекшеліктері дұрыс көрсетілген. Сұрақ бойынша білім деңгейі пәнішілік және пәнаралық байланыстар жүйесінде түсіндірілген. Жауап барысында заманауи медициналық ғылыми терминологияларды пайдаланған. Материал дұрыс жинақталып, дәлелді қорытынды жасалған. Жауап беру кезінде студент негізгі және қосымша әдебиеттерде берілген материалдарды көрсете білген.
45
Сұрақтың жауабы тапсырмадағы сұрақтарға толық сәйкес келеді, жалпы нозология және типтік патологиялық процестер, ағзалар мен жүйелер патологиясының типтік түрлері туралы саналы білімдердің жиынтығы көрсетілген. Бірақ бір-екі дәлсіздіктер бар. Жауаптардың құрылымы анық, мазмұндауы сауатты және ұқыпты, теориялық материалды терең түсінуге негізделген. Сұрақ бойынша білім деңгейі пәнішілік және пәнаралық байланыстар жүйесінде түсіндірілген. Жауап барысында заманауи медициналық ғылыми терминологияларды пайдаланған. Материал дұрыс жинақталып, дәлелді қорытынды жасалған. Жауап беру кезінде студент негізгі және қосымша әдебиеттерде берілген материалдарды көрсете білген.
40
Студенттің жауаптары тапсырмадағы сұрақтарға толық сәйкес келеді, жауаптардың құрылымы анық, мазмұндауының бірізділігінде қайшылықтар бар, себеп-салдарлық қарым-қатынастарды сипаттаған кезде 1-2 қателіктер бар, дегенмен, есеп бойынша жалпы қорытындыға әсер етпейді; жалпы нозологияның негізгі түсініктерінің анықтамасы және категориялары, типтік патологиялық процесс, ағзалар мен жүйелер патологиясының типтік түрлері дұрыс анықталған, қорытынды дұрыс жасалған, бірақ бір-екі дәлсіздіктер бар. Сұрақ бойынша білім деңгейі салыстырмалы жақсы деңгейде түсіндірілген. Жауап барысында заманауи медициналық ғылыми терминологияларды пайдаланған. Материал жалпылама дұрыс жинақталған. Жауап беру кезінде студент негізгі әдебиеттегі және жартылай қосымша әдебиеттерде берілген материалдарды көрсете білген.
35
Жауап дұрыс, бірақ толық ашылмаған, жалпы нозологияның негізгі ұғымдары мен категорияларын, типтік патологиялық процестерді, ағзалар мен жүйелер патологиясының типтік формаларын анықтауда 2-3 елеусіз қателер бар. Студент себеп-салдарлық байланыстарды анықтауы қатесіз, алайда, маңызды және маңызды емес белгілерді дұрыс анықтай алмайдыды. Жауаптың мазмұны, құрылымды бірізділікті, логикалық сауатты жазылған. Пән бойынша бұрын оқылған тақырыптарды білудің орташа деңгейімен осы материалды меңгерудің салыстырмалы түрде жақсы дәрежесі көрсетілген. Жауаптарында медициналық терминдердің заманауи түсіндірмесі қолданылған, бірақ тұжырымда қателіктер бар. Жалпы материал дұрыс жинақталған. Қорытындылардың кем дегенде 2/3 бөлігі дұрыс. Жауап бергенде студент тек негізгі әдебиетте берілген материалдарды көрсетеді.
30
Жауап жалпылама дұрыс, бірақ терең ашылмаған, жалпы нозологияның негізгі ұғымдары мен категорияларын, типтік патологиялық процестерді, ағзалар мен жүйелер патологиясының типтік формаларын анықтауда 1-2 маңызды қателіктер жіберген. Студент себеп-салдарлық байланыстарды, маңызды және маңызды емес белгілерді дұрыс анықтай алмайдыды. Жауапты мазмұны, құрылымды бірізділікті, материалды логикалық жүйелеуінде кемшіліктер байқалады. Пән бойынша бұрын оқылған тақырыптарды білудің орташа деңгейімен осы материалды меңгерудің салыстырмалы түрде орташа дәрежесі көрсетілген. Жауаптарында медициналық терминдердің заманауи түсіндірмесі қолданылған, бірақ тұжырымда қателіктер бар. Жалпы материал дұрыс жинақталған. Қорытындылардың жартысы дұрыс. Жауап бергенде студент тек негізгі әдебиетте берілген материалдарды көрсетеді.
25
Жауап толық емес және жеткіліксіз ашылған. Баяндау логикасы мен реттілігінде кемшіліктер бар, тақырыптың негізгі ұғымдарын ашуда, медициналық терминдерді қолдануда қателіктер жіберген. Этиологиялық және патогенетикалық факторлар 50% ғана дұрыс көрсетілген. Пән бойынша бұрын оқылған тақырыптарды білудің әлсіз деңгейімен осы материалды игерудің әлсіз дәрежесі көрсетілген. Материал жартылай ғана жинақталған, қорытындылар жоқ. Жауап бергенде студент материалды толық көрсетпейді, тек негізгі әдебиеттерді пайдаланады..
20
Жауап толық емес, дәлелденбеген. Мазмұндауы логикалық бірізді емес, тақырыптың негізгі ұғымдарын ашуда, медициналық терминдерді қолдануда қателер бар. Этиологиялық және патогенетикалық факторлар 50%-дан азында дұрыс көрсетілген. Пән бойынша бұрын оқылған тақырыптарды білудің әлсіз деңгейімен осы материалды игерудің әлсіз дәрежесі көрсетілген. Қорытындылар жоқ. Талқыланып отырған мәселелердің мәнін толық түсіндірмеген. Студент материалды толық ашпаған, тек негізгі әдебиеттерді пайдаланған.
15
Жауап толық емес, жалпы нозология бойынша оқу материалының ең үлкен және маңызды бөлігін қамтуда іргелі қателер бар. Медициналық терминдер дұрыс емес, сөздердің көпшілігі қате. Материал типтік патологиялық процестердің этиологиясы мен патогенезі, ағзалар мен жүйелер патологиясының типтік формалары туралы шашыраңқы білімді көрсетеді. Ұсынуы қисынсыз, дәлсіздіктер бар. Материал қателікпен жинақталған, қорытындылар жоқ.
0
Жауаптар сұрақтарына сәйкес келмейді немесе мүлдем жоқ; есептерді талдауы дұрыс емес, жүйесіз, өрескел қателіктермен жүргізіледі; есептің ресімделуі нашар; патологияның типтік түрін, ағзалар мен жүйелер патологиясының типтік түрін анықтауда елеулі қателіктер жіберіледі, медициналық терминдер дұрыс пайдаланылмаған. Материал жинақталмаған, қорытынды жоқ. Сабақ тақырыбы бойынша негізгі әдебиеттерді білмейді.