11. Білімді бағалау критерийлері. Студенттердің бағдарламалық материалды меңгеру деңгейін және «Жалпы патофизиология» пәні бойынша алған теориялық білімдерін қолдана білу деңгейін тексеру студенттердің оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесіне сәйкес жиынтық түрде жүргізіледі және 100 - балдық шкала бойынша бағаланады.
Жиынтық бағалау педагогикалық журналда және «Платонус» электронды журналында балл қою арқылы пән бөлімін аяқтағаннан кейін ғана қойылады.
Аралық бақылауға сабақ қалдырмаған, қарыздарын өтеген және СРО – ның барлық тапсырмаларын уақытында орындаған студенттер жіберіледі.
«Жалпы патофизиология» пәні бойынша студент үш аралық бақылау тапсырады. Аралық бақылау жазбаша түрде жүзеге асырылады. Билетте күрделілігі үш когнитивті деңгейдегі 25 тест тапсырмалары және 1 жағдаяттық есеп берілген. Білімді бақылаудың әрбір формасының үлесі 50% құрайды.
Осылайша, "Патологиялық патофизиология" пәнінің әрбір тарауы бойынша жиынтық бағалауды (БРБ) есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
БРБ =(Т х 0,5) + (Же х 0,5), мұндағы Т – тест, үлес салмағы 50% құрайды,
Же – жағдаяттық есептің бағасы, үлес салмағы 50% құрайды.
Балл
Жағдаяттық есептерді бағалау критерилері
50
Студенттің жауаптары тапсырмадағы сұрақтарға толық сәйкес келеді, жауаптардың құрылымы түсінікті, мазмұндауы логикалық сауатты және нақты, теориялық материалды түсінуге негізделген: жалпы нозологияның негізгі ұғымдары мен категориялары дұрыс анықталған, типтік патологиялық процестердің дамуының этиологиялық және патогенетикалық факторларына дәлелді жауап берілген, клиникалық-лабораториялық зерттеу нәтижелерін интерпретациялау бойынша терең және дұрыс талдау жүргізілген.
45
Студенттің жауаптары тапсырмадағы сұрақтарға толық сәйкес келеді, жауаптардың құрылымы анық, мазмұндауы сауатты және ұқыпты, теориялық материалды терең түсінуге негізделген, қорытындының негіздемесі бар. Жалпы нозологияның негізгі түсініктерінің анықтамасы және категориялары, типтік патологиялық процесс дұрыс анықталған, қорытынды дұрыс жасалған, бірақ 1-2 дәлсіздіктер бар. Зерттеудің клиникалық-лабораториялық әдістерінің барлық нәтижелерін интерпретациялау бойынша дұрыс талдау жүргізілген.
40
Студенттің жауаптары тапсырмадағы сұрақтарға толық сәйкес келеді, жауаптардың құрылымы анық, мазмұндауының бірізділігінде қайшылықтар бар, себеп-салдарлық қарым-қатынастарды сипаттауында қателіктер бар, дегенмен, есеп бойынша жалпы қорытындыға әсер етпейді; жалпы нозологияның негізгі түсініктерінің анықтамасы және категориялары, типтік патологиялық процесс дұрыс анықталған, қорытынды дұрыс жасалған, бірақ терең түсіндірілмеген. Клиникалық-зертханалық зерттеу нәтижелерінің 3/4-яғни одан аз емес, интерпретациясы дұрыс жүргізілген.
35
Тапсырмадағы үш сұрақтың ішінен студент екеуіне дұрыс жауап берген, бірақ олардың теориялық негіздемесінде 1-2 қателер бар; жауаптардың құрылымы нақты емес, мазмұндауында бірізділік жоқ, себеп-салдарлық қарым-қатынастарды сипаттаған кезде қателіктер бар, дегенмен, есеп бойынша жалпы қорытындыға әсер етпейді; жалпы нозологияның негізгі түсініктерінің анықтамасы және категорияларын дұрыс жазған, бірақ толық емес; клиникалық-зертханалық зерттеу нәтижелерінің 2/3-яғни одан аз емес, интерпретация дұрыс жүргізілген.
30
Тапсырмадағы сұраққа студент дұрыс жауап берген, бірақ олардың теориялық негіздемесі үстіртін жазылған, біршама қателер бар; жауаптары, мазмұндамасы бірізділікті емес; шешімнің реті оңтайлы емес; себеп-салдарлық байланыстарды сипаттауы логикалық жүйелі ; тапсырма нашар құрылымдалған. Клиникалық-зертханалық зерттеу нәтижелерінің 2/3-не интерпретация дұрыс жүргізілген.
25
Тапсырмадағы үш сұрақтың ішінен студент екі сұраққа дұрыс жауап берген, бірақ жауаптардың негіздемесі үстіртін, дөрекі қателіктер жіберген; жауаптары, мазмұндамасы бірізділікті емес, қисынсыз баяндалған; тапсырманың ресімделуі нашар құрылымдалған; жалпы нозологияның негізгі түсініктері мен категориялары, типтік патологиялық процесс жалпылама түрде берілген; клиникалық - зертханалық зерттеу нәтижелерінің 1/2 параметрі дұрыс интерпретацияланған.
20
Студент тапсырманың сұрақтарының жартысынан азына дұрыс жауап берген, бірақ дәлелсіз және толық негіздей алмайды; мазмұндаманың реті дұрыс емес, жалпы нозологияның негізгі түсініктері мен категориялары, типтік патологиялық процесі бойынша жауаптарында бірізділік жоқ; есептің ресімделуі нашар; клиникалық-зертханалық зерттеулердің интерпретациясы бойынша дұрыс талданғаны 1/2- ден аз.
15
Студент тапсырманың сұрақтарына дұрыс жауап бермеген, бірақ есепті шешу жолдары, мазмұндалу реті дұрыс емес. Жалпы нозологияның негізгі түсініктері мен категориялары, типтік патологиялық процесс бойынша жауаптары шашыраңқы, маңызды қателері бар; есептің ресімделуі нашар; тұжырымдар жоқ; клиникалық-зертханалық зерттеулердің интерпретациясы бойынша дұрыс талданғаны 1/3- ден аз.
0
Жауаптар есеп сұрақтарына сәйкес келмейді немесе мүлдем жоқ; есептерді талдауы дұрыс емес, жүйесіз, өрескел қателіктермен жүргізіледі; есептің ресімделуі нашар; жалпы нозологияның негізгі түсініктері мен категорияларын анықтауда елеулі қателіктер жіберіледі, медициналық терминдер дұрыс пайдаланылмайды; клиникалық-зертханалық зерттеу әдістерінің нәтижелерін интерпретациялау жоқ.