ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАРДЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР:
ПРЕПАРАТ № 1. Көпбұрышты жануарлар клеткасы (бауыр). Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен бауырдың кесіндісін табу қажет. Үлкен ұлғайтқышпен препараттың ортасынан көпбұрышты клетканы тауып, оның ядросы мен цитоплазмасын қарау керек. Ядрода – ядрошықты, ядро шырынын, хроматинді және ядроның қабығын анықтау қажет. Үлкен ұлғайтқышпен клетканың суретін салып, мыналарда белгілеу керек:
1. ядро
а) ядрошық
б) ядроның шырыны
в) хроматин
г) ядроның қабығы
2. цитоплазма
ПРЕПАРАТ № 2. Өсінді тәрізді жануарлар клеткасы (нейрон, жұлын). Күміс импрегнациясы.
Кіші ұлғайтқышпен жұлынның көлденең кесіндісінен, ақ және сұр заттарын табыңыздар. Сұр затта өсінді тәрізді нерв клеткасын көресіз. Үлкен ұлғайтқышпен клеткадағы ядро мен цитполазманы оқып, ядрода: ядрошық, ядро шырыны, ядро қабығының суретін салып, мыналарды белгілеу керек:
1. ядро
а) ядрошық
б) ядро шырыны
в) ядро қабығы
2. цитоплазма
ПРЕПАРАТ № 3. Пластинкалық жиынтық. Копш-Колачев бояуы /төрт валентті осьмий тотығы/.
Кіші ұлғайтқышпен қарап, жұлын түйінінің ашық ядролық дөңгелек пішінді нерв клеткаларын көресіздер. Үлкен ұлғайтқыштан ядро айналасындағы пластинкалық жиынтықтың суретін салып, мыналарды белгілеу керек:
ядро
цитоплазма
пластинкалық жиынтық
ПРЕПАРАТ № 4. Гликоген қосындылары (бауыр). Шик-реакциясы.
Кіші ұлғайтқышпен қызғылт түсті көпбұрышты бауыр клеткаларын көресіз. Үлкен ұлғайтқышпен қарағанда клеткалардың цитоплазмасында қызғылт түйіршікті гликоген қосындылары көрінеді, көпбұрышты клеткаларды салып, мыналарды белгілеңіз:
1. ядро
2. цитоплазма
ПРЕПАРАТ № 6. Митоз. Өсімдік клеткасы. Т.Г.
Кіші ұлғайтқышпен пияз түбінің кесіндісін көресіздер. Үлкен ұлғайтқышпен кариокинездің барлық фазаларын: профазаны, метафазаны, анафазаны, телофазаны тауып, суретін салып, мыналарды белгілеу керек:
1. профаза
а) тығыз шумақты сатысы
б) болбыр шумақты сатысы
2. метафаза
3. анафаза
4. телофаза
5. интерфаза